Өткен жылы Қызылордада заманауи медицина орталықтары ашылды

68

0

Өткен жылы Қызылордада заманауи медицина орталықтары ашылдыЕнді онко және офтальмологиялық аурумен ауыратын науқастар өзге аймақтарға жол жүрмей-ақ, өз жерімізде жоғары білікті медициналық көмек ала алады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпан күні өткен халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
– 2016 жылдың қаңтар айында облыстық онкология орталығында алғаш рет онкопатологиямен ауыратын науқастарға паллиативті көмек көрсету мақсатында хоспис бөлімшесі ашылды. Бұрындары науқастар осы мәселемен, қайғы-қасіретімен бетпе-бет қалып жатты, ал қазіргі медицина олардың қоршаған ортаға бейімделуіне арналған белсенді шараларды қолға алуда, – деді облыс әкімі. 
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды ерте кезеңде анықтап, оларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында қосымша  мамандандырылған 32 кабинет ашылды. Нәтижесінде, прифилактикалық кабинеттермен қамтамасыз ету 46 пайыздан 88-ге пайызға өссе, кадрлармен қамту көрсеткіші 37 пайыздан 80 пайызға артты. Аудандарда осындай науқастарға наркотикалық анальгетиктердің қолжетімді болу мәселесі шешілді. 
Сондай-ақ, облыстық медицина орталығы жанынан науқастарға жоғары білікті медициналық көмек көрсететін офтальмохирургиялық орталық ашылды.
– Бұл өте маңызды, себебі, жыл сайын 600-ге жуық адам тәжірибелі офтальмологтарға операция жасату үшін Орынборға, Қазақстанның ірі қалаларына баруға мәжбүр болды. Сондықтан орталыққа заманға сай офтальмологиялық диагностикалық және емдеу құралдары алынды, бұл науқастардың басқа жерлерге баруын тоқтатып, бізде жасалатын ота санының екі есеге өсуіне мүмкіндік берді. Бүгінде орталық жұмысы жайлы оң пікір қалыптасқан, – деп атап өтті Қ.Көшербаев. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз