ТЕҢІЗ ҰЛЫ

92

0

ТЕҢІЗ   ҰЛЫ
 
(Белгілі жазушы, журналист, қалам қайраткері,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Жанат Орынбайұлы Елшібек туралы сыр)
 
Талдықорған – ел кенті, 
Әр кез менің ойымда.
Туған жердің перзенті,
Қараталдың бойында.
Дүниеге кеп шыр еткен,
Қазақтың бұл Жанаты.
«Қызылбалық» түлеткен,
Темір топшы қанатын.
Әлқиссадан бастайық,
Белді бекем буған бар.
Тік тұрады қасқайып:
«Соғыстан соң туғандар»!
Әділетті бұл ғалам,
Қазынасын кем қылмас.
Бердіқұлов шыңдаған,
Ұстахана – «Лениншіл жас».
Бағын сөйтіп ашқан-ды, 
Қолқалап ед көп адам.
Кіл талантты жастарды,
Жазбай танып Шерағаң.
Отқа салды, суға да,
Қаламгер боп шыңдалды.
Толқындары тулаған,
«Қош бол, теңіз»… Жыр қалды.
Қызық еді-ау сол жылдар,
Қасына еріп жүріп ек.
Жаздым сонда мол жырлар,
Қалдым сосын іні боп.
Жақын келіп. Күлімдеп,
Жайып жомарт құшағын.
«Жігіт болсын ұлың!» – деп,
Сіз кескенсіз тұсауын…
Келем өмір өрінде, 
Алдымда – асыл ағалар.
Бала күнгі көңілде,
Қол бұлғайды жағалар.
Ой жіберіп әр тасқа,
Қыздырған құм табанын.
Жағалауда. Балқашта,
Көрдім ізін ағаның.
Боялды әлем көк түске,
Қиялдаймын отырып.
Ал мен үшін жетпіске,
Келгеніңіз өтірік.
Сияқтанар. Әр күнді,
Қарсы аласыз. Таң атып.
Талант аты сан қырлы –
Елшібектің  Жанаты!
                                                                               Бақытжан  АБЫЗОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз