ТАБЫСТЫҢ КІЛТІН ТАПҚАН КӘСІПОРЫН

71

0

ТАБЫСТЫҢ КІЛТІН ТАПҚАН КӘСІПОРЫНӘлемдегі дамыған
отыз елдің қатарына кіру бағытындағы міндеттер Президенттің «Ұлт жоспары –
100 нақты қадам» маңызды құжатында егжей-тегжейлі
баяндалған. Оны жүзеге асыру жолындағы талапты ойдағыдай орындап келе жатқан құрылымдар
қатарында «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-ның «СКК-Шиелі» филиалы да бар.

Өнеркәсіп орындарындағы жоспарланған шаруалардың тиісті мерзімінде
талапқа сай орындалуына тасымал жұмыстарының сапалы да, мерзімді орындалуының әсері
мол екендігі мәлім. Осы орайда біз әңгіме етіп отырған «Сауда-көлік компаниясы»
ЖШС «СКК-Шиелі» филиалы нақты кезеңде «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамының үлестес
кәсіпорындарына өз қызметін көрсетіп отыр.

«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалында заманауи құрылғылар
және автотракторлық техникалармен жабдықталған қуатты өндірістік база жасақталған.
Жұмысшы-қызметкерлер саны төрт жүздің үстінде.Филиал балансында 195 бірлік автотракторлық техника бар, оның ішінде қазіргі
заманға сәйкес үлкен жүк көтеретін күкірт қышқылын таситын «Рено» автокөліктері,
«Хюндай» және «Дэу» маркалы автобустар, «Хитачи» және «Хайдромек» маркалы жол құрылысы
механизмдері бар. Сондай-ақ филиалда «ТЭМ-2» маркалы 2 маневрлік локомотив және
«Мерседес-Бенц Унимог» маркалы локомобилі кәсіпорынның кірме жолында маневрлік жұмыстар атқарады.

«Сауда-көлік компаниясы»
Шиелі филиалы осы жылдың 1-тоқсанын жоғары
өндірістік көрсеткіштермен аяқтады. Оның ішінде, жүк тасымалдау, көлікпен қамтамасыз ету, жүк тиеп-түсіру жұмыстары
100 пайыздың үстінде асыра орындалды. Кәсіпорында жұмысшыларға әлеуметтік жағдайлар жасалып, олардың айлықтары уақытылы беріледі. Орташа жалақысы 113 мың теңге көлемінде. Сондай-ақ, ауданның саяси-мәдени өміріне белсене қатысып отырады.

– Еліміздің дамуына әр отандасымыз өзіндік үлесін қосуы тиіс.
Бiзде оған барлық жағдай жасалған. Президентіміздің жуырдағы АҚШ сапары кезінде
әлем тыныштығын сақтауды, соғыссыз өмірді қалайтын барша бейбіт халықтың көңілінен
шыққан «Әлем ХХІ ғасыр» манифесімен ұжым болып таныстық, насихаттадық. Біздің қол жеткізген жетістіктеріміздің барлығы тыныштықтың
арқасы, сондықтан қызметімізді осы құндылыққа
арнаймыз, – деді кәсіпорын басшысы БерікҚыдырбаев өз сөзінде.

Иә, ынтымақ бар жерде ырыс та бар, еңбек жетістігі де жоғары дәрежеде
жүзеге асады. Оған кәсіпорында сенімді негіз қаланған.

 

Нұрмахан ЕЛТАЙ.

Шиелі ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз