ТЕҢІЗ ТӘЖІКСТАНҒА ДА ОРТАҚ

62

0

 ТЕҢІЗ ТӘЖІКСТАНҒА ДА ОРТАҚТәжікстан теңізден алыста орналасқанына қарамастан, 1993 жылы Халықаралық Аралды құтқару қорының тең құрылтайшысы болды. Өндірісті сумен қамтамасыз етуде, электр энергиясын өндіруде, халықты жұмыспен қамтуда Әмударияның маңызы жоғары. 
Суармалы егістікті арттыру, Арал теңізі бассейнінің су ресурсын игеру салдарынан әлем бойынша ауқымы жөнінен төртінші орында тұрған теңіз табаны құрғап қалды. Арал теңізі Тәжікстан мен Ауғанстаннан қарастырылған көлемде де, пайдаланылмаған да су алмайды. Өйткені судың пайдалы әсер коэффициенті өте төмен, 30-40 пайызға әзер жетеді. Суару технологиясының артта қалуы, демографиялық көрсеткіштің еселеп өсуі Арал теңізінің түбіне жетуі мүмкін. 
Қолда бар мәлімет аңқасы кепкен Аралдың қайта оралмас шегіне жеткенін айғақтайды. Оны бәз-баяғы қалпына келеді дей алмаймыз. Оның үстіне, төменгі ағысында орналасқан мемлекеттердің 85 пайыздан астамы суармалы егістікке тиесілі. 
Тәжікстан – трансшекаралық өзендер суы мен басқа да табиғи ресурстарды тиімді әрі әділетті түрде пайдалану бойынша халықаралық және аймақтық шаралардың бастамашысы. Біз осы бағыттағы жұмыстар нәтижелі болатынынан үміттіміз. Тәжікстан әлемдік қауымдастықтың қолдауымен өзінің қаржылық-экономикалық мүмкіндігіне қарай Аралды дамытудағы өткір проблемаларды шешу жөніндегі шараларға қатыса береді. Бұл қадам ортақ теңізі бар мемлекеттердің өркендеуіне, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік береді. 
Назирмад АЛИЗОДА, 
Тәжікстан Республикасының 
Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз