ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

94

0

Елбасы шешімімен 1997 жылдан бастап «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбан¬дарын еске алу күні» болып ресми бекітілген. Мемлекет басшысының қолдауы арқасында саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін тарих бетінде мәңгілік қалдыру мақсатында өте ауқымды шаралар қолға алынуда. Оларға арнап тұрғызылған ескерткіштер, олардың жатқан жерлерін іздестіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл тұрғыда Елбасы «Саяси қуғынға ұшы¬рағандарды еске алу күнінде: «Біздің мақсатымыз – жау іздеу емес, болған қасыретті ұмытпау, нақты тарихты білу, оны жазып қалдыру және біздің тұқым-жұрағаттарымыз білу үшін еске алып отыру» деген болатын.
Осы ретте Қызылорда облысында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумы  кең кө¬лем¬ді қамтығалы тұр. Оны ұйым¬дастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік меке¬месі және Қызылорда облы¬сының әкімдігі.
Мамыр айының 29-31 күндеріне есептелген шараның алғашқы сәтінде аймақтағы барлық ЖОО, колледж бен кәсіпорын базасында бейбітшілік сабағы жүреді. Сабаққа Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы  Президенті архиві, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, еліміздің және Түркияның  іргелі жоғары оқу орны өкілдері, ғалымдар қатысады, лекция оқылады. Мұнан соң Н.Ілиясов атындағы ауылда Қызылорда облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтеді. «Тең¬дессіз сый» акциясымен облыстық кітапханаға кітаптар топтамасын тарту жасайды.  «История Казахстана. Документы и материалы (1917-2012)» хрестоматиясының таныстырылымы өтеді.
«Қайырымды ел» ақциясымен Талсуат  ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады.
Өз кезегінде «Жібек жолы» сауда-сауықтыру орталығының кинозалында «Алжир» фильмі¬нің көрсетілімі жүреді. 
Арай ауданындағы жаңарған ескерткіш жанында таңертеңгі сағат 9.00-де  31 мамыр күні Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған митингі өтеді. Мұнан кейін Студенттер сарайында «Тар жол тайғақ кешу» атты тарихи-деректі көрмесі ұйымдастырылады. Ал, сағат 10.30-да «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» ғылыми-практикалық кон¬ференция жұмысы басталады. Конференция аясында пленарлық және сек¬циялық мәжілістер өтеді. Соңынан өңірлердегі Қазақстан халқы ассамблеясы хат¬шылығы меңгерушілерінің отырысына жалғасады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз