ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУДА ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҮЛЕСІ ЗОР

62

0

ТАТУЛЫҚТЫ САҚТАУДА ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҮЛЕСІ ЗОРОблыста 11 ұлттық-мәдени бірлестік бар. Ел бірлігі мен ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық мәдениетті, тіл мен салт-дәстүрді дамыту, жалпы рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға татар, славян, кәріс, грек, қырғыз, неміс, түрік, өзбек, шешен, еврей және «Қазақстанның орыс қауымы” қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы үлкен үлес қосуда. 
«Сыр медиа” ЖШС жанынан құрылған облыстық коммуникациялар орталығында өткен кезекті брифингте осы ұлттық-мәдени бірлестіктердің жыл бойы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары айтылды. Жақын арада Елорда төрінде өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы қарсаңында оның облыстағы хатшылығының басшысы Асылбек Жұмабаев БАҚ өкілдеріне кеңінен мәлімет берді.  
Өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ұлттық-мәдени бірлестіктер бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Мәселен, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы” республикалық мега-жобасының аясында шаралар өткізу айшықты оқиғалардың бірі болды. Маңғыстау облысының делегациясы Сыр еліне келіп, өнер көрсетті.  Ал осы жоба аясында біздің облыстың делегациясы Оңтүстік Қазақстан облысында болды. 
Қазақстан Халқы Ассамблеясы ХХ сессиясының қорытындылары былтыр маусым айында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен облыстық сессияда талқыланды. Соның нәтижесінде көптеген іс-шаралар қолдау тапты. Олардың ішінде ең маңыздысы «Сабантой-2014” Х республикалық мерекесін облыста өткізу жөніндегі бастаманы айтуға болады. Қыркүйек айында өтетін үлкен мерекеге Татарстан Президенті келеді деп күтілуде. Ал облыстық қала құрылысы кеңесінде биылғы жылы құрылысы басталатын Достық үйінің жобасы мақұлданды. 
Жұмада өткен брифингке өзге ұлттық-мәдени бірлестіктердің жетекшілері де қатысып, атқарылған іс-шаралар жөнінде айтты. Айталық,»Славяне” ұлттық-мәдени бірлестігі жанынан ашылған өнер клубының жетекшісі Сергей Горбачев бірнеше ұлт балаларының басын қосып,  үйірме жұмысын жандандырып келеді. Бұл жоба екі жыл қатарынан «Азаматтық Альянс” пен «Игілік” қорының қаржылай қолдауына ие болды. Үйірме жұмысына аз қамтылған отбасыларының балалары әр жексенбі күні келеді. Мұнда ағаштан түрлі бұйымдар жасап, суреттер салады. 
Айсәуле ҚАРАПАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз