ТІГІНШІ ЗЕЙНЕП

234

0

ТІГІНШІ ЗЕЙНЕПБүгінгі кейіпкер Зейнеп Мырзабаева – ізденісі мол тәжірибелі тігінші. Оның жасаған оюлы көрпесі, кестелеп тігілген әсем дүниелері қызылордалықтардың жаппай сұранысында. Көз майын тауысатын шығармашылық еңбектің арқасында нәпақасын тауып, отбасының ұйытқысы болып отырған кейіпкеріміз түрлі той-томалаққа арналған сәнді киім де тігеді. Адамдарды жылы қабылдайтын Зейнептің тігін орны көпшілік сенімінен шыққан, тұрақты тапсырыс берушілер саны жетіп-артылады.
– Қолыма ине алып, іс тігуге жастайымнан жақын болдым. Сондықтан болар, бұл жұмысты ешқашан тастаған емеспін. Бастапқы кезде күн¬делікті тұрмысқа қажетті бұйымдар тігумен айналыстым. Алып кеткеннен кейін жарасымды, қонымды тұратын әрі сапалы келетін киімдер тіктім. Қазіргі кезде әр адамның бой-келбетіне үйлесімді, ең бастысы, ұлттық нақыштан ажы¬рамаған, заман ауанына лайық киім-кешек шы¬ғарып жүрмін. Тапсырыс берушілер арасында еуропалық үлгідегі дүние сұрайтындар бар. Бірақ ол дайын материалдан алынады және тігуге оңай келеді. Болашақтың еншісіндегі нəрсе болса да айтайын, алдағы күндері еуропалық киімдерді өзіміздің ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіріп, жарыққа шығарсам деген ой бар, – дейді ол.
Шынында, халықты заманға сай киіндіруде тігін¬шілердің атқаратын жұмысы қыруар. Олар өз ісін жақсы меңгерумен шек¬тел¬меуі тиіс. Себебі, ті¬гінші ісмерлер – заман ағымымен бірге өзгеріп, үнемі жаңарып отыратын көпшілік талғамын, көңілдегі көркем ойын жүзеге асырушы. Зейнеп Мырзабаева да өз ісінің маманы ретінде түрлі сән үлгілерін құлпыртып жасауға ниеттілер қатары¬нан. Кәсіби шеберлігінің жоғары дәрежеде ¬болуы өз алдына. Алға қо鬬ған мақсаты көп. Осы өнерді одан әрі дамы¬тып, жетілдірсем дейді. Сонымен қатар өз қо¬лыңнан шық¬¬қан -дү¬ние ыстық кө¬рінетінін, тұтыну¬шы¬лардың да күні-түні тынбай  дайындаған затыңды бағалауы, қол¬даныста ұс¬тауы іштей қуа¬ныш сыйлайтынын айтады. 
ТІГІНШІ ЗЕЙНЕП– Сәнді маталарды әсемдеп тігу асқан шыдамдылық пен шеберлікті талап  етеді. Оның үстіне қазақ халқының ой-сезімі қашанда табиғатқа жақын. Халқымыз гүлі жайқалған, жазиралы табиғат аясында жан тербейтін сұлулықты кө¬ріп осы өнерді меңгерген болар. Маталардағы ою-өрнектер, ондағы бір-біріне ұқсамайтын ерекшелік соның дәлелі іспетті. Ең бастысы, қолдан шыққан осы ұлттық дүниелер қазір жоға¬ры сұранысқа ие. Өзім қала орталығындағы «Қолөнер” дүкенінің тігін цехында жұмыс істегендіктен, жасаған бұйымдар көпшілікке осы дүкен арқылы жол тартады, – дейді кейіпкеріміз. 
Қалт етсе, қолына инесін алып іс тігетін, иә болмаса, ою ойып, кәдеге аспай қалған маталардан әртүрлі құрақ жасайтын шебер тігіншінің ісіне шын берілгені көрініп тұр. Мұны сіз оның таңнан қара кешке дейін талмай еңбектеніп, қарбаласқа толы жұмысының жемісін көруге асығатынынан-ақ байқай аласыз.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ,
Суреттерді түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз