Сырдариялықтар – Қазақстан кубогының иегері!

123

0

Тараз қаласында көгалдағы хоккейден ерлер арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогында  жерлестеріміз «Қайсар» командасы  алтын жүлдені жеңіп алды.

Облыс құрама команда сапында сырдариялықтар Нұрхан Сансызбаев, Бақытбек Сәрсенбайұлы, Мұрат Ешпанов, Бақытбек Тәшенов, Ғалымжан Әлиев, Ақниет Жолдыбай, Диас Әлжанов, Ерасыл Қайқыбеков, Шыңғыс Сейітқалиев, Елдос Сейткереев, Нұрлыбек Ұзақов, Асхат Зұлпыхаров, Жалғас Ибадуллаев, Дәулет Әлиев, Мағжан Төрәлиев, Олжас Әуезхан,  Асхат Ермағанбетов және қазалылық Мұқағали Сансызбаевтарөнер көрсетті.

Жерлестеріміз 2016 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ, индор хоккейден  әйелдер командасы биылғы жылы Катарда өткен Азия кубогында  1-орынды иеленіп, келесі жылы Германияда болатын Әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алған болатын.

Сырдария ауданы «Қайсар» ойын түрлері спорт клубында тәлім алатын  спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.

Ендігі мақсат – биылғы жылдың тамыз айында көгалдағы хоккейден ерлер арасында өтетін Ресей елінің ашық чемпионатына қатысу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз