ТАРИХИ ШЕШІМ

89

0

ТАРИХИ ШЕШІМБүгін еліміз үшін маңызы зор тарихи шешім жүзеге асты. Елбасы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. 
Мемлекет басшысы заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталғанын, оның жобасы бір ай бойы қоғамдық талқылаудан өтіп, соның нәтижесінде жұртшылық тарапынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін, арнайы құрылған жұмыс тобы ұсыныстардың барлығын сараптап, бір тұжырымға келгенін айтты. Сонымен бірге, көпшіліктің Ата Заңдағы 26-бапқа өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысқа қатысты пікіріне ерекше мән берілгенін жеткізді.
Парламенттің бірлескен отырысында екі рет қаралып, қабылданған бұл заң билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлетіні, сол арқылы заң шығарушы билік пен Үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа ролі айқындалғаны айтылды.
Осы маңызды тарихи сәт еліміздің саяси кезеңінің басталғанын бізге анықтап беріп отыр. Бүгін тарихи құжатқа қол қою арқылы Елбасымыз қазақстандықтарға үлкен сенім артып отыр. Ендігі кезекте барлық күш-жігерімізді осы сенім мен жауапкершілікті ақтауға жұмсауымыз керек деп ойлаймын.  
Самұрат ИМАНДОСОВ,
облыстық қоғамдық кеңес төрағасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз