СЫР ӨНІМІ – ЕЛОРДАДА

86

0

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Елордада Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтті. Бұл жәрмеңке биыл осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқысы 3-4 маусым күндері ұйымдастырылған болатын.

Астана тұрғындары мен қонақтарына арнап Сыр өңірінен 30-дан астам өнім түрлері жеткізілді. Оның ішінде күріш, ара балы, жеміс-жидектер, көкөністер бар. 

– Өткен жылдан бастап бақша өнімдерін көршілес Ресей, Қырғызстан елдеріне экспортқа шығарудамыз. Міне, осындай даңқты Сыр қауынын ЭКСПО көрмесін пайдаланып, елордалықтарға да ұсынуды жөн көрдік. Өнімдер Астана әкімдігімен келісе отырып, халыққа қолайлы бағаға сатылуда. Тағы бір айтарымыз, бұл өнімдер – жеке кәсіпкерлердің тауарлары, көлік тасымалын атқарушы билік қамтамасыз етіп отыр, – деді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бақыт Жақанов. 

Қызылорда облысы жаһандық көрме кезінде барлығы төрт жәрмеңке өткізуді жоспарлаған. Бұл жолы құны 75 млн теңге болатын он екі көлікпен 200 тоннаға жуық өнім әкелінді. Сыр өңірінен 26 тауар өндірушісі қатысты. Осыдан кейін 5-6 тамызда және 15-16 қыркүйекте өтеді. Ол кезде өнім түрлері де мол, баға мұнан да төмен болмақ.

Н.САҒАТҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз