ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

124

0

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІКеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызме­тінің облыстық филиалында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев­тың қатысуымен «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы мен өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны» тақырыбына арналған брифинг өтті. Жиында аймағымыздағы өткен жылы салынған құрылыс нысандары мен осы жылы салынатын тұрғын үйлер төңірегінде сөз болды.

Облысымызға «Өңірлерді дамытудың – 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үй
құрылысы мен оның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту шеңберінде
4381,8 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражат өткен жылғы құрылыс нысандарына
бөлінген қаржыдан 2 есеге кем. Дегенмен, аймағымызда 2015 жылы Елбасының «Нұрлы
жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында 13 млрд теңге қаржы инвестиция
тарту арқылы тұрғын үй құрылысының орны толтырылмақ. Бұл қаржыға «Қазақстанның
ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ желісі бойынша 78000 шаршы метрді
құрайтын 22 тұрғын үй және «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ желісі
арқылы 36,5 мың шаршы метрлік 13 тұрғын
үй салу көзделуде.

Айта кетейік, өткен жылы қалада мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде
жалпы көлемі 39000 шаршы метрді құрайтын 467 пәтердің құрылысы салынып, 133,9
шақырым инфрақұрылым желілері пайдалануға берілді. Ал биылғы жылы мемлекеттік
және инвестициялық қаржыландыру көздерін қосқанда 137000 шаршы метрді құрайтын
2090 пәтер және 158,4 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфра­құрылым желілері
пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда
аймағымыздағы жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары қарқынының 3,5 есеге артқанын
көрсетеді. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың II жартыжылдығында облыстық бюджеттен
тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымын дамыту саласына 847 млн теңге қосымша
қаржы бөлу жоспарлануда.

Аймағымызда көпқабатты тұрғын үйлер салуда жеке кәсіпкерлер де
белсенділік танытуда. Мәселен, биыл жеке құрылыс компаниялары өз қаражаттарына
22000 шаршы метрді құрайтын 202 пәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізіп,
пайдалануға беруді қолға алып отыр. Алдағы жылы «Өңірлерді дамытудың – 2020»
бағдарламасы шеңберінде облыстың тұрғын үй құрылысы мен оның
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту саласына 6081,2 млн. теңге
қаражат бөлінеді деп жоспарлануда. 2015 жылы облысымызға барлығы 16,8 млрд.
теңге қаржы бөлініп, ағымдағы жылы 47 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ,
осы жылдың соңына дейін 40 нысанды пайдалануға беру көзделсе, 7 нысанның
құрылысы 2016 жылы аяқталады. Қазіргі таңда 5 нысан мемлекеттік қабылдау
актісімен пайдалануға берілді.

Кенжетай БАЛҒАБАЙҰЛЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз