
Конкурстың қазылар алқасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры, Абай атындағы опера және балет театрының солисі, «Құрмет» орденінің иегері Бейімбет Қожабаев, хореограф, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Құралай Сарқытбаева және облыстың белгілі музыка мамандары, Қызылорда музыкалық колледжінің оқытушылары болып, талапкерлердің өнерін сарапқа салды. Конкурстың қорытындысымен жеңімпаздар анықталып, жүлдегерлер диплом, ақшалай сыйлықпен және осы фестивальға арнайы дайындалған ескерткіш-сувенирлермен марапатталды.
М.МЕРЕЙ.