ТЫНЫШТЫҚ – БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

60

0

Құрметті жерлестер!

Ардақты ағайын!

 

Қазақстандағы тұрақтылық пен тыныштыққа сызат түсіріп, елде
үрей тудырғысы келген тобырдың Ақтөбеде бүлік шығарып, бейбіт күнде мылтық
атқаны баршаңызға белгілі. Соның салдарынан ондаған адам қаза тапты және
жарақаттанды. Лаңкестердің қолынан қаза тапқан азаматтардың отбасына,
ағайын-туысына қызылордалықтардың атынан қайғырып көңіл айтамын!

Террорлық әрекетімен елдің көңіліне кірбің түсіріп,
берекесін қашыруды ойлаған лаңкестік топтың мақсаты жаны қиылған азаматтардың
жанкешті қимылының арқасында іске аспады. Барша қазақстандықтарға ел мен жерді
қорғаудың үлгісін көрсеткен азаматтардың ерлігі елдің есінде мәңгілік қалады.

Мемлекеттің берекесін қашыратын қаскөйлер алдын кесер
азаматтарымыз аман болғай! Мәңгілік Ел мұраты жолында бірлігіміз бекем болсын!

 

Қызылорда облысының әкімі

Қ.Көшербаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз