«ТОЙ БОЛАРДА» АТТЫ КОМЕДИЯ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

165

0

Өткен жұмада Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, драматург, белгілі әдебиет зерттеушісі Ə.Тəжібаевтың «Той боларда» атты 2 актілі комедиясының премьерасы өтті. 

Спектакльді аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған Халық театрының әртістері қойды. Спектакль қарапайым адамдардың басынан кешкен оқиғалар негізінде құрылған. Астарлы әзілге толы комедия әр пенденің өз теңін тауып, бақытты болуға жаралғанын суреттейді. Спектакльдің қоюшы режиссері Қ,Мысатаев, суретшісі Н.Манабаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз