«СЫР МЕРЕЙІ» – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАСТАУЫ

105

0

Наурыз мерекесі қарсаңында облыс әкімінің қолдауымен «Сыр мерейі» қайырымдылық акциясы өтуде. Кеше аталған шара аясында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік өнімдерін үлестірді.
Айта кетейік, «Сыр мерейі» акциясы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен 15 наурыздан бастап жүргізілуде. Аталған акция наурыз айының аяғына дейін жалғасады. Бүгінгі шарада 50 азаматқа азық-түлік өнімі берілді. Сондай-ақ, мұнан бөлек 200 отбасына да азық-түлік өнімдері үйлеріне жеткізілді. «Сыр мейірімі» қоғамдық-әлеуметтік қоры¬ның атқарушы директоры Сапура Абдрахимова іргелі мұнай компаниясы ұйымдастырған игілікті шарадан басқа да мекемелер үлгі алып, жалғастырса деген тілегін жеткізді.
– Біздің негізгі мақсатымыз – аталған санаттағы отбасылар жағдайын түбегейлі жақсартпасақ та, қолымыздан келгенше көмек көрсету. Бүгін де шара аясында көп¬теген азаматтарға жәрдемдесіп, алғысын алудамыз. Осындай игілікті акцияға қолдау көрсеткен облыс басшысына алғысымызды білдіреміз, – деді Сапура Абдрахимова.

Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз