«Туған жерге тағзым» акциясы өтуде

118

0

Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры әлеуметтік жоба аясында «Туған жерге тағзым» акциясының іс-шаралары өтіп жатыр. Жалпыұлттық патрио­тизм­нің өзегі іспетті «Туған жер» ізгі ниеттер мен шара­лар­ды жүйе­леп, ортақ игілікке айнал­дыруды көздейді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Патриотизм – кіндік қаның тамған жеріңе, өскен аулыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» дегенін негізге ала отырып өңірдегі үкіметтік емес ұйымдары мен қоғам белсенділері Үндеу жариялайды.
«Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының төрағасы Ғ.Ә.Тұяқбаев, “Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы” қауымдастығының төрағасы А.Сүңгір, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Ж.Б.Тұсмағанбетов, блогер Е.Мусаев қатысатын брифингте акцияның мақсаты мен маңызы жайында айтты.
Түркі халықтарына ортақ тұлға Қорқыт ата ғұмыр кешкен Сыр өңірі елін жаудан қорғаған батырлар, бір ауыз сөзімен елді ұйытқан би-шешендерді өмірге әкелген қасиетті топырақ, киелі өлке екендігі және осы өңірден шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлері, өз өнерімен әлемге танылған мәдениет, әдебиет қайраткерлері акцияға белсене қатысуға шақырады. Шара барысында мәңгілік елдің еңсесін көтерген ел бірлігін нығайта түсетін акцияның баянды болуы барлығымызға байланысты екендігі айтылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз