ТIЛ – ТАТУЛЫҚ ТIРЕГI

87

0

ТIЛ – ТАТУЛЫҚ ТIРЕГIҚазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өткізді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысты.

Фестивальдің негізгі мақсаты – облыста мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халқының рухани бірлігін нығайту, отансүйгіштік сезімді арттыру болып табылады.

Мерекелік шара театр әртістерінің Алаш зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Б.Момышұлы, М.Әуезов­тер­дің бейнесін сомдап, көрініс көрсетуімен ашылды. Бұдан соң облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова құттықтау сөз сөйледі.

– Биыл «Тіл туралы» Заңның қабылдан­ғанына 25 жыл толып отыр. Бұл мереке республикамызда салтанатты түрде аталып, елімізде тұрақты татулық пен берекелі бір­лікті дәріптейтін, түрлі этнос өкілдерінің шынайы достық қарым-қатынастарын, туған Отанға деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық сезімдерін білдіретін айтулы мерекеге айналды. Этносаралық ынтымақтың арқасында еліміз қиындықтарды еңсеріп, экономиканы қарқынды дамытуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік алды. Еліміз дамыған 30 елдің қатарына ену үшін біз ұрпағымызды білімді, үш тілді еркін меңгерген азамат етіп тәрбиелеуіміз керек, – деді Ақмарал Шәрiпбайқызы.

Бұдан кейін этномәдени орталықтар өкілдері мен аймағымызда тіл саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар облыстың Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен, Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алғыс хатымен марапатталды.

Фестиваль барысында республика­лық байқауларда жүлделі орындарға ие болған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастары өнер көрсетті. Сонымен бірге, жиналған қауымға өнерпаздар концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Дәурен ОМАРОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз