ТРАНЗИТТІК ДӘЛІЗДІҢ БОЙЫНДАҒЫ ҚАРҚЫН

36

0

ТРАНЗИТТІК ДӘЛІЗДІҢ БОЙЫНДАҒЫ ҚАРҚЫНБиыл «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің 157 шақырымы пайдалануға беріледі. Бұл туралы кеше ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
«Былтырғы жылы біз жоспарға сәйкес «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің 806 шақырымын тиісті жағдайға келтіріп, автобанды реконструкциялап, оны тікелей пайдалану үшін беруге тиіс болатынбыз. Біз осы жоспарды толығымен орындадық, аталмыш автожолдың 812 шақырымы өткен жылы пайдалануға беріліп, онымен қозғалыстар жүзеге асып жатыр. Ал жоспарға сәйкес, биылғы жылы біз осы халықаралық автодәліздің 157 шақырымын автокөлік қозғалысы үшін ұсынатын боламыз», – деді ол. 
Оның айтуынша, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізін аяқтап, толығымен пайдалануға беру 2015 жылға жоспарланып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз