ТЕЛЕЖУРНАЛИСТ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

191

0

«Қазақстан» ұлттық арнасының редакторы Нартай Аралбайұлы бүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенттер сарайында журналистер, осы мамандықта білім алушылар және баспасөз хатшыларымен кездесті.

«Бүгінгі журналистика: тәжірибе мен шеберлік» тақырыбындағы кездесуді облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырды. Н.Аралбайұлы қазіргі қазақ журналистикасының маңызы, ролі, мүмкіндіктері, кәсіби шеберлік пен тәжірибе, сараптамалық материал дайындау мәселелері жайында сөз қозғады. Бұған дейін бірнеше отандық телеарнада еңбек еткен ол – бүгінде ұлттық арнадағы «Мәселе» бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі. Көпшілік әріптесіміздің сөз саптауына, өзекті дүниелерді жаңғақша шағып, ашығын айтатынына тәнті.

– Еліміздегі ақпарат құралдары мемлекеттік және байбалам БАҚ боп бөлініп алды. Алғашқысы бірыңғай мақтауға құрылған, келесісі тек даттауға бейім. Журналист бейтарап болуы керек. Ақырына дейін ізденіп, барлық тараптың пікірін тыңдап, тең қорытынды шығаруы тиіс, – деді ол.

Рейтингі жоғары бағдарлама жетекшісі жас мамандарды кәсіби мүмкіндіктерін дамытуға шақырды.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз