ТІЛІ БІРДІҢ – ТІЛЕГІ БІР

102

0

Бүгін Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Тілі бірдің – тілегі бір» тақырыбында облыстық жастар форумы өтті.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын насихаттап, облыстағы белсенді жастар мен мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт этнос жастарына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, үш тілді еркін меңгерген, аймағымызды республикаға танытып жүрген жастар қатысты.

Шараға қатысушыларды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев құттықтап, бірқатар этно-мәдени бірлестік жастары мен тіл жанашырларын республикалық, облыстық дәрежедегі Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапаттады.

Форум барысында бірқатар жастар еліміздің тіл саясатына байланысты баяндамалар жасады. Сонымен қатар, Қызылорда музыкалық колледжінің 3-курс студенті Р.Рызманов форумға қатысушылардың облыс халқына Үндеуін жариялады.

Облыстық форум Қазақстан халқы ассамблеясы «Жастар қанатының» төрағасы К.Луца мен шараға қатысушылар «Жаса, жаса, қазақ тілім!» патриоттық әнімен аяқталды.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз