ӨТЕЕВТІҢ ӨНЕГЕСІ

66

0

ӨТЕЕВТІҢ ӨНЕГЕСІҚазақтың тарихы сайын даладан
бастау, ауылдан нәр алатыны бұлтартпас ақиқат.Ауылды алтын бесікке теңейтініміз де сондықтан. Бұл ойым батыр әрі әулие саналатын Ақтан Ақайұлы атындағы елді мекенге қадам
басқанда бекемделе түсті. Ең алдымен кіреберістегі баба кесенесіне бұрылып,
тағзым жасадық. Жуырда ғана 250 жылдық мерейтойы дүркіреп аталып өткен Ақтан
батырға арналған еңселі кесененің күтімді екені алыстан аңғарылады. Маңайындағы
қолдың саласындай тізілген ну ағаш бізге жаужүрек сардардың соңынан ерген қалың
қолдай сезілді. «Мәңгілік ел» болуды мұраттаған қабырғалы қауымның тағылымды ісіне сүй­сіндік. Сәл алға
жылжығанда «Алтын адам» бейнесі
жанарымызға шалынды. Ұлтымыздың мерейін асыратын осынау мүсіннің қадір-қасиетін
ұлықтаған ауыл ағаларының парасат-пайымына ішіміз жылыды.

Ауыл ортасындағы айшығы күн
нұрымен жарқыраған Аллаһ үйі еріксіз кеудемізге имандылық дәрісін құйғандай күй
кештік. Осындағы азаматтардан «Әзілхан ишан» атындағы бұрынғы мешіттің ұзақ жылдар бойы елге қызмет
жасағанын, десе де уақыт ағымымен тозығы жеткендігін, мұны көрген ауылдың басты
инвес­торы, аудандық мәслихаттың депутаты Мінәжадин Өтеевтің жеке қаражатымен
мешіт салып болатын.

Жақсының жақсылығын айт.
Мінәжадин Сражадинұлы өз ауы­лыныңтыныс-тіршілігімен қатар аудандағы шараларға қолдау көрсетуден де
тартынбайды. Осы ретте өзім куә болған төмендегі жайтпен бөліссем. Бірде кабинетіме есімі елге жақсы
таныс отағасы іздеп келді. Өңі қуаныштан
алабұртып тұр. Айтуынша, Қарақұм беткейіндегі малға аса қажетті суы тартыла
бастаған бір бұлақтың қалпына келуінеМінәжадиннің септігі тиіпті. Менен соны көпшілікке жария етуді сұраған
еді, тілегін орындадық.

Халық қалаулысы мұнан басқа
жұртшылыққа тиімді істер тындырды. Қаракөлге көпір салдырды. Шәкеннің клубына қолұшын созды. Кенттен ардагерлер
үйінің бой көтеруіне үлесін қосты. Жалпы оның атқарған тірліктерін тізбектесең,
санынан жаңыласың. Елбасымыз өзінің Жолдауындағы кәсіпкерлерге бағыштаған
сөзінде «Бүгінгідей сын сағаттарда сіздерге үлкен жауапкершілік артылады.
Жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны заңдастырып, ашық
жұмыс істеңіздер. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. Өзімізді
өзіміз қамшылауымыз керек. Бізді ешкім сырттан келіп жарылқамайды», – дегені
мәлім. Мемлекет басшысының осы лебізі
Өтеевтің ұжымының қағидасы іспетті.

Ол басшылық жасайтын «Сыр маржаны» ЖШС-да 150-ге тарта адам еңбек етеді. Негізінен күріш егетін серіктестік биылғы орақта басты дақылдың әр гектарынан 45 центнерден өнім жинады. Нақты кезеңде серіктестік күріш өңдеуді
Оңтүстік Кореялық технологиямен жүргізеді. Зауытта сағатына 5 тонна күріш
ақталады. Екі ауысыммен жұмыс жасайтын зауытта жоғары сортты өнім шығарылады.
Күріш тұқымын жақсарту мақсатында алынған агрегат өзінің тиімділігін
дәлелдеуде.

Инвестиция көлемін ұлғайту,
жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін арттыру – Елбасы Жолдауында
қозғалған тапсырмалардың бірі. Мұндай қадам Өтеевтің ұжымына да тән. Осы
тұрғыда «Сыр маржаны» ЖШС 500 басқа арналған мал бордақылау алаңы құрылысын
қолға алған болатын. Таяуда іске қосылатын нысанның инвестициялық жобасын
ұсынушы әрі орындаушы да осы серіктестіктің өзі. Ақтан батыр ауылының Шеңгелді
учаскесінде орналасқан мал бордақылау алаңында 16 адам тұрақты жұмыспен
қамтылады деп күтілуде Жобаның
қаржыландыру көзі «Қаз агро қаржы» АҚ мен «Сыр маржаны» ЖШС болып табылады.
Инфрақұрылым құрылысы «Жол картасы» және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары
аясында жергілікті бюджет қаржысы есебінен салынуда. Олардың ішінде кірме жол,
электр жарығын жеткізу, ауыз су жайы қарастырылған. Сон­дай-ақ қызметкерлер
үшін екі тұрғын үй (10 пайыздық үлеспен), әкімшілік ғимараты бой көтерді. Мал
бордақылау алаңының негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке
тұрғындардан ірі қара ма­лын сатып алып, бордақылап, та­биғи таза ет өнімдерін
сату. Сол ба­ғытта «Қазагроқаржы» АҚ арқылы ли­зингтік тәсілмен Мәскеудегі
«Сельхозлидер» ЖШС-нан алынған шағын мал сою зауытының құры­лысы жүріп жатыр.
Осылайша ха­лық­тың ет өнімдеріне сұранысын қанағаттандыру межеленуде. Борда­қы­ға
қойылған қажетті азықпен қам­тылған мал тәулігіне 1100-1200 грамға дейін салмақ
қосады деп есептелуде. Мұндағы мал жасы мен тұ­қымына байланысты төрт ай
көлемінде бағылатын болады. Кейін
алаңның қуатын 1500 басқа ұлғайту ойда бар. Алаңның көлемі, мал азы­ғының
өзінде жеткілікті түрде әзірленуі бұған кепілдік етері хақ. Келешекте мал сою
зауыты туралған ет (фарш), ет филесін, шұжық дайындауды жолға қоймақшы. Іске
сәт, Мінәжадин.

 

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Қазалы ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз