СЫР КҮРІШІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

63

0

СЫР КҮРІШІНЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫӨңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ауыл шаруа¬шылығы бас¬қар¬ма¬сының басшысы Бақыт Жаханов Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер мен сала бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақ¬парат құралдары өкілдеріне арнап брифинг өткізді.
Биылғы Жолдаудың төртінші бөлімінде Мемлекет басшысы аграрлық сектор – эконо¬ми¬каның жаңа драйверіне айналуы қажеттігін ерекше атап көрсеткен болатын. Сонымен бірге ауыл шаруашылығын мейлінше жандандыру мақсатында нақты 6 тапсырма берілді. Бұл міндеттер биылғы жылы жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік ке¬шенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. 
Облыс көлемінде ұсақ және орта шаруа¬шылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту бойынша бүгінгі күні 214 ауыл шаруа¬шылығы кооперативі құрылды. Ал осы жылы жеке, қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен барлығы 19 ауыл шаруашылығы коопера¬тив¬терін құру жоспарланып, оларды «Нә¬ти¬желі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ¬дар¬ламасы» аясында қаржыландыру көз¬делуде. Айта кетейiк, өңірдегі 15 кооператив «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы 933,5 млн теңге қаржыға 5649 бас мүйізді ірі қара алуға қол жеткізген. Ал ішкі нарықты молықтыру және отандық өнімнің экс¬порт¬тық әлеуетін дамыту бағытындағы жұмыстар 2017-2020 жылдарға арналған облыстың агроөнеркәсіп кешені дамуы¬ның агрокартасы аясында жүзеге асы¬рылмақ.
Айталық, күріш жармасын қымбат нарық¬тарға шығару мақсатында «Ақтөбе и К» ЖШС арқылы Иранда сұранысы жоғары Торем Хошеми сортын биыл 100 гектар жерге егіп, 60 тонна ақ күрішті экспорттау, сондай-ақ, 2020 жылға қарай күріш егісінің көлемін 5 мың гектарға ұлғайтып, Иран Ислам Республикасына 8 мың тонна күріш өткізу жоспарлануда. Сонымен бірге, ирандықтар Сыр өңірінде өсірілетін күріштің «Новатор» сортына қызығушылық танытып, «Сыр Маржаны» ЖШС арқылы күрішті экспорттау мәселесіне байланысты жұмыстар жүргізілуде. Ал бақша дақылын өндірістік негізінде егу көлемін ұлғайту арқылы Ресейде сұранысы жоғары қауын сорттарын егіп, Сыр қауынын экспорттау жұмыстары жалғаса бермек.
– Мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын тиімді пайдалану үстіміздегі жылы облыс бойынша 168,7 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр. Оның ішінде дәндi дақылдар – 84,5 мың, майлы дақылдар 7,4 мың, мал азықтық дақылдар – 60,1 мың, картоп, көкөнiс, бақша 16,7 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл – күрiштің көлемі 78,4 мың гектар. Оның 81973 гектары егіліп, 74780 гектары суға бастырылды. Осылайша күріш егу жұмыстары жалғасуда. Ал, мал шаруашылығы саласы бойынша облыс көлемінде 307,2 мың бас мүйізді ірі қара, 762,9 мың бас қой мен ешкі, 118,5 мың бас жылқы, 43,0 мың бас түйе, 2,8 мың бас шошқа және 86,1 мың құс өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 7,5, қой мен ешкі – 3,6, жылқы – 13,2, түйе – 3,3, құстың саны 2,5 пайызға көбейді. Сондай-ақ, есепті кезеңде облыс бойынша барлығы 10 086,5 тонна ет (тірі салмақта), 22 805,7 тонна сүт, 1 115,3 мың дана жұмыртқа өндірілді, – деді басқарма басшысы Б.Жаханов.
Ал жылдам дамытуды қажет ететін салалар анықталып, оған жылыжай және жеміс-жидек өнімдерін өндіру, құс шаруашылығы, майлы дақылдар, көкөніс, бақша, картоп өнімдерін өндіру жат¬қы-зылды. Осы бағытта жылыжай өндірісі көлемін 5 гектарға дейін  ұлғайту, құс шаруашылығын  дамыту жұмыстары қолға алынды. 
Бақшалық, ашық топырақтағы кө¬к¬ө¬ністер және жеміс-жидектердің егістік көлемінің кемі 20 пайызына тамшылатып суару әдісін қолдана отырып, бақшалық дақылдар үшін – гектарынан 50 тонна, көкөніс және жеміс-жидек үшін – 40 тонна өнім алу мақсатында Жаңақорған ауданы «Тату агро» шаруа қожалығында биыл 200 гектарға қызанақ егілді. Жалпы, облыста АӨК дамыту және экспорттық әлеуетін арттыру бағытында 2017-2020 жылдар аралығында құны 30 млрд теңге тұратын 99 жобаны жүзеге асыру жос¬парланып отыр.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ,
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ (сурет).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз