ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ БАЛАЛАРҒА ТАМАША ТАРТУ ЖАСАЛДЫ

239

0

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ БАЛАЛАРҒА ТАМАША ТАРТУ ЖАСАЛДЫӨткен сенбіде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы балалар үйінде
болып, Тұңғыш Президент күніне арналған «Біздің Елбасы» атты мерекелік
іс-шараға қатысты.

Аймақ
басшысын балалар үйінің ең жас тәрбиеленушілері қарсы алып, құрметті
қонаққа жыр жолдарын арнады. Мұнан кейін
облыс әкімі балалар үйінің жетістіктерін бейнелейтін стендтерді аралап көріп,
тәрбиеленушілер қол жеткізген жетістіктермен танысты. Бүгінде балалар үйінде 60
тәрбиеленуші бар. Олардың барлығы да түрлі үйірмелерге қатысады. Мұнда
домбырашылар, қолөнершілер, бейнелеушілер үйір­мелері жұмыс істейді. Балалар
үйінің музыкалық жетекшісі Дана Оспанова
жетекшілігімен өнер­паз балалар вокал, мюзикл бойын­ша республикалық
деңгейдегі бай­қауларға, «Таңшолпан» конкурсына қатысып, жақсы нәтижелерімен
қуантып жүр. «Қуаныш» би тобының да жеткен жетістіктері аз емес. Шаймерден
Төкенов жаттықтыратын балалар үйінің баскетбол командасы Қостанай қаласында
өткен турнирде жеңімпаз атанды. «Шебер қолдар» тобындағы ер балалар түрлі
тұрмыстық заттар жасаумен айналысса, қыздар тігін тігіп, ою салуға машықтанады.
Ал Темірбек Италмасов ағайлары балаларды бейнелеу өнеріне баулиды. Екі оқушысы
республикалық конкурста бірінші орынды иемденген.

Мұнан соң
мәртебелі меймандар мерекелік дастарқан басында бас қосты. Қырымбек Елеуұлы
балаларды Тұңғыш Президент мерекесімен құттықтады.

Бүгінгі
ұрпақ елдің ертеңгі тірегі. Сондықтан да
біздер, аға буын өкілдері, Сіздерді Тәуелсіз еліміздің ертеңінен үміт күткен
жастары деп есептейміз. Осы үмітті ақтау үшін үздік оқып, жақсы білім алыңдар,
алдарыңа асқақ мақсат қойыңдар. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мектеп
бітіргеннен кейін өмірін «Жастар үйінде» жалғастырса, одан кейін жеке баспанаға
ие болуда. Бұл мемлекеттің қамқорлығы, Елбасы саясатының жемісі, – деп
мерекелік тілегін жеткізген облыс әкімі
бұдан кейін балалар үйінің барлық тәрбиеленушілеріне бір-бір планшет тарту
етті. Бұлардың соңғы үлгідегі планшеттер екенін айтып, оларды пайдаланып, жақсы
ақпараттар алып, білімдерін кеңейтуге кенес берді.

Мұнан кейін
концерт басталып, өнерпаз балалар өздерінің өнер­лерін көрсетті. Тәрбиешілер
мен тәрбиеленушілерден құралған оркестр­дің орындауында Құрманғазы күйлері
төгілді. Тәрбиеленуші балалар әртүрлі ұлттар тілінде Елбасы атына
ризашылықтарын жеткізді. Соңында барлығы қосылып «Атамекен» әнін шырқады.

Қоштасар
сәтте балалар өз қолдарынан шыққан туындыны облыс әкіміне сыйлық ретінде
ұсынды.

Ы.ТҰРЛЫҒҰЛОВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз