ТУҒАН ЖЕРДІҢ ҚҰШАҒЫ ЫСТЫҚ

164

0

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ҚҰШАҒЫ ЫСТЫҚСырдың алтын ұлына құрмет көрсетілді

Облыс жұртшылығы Олимпиада ойындарының екі дүркін,
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильинді Қорқыт ата атындағы әуежайда күтіп
алды.

Бүгінде төрткіл дүниеде теңдессіз саналған ауыр
атлетті ұшақ трапынан түскен бойда жерлестері зор қошеметпен ыстық ықыластарын
білдіре бас­тады. Сол жерде ол өзін күтіп алушы ресми тұлғалармен және
туған-туыстарымен қауышты. Құшағы гүлге толған чемпион Қазақстанын, туған
топырағын және қызылордалық екенін әрдайым мақтан тұтатынын айтып, толқыды.
Жанкүйерлері «Иә солай, иә солай, Біздің Илья осындай», ТУҒАН ЖЕРДІҢ ҚҰШАҒЫ ЫСТЫҚ«Илья – чемпион!» деп
ұрандатып, қолдарындағы жалауша және шарларын бұлғап, зілтеміршіге құрмет
көрсетті. Содан кейін Илья жастар мен жасөспірімдердің құшағына барып,
әрқайсысының қолын қысты.

Семинарда ата-анасы, жұбайы, бапкерімен бірге облыс
басшысы Қырымбек Көшербаев қабылдады.


Бұрын Ильяны «Сырдың сары баласы» дейтін. Енді бұл өзгерді. Бұдан былай сені
«Сырдың алтын баласы» дейміз. Өйткені, сен бізді тек алтын жүлдемен ғана
қуантып келесің. Өміріңде бірде-бір рет күміс не қола медаль алған кезің жоқ.
Алдағы уақытта да, оның ішінде Рио-де-Жанейро Олимпиадасында да осы үрдіс
жалғасады деп сенеміз. Илья жаңа салмаққа ауысқанда нағыз бәсекені сезінді және
өзінің нағыз ер, жігерлі екенін, алынбайтын қамал болмайтынын көрсетті. Кешегі
әлем біріншілігінде сен 242 келі зілтемірді көтеріп, рекорд орнатып қана қойған
жоқсың. Сол арқылы көк туымызды, дүйім халқыңның, Қазақстан атты мемлекетіңнің
атын әлемге тағы бір рет танытып, абыройын көтердің. Елбасы өзіңе сенді. Сен
сол сенімнің үдесінен әрқашан шығып келесің. Жеңісті жолың алдағы уақытта да
осылай жалғаса берсін,– дей келе, Қырымбек Елеуұлы Ильяның ата-анасына осындай
алтын баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.

Жалпы,
Сыр өңірінде ауыр атлетикаға айрықша көңіл бөлінуде. Аймақ басшысы келер жылы
Қызылорда қаласында Илья Ильин атындағы ауыр атлетика орталығының құрылысы
басталатынын жеткізді. Бұл әлемдік талаптардың бар­лығына сай келетін,
жан-жақты орталық болмақ. Болашақ Ильяның ізбасарлары осы жерде тәрбиеленеді.
Тіпті, онда келешекте әлемдік деңгейдегі жарыс­тарды да өткізу жос­парда бар.

 

Ал
Илья Әлем біріншілігіндегі көзсіз ерлікке барған сәтін еске алып, әсерімен
бөлісті.

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ҚҰШАҒЫ ЫСТЫҚ
Әрине, жеңіске жету оңай болған жоқ. Бәсекелестік жоғары болды. Дәл қазір
Балуан Шолақ спорт кешеніндегі жағдайды тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Бір
мүмкіндікті мүлт жібердік. 239 келі бағынбай қойды. Қарсыластарым бірінен соң
бірі рекорд жаңартуда. Мінбеге шыққанда халықтың анталаған жүзін көрдім.
Көздерінде үміт пен күдік қатар араласып тұр. Барлығының тілегі менің үстімде
екенін шын сездім. Сосын елім үшін 242 келі зілтемірді көтеруім керек деп
шештім. Шынымды айтайын, мен бұл қадамға халқым үшін ғана бардым. Біз бірігіп
қана үлкен жетістіктерге жетеміз. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз,–
деді Илья.

Кездесуде
Сыр Толағайының бапкері Тойшан Бектемір де «Руслан Нуриддинов 239 келіні
көтеріп, демалатын залға келгенде өзін чемпион сезініп жүрді» дейді. «Не бел
кетер, не белбеу кетер» деген сәт осы еді. Илья бұл сынақтан да үлкен абыроймен
өтті.

Айтпақшы,
Ильяның әлгі 239 келі салмақты көтере алмай қалғанын бапкерлердің тактикалық
қадамына балағандар да болды. Бірақ мұны Тойшан Бектемір жоққа шығарды. «Біз
мұндай тәуекелге бара алмас едік. Өйткені, таразы басында елдің абыройы
тұрды»,– деді ол.

Елге,
Елбасына үлкен алғысын айтқан Илья Қырымбек Елеуұлына: «Сіз бір кездері маған
«Сенің жұмысың – зілтемір көтеру. Ал біздің жұмысымыз – елді көтеру» деп
едіңіз. Аймақта үлкен жұмыстардың атқарылғанын білеміз. Осылайша, барлығымыз
жан-жақтан елімізді дамытуға, әлемдегі көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосылуына
еңбек ете берейік»,– деді.

Бұдан
бөлек, Илья тарихи жеңісінен кейін Елбасы телефон арқылы құттықтағанда ерекше
сезімге бөленгенін айтты.

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ҚҰШАҒЫ ЫСТЫҚ
Жеңіс тұғырында тұрғанда Елбасы қоңырау шалды. Айтыңызшы, қай елдің Президенті
спортшысы жеңіске жеткен бетте телефон соғады?! Ол кісі мемлекет шаруасымен
айналысып, «Е, Илья жеңген екен ғой» деп қоя салса да болады. Бірақ біздің
Мемлекет басшысы олай еткен жоқ. Елмен бірге екенін, жеңіске халқымен қосылып
қуанып жатқанын осылай білдірді. Мен арқылы барша қазақстандықтарды жеңісімен
құттықтады. Осыдан-ақ Елбасының елге деген жанашырлығын, құрметін, ілтипатын
көруге, сезінуге болады», – деді даңқты чемпион Илья Ильин.

Төрт
дүркін Әлем чемпионын жеңісімен құттықтаған аймақ басшысы толағайға жол
талғамайтын «Toyota Land Cruiser» автокөлігінің кілтін салтанатты түрде табыс
етті, бапкері Тойшан Бектемірге 10 мың АҚШ долларының сертификатын табыстады.
Ал Қызылордадағы «ҚазГерМұнай» БК ЖШС-ның бас директоры Медет Кәрім компания
Илья Ильинге Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дейін демеушілік жасайтынын
мәлімдеді.

Кездесуден
соң журналистер чемпионды сұрақтың астына алды. Олар Әлем чемпионы Жасұлан
Қыдырбаев туралы пікірін сұрады. Сыр Толағайы Жасұланды «Ильиннің командасына»
қосылған ең алғашқы жігіт екенін айтты.


Екеуміз бір үйде тұрдық. Бірге жаттықтық. Кеше чемпионатта «оның зілтемір
көтергені саған ұқсайды» деп жатты. Мен Жасұланның бапкерімін дей алмаймын.
Бірақ ол мендегі қасиеттің бәрін дерлік өз бойына сіңіріп жатыр. Айналасы
бірнеше жылдың ішінде Әлем чемпионы атанды. Ал бұл – үлкен нәтиже», – деді ол.

Жылы
жүздесуден кейін қызылор­далықтар чемпионға құрмет ретінде автошеру
ұйымдастырды. Илья Ильин серпе жаттығуында 242 келіні көтеріп, рекорд жаңартқан
болатын. Шеруге де осыншама машина қатысты. Жібек жолы көшесінен бастау алған
автошеру Абай даңғылы, Желтоқсан көшелері арқылы Орталық алаңға дейін жүріп
өтті. Толағайға тарту жергілікті өнерпаздардың әншашуымен жалғасты.

 

Дәурен
ОМАРОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз