ТҮРКИЯМЕН ДОСТЫҚ ЖӘНЕ БАУЫРЛАСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӨТЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ

77

0

ТҮРКИЯМЕН ДОСТЫҚ ЖӘНЕ БАУЫРЛАСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӨТЕ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕОсы аптаның
бейсен­бісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мем­лекеттік сапармен
келген Түркия Республикасының Пре­зиденті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті.

 
Кездесу барысында қазақ-түрік қарым-қатынасын одан әрі нығайту,
байланыстардың кең ауқымы бойынша өзара ық­палдастықты арттыру мәселелері
талқыланды. Екі елдің Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, ин­вес­тициялық,
өнеркәсіптік, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы
байланыстарды тереңдету жолдарын қараcтырды. Мемлекет басшылары халықаралық
және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті жайттарды да қозғады. 
Қазақстан Президенті екі ел арасында орнаған достық және бауырластық
қарым-қатынас өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.
– Сіздің басшылығыңызбен Түр­кия соңғы 12 жылда зор та­быстарға жетті.
Ол эко­но­ми­ка­лық көрсеткіштері жағынан әлем­де 16-орында, бұл – бүкіл
халықтың еңбегі және Сіздің күш-жігеріңіздің нәтижесі, – деді Қазақстан
Президенті.
Р.Ердоған Қазақстан Прези­ден­­тіне былтыр Түркияға сапармен келіп,
инаугурация рәсіміне қа­тысқаны үшін ризашылығын білдірді.
– Әлемдегі күрделі эконо­микалық ахуал жағдайында Қазақстан қарқынды
дамып, елеулі табыстарға жетуде. Бұл бізді қуантады. Сондай-ақ мұнда таяуда
Президенттік сайлау өтеді. Мен Сізге зор табыс тілеймін, – деді Түркия
Президенті.
Мемлекет басшылары Қазақ­стан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі
стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысына қатысты.
Екі ел басшысының қаты­суы­мен өткен отырыс барысында түрлі салалардағы
екіжақты ықпал­дастықты нығайту мәсе­лелері, сондай-ақ «Жаңа Синергия»  бірлескен экономикалық бағдарламасын жүзеге
асырудың негізгі бағыттары қарастырылды. Н.Назарбаев Р.Ердоғанның елімізге әр
сапары екі елдің қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған елеулі табыстарға
толы болып келетінін атап өтті.
Қазақстан мен Түркия Президенттері қазақ-түрік бизнес форумында болды.
Іс-шараға екі елдің іскер топтарының 400-ден астам өкілі қатысты. Бизнес форум
аясында Қазақстан мен Түркия Президенттері өнеркәсіптің түрлі салаларындағы
түрік компанияларының инвестициясы арқылы жүзеге асырылған, болашағы бар 25
жобаны таныстырды.
***
Кеше, 17 сәуірде Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның
мемлекеттік сапары аясында екі елдің мемлекет басшылары Түркістан қаласына
келді. Онда Қазақстан мен Түркия Президенттері «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени
мұражайында болды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған Түркістандағы жаңа
мешітке барды.
 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз