Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою

96

0

Облыста елді мекендерді және ауыл шаруашылығы алқаптарын су басу қауіпінің алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда. 2017 жылы «Су басу қатерінің алдын алу және жоюдың 2017-2020 жылдарға арналған кешенді шаралары туралы» Жол картасы қабылданды.

Жол картасы аясында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 171 шақырымды құрайтын 95 нысанға жөндеу – қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2017 жылғы су тасқыны қатерін жою мақсатында зақымдалған көпірге және «Жалағаш-Жосалы» автожолының бір бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

2017 жылы «Қызылорда қаласының шегінде Сырдария өзенінің сол жағалауын бекіту және реконструкциялау» жобасын бастап, жалпы 8,8 шақырымның 1,4 шақырымына қорғаныс бөгеті салынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз