«Тіл жанашыры» Құрмет белгісімен марапатталды

194

0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Тіл жанашыры-2017» республикалық байқауының лауреаттары марапатталды. «Тіл жанашыры» марапаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оны насихаттауға сүбелі үлес қосқан еліміздің елеулі тұлғаларына екі жылда бір рет табысталады.
Салтанатты шараға жиналған барлық лауреаттарға аталмыш құрмет белгісін ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұт Қасымбеков табыстады.
Биылғы жылы еліміздің дамуына, рухани, мәдени, әдеби саласына еңбек сіңіріп жүрген 37 азаматқа «Тіл жанашыры» сыйлығы табысталды. Олардың қатарында «Саутс Ойл» компаниясының президенті Серікжан Сейітжанов, «Қазақ КВН одағының» ҚБ президенті Есен Елеукенов, Ұлттық академиялық кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева, «Хабар» арнасының журналисі Тілеуқабыл Мыңжасар, кәсіпкер Бекзат Алтынбеков, павлодарлық тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегі, журналист Оксана Ласкутова, танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Құдайберген, Қазақстанның Аустриядағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Сарыбай, жерлесіміз «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» баспасөз хатшысы Елена Рыбина есімді тіл жанашырлары бар.
Облыстық, республикалық тіл байқауларында жеңімпаз атанып, мемлекеттік тілдің мәртебесі биік болуына сүбелі үлес қосып жүрген Еленаға «Марапатың құтты болсын!» – дейміз.
Облыстық ішкі саясат басқармасы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз