ҚУ ДҮНИЕГЕ АЛДАНЫП, МАЛШАШПАҚҚА МАЛДАНЫП…

365

0

ҚУ ДҮНИЕГЕ АЛДАНЫП, МАЛШАШПАҚҚА МАЛДАНЫП...Көпшілік Астанада «Ислам және Өркениет» атты ІІ имамдар форумы болып өткенінен хабардар.
Форумға қатысып қайтқан КМДБ-ның облыстағы өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы мен дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында журналистермен брифинг өткізді.
Брифингте дін өкілдері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің бірі – ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу жөнінде сөз қозғады.
Әсіресе жаназа, той төңірегіндегі астатөктік, зираттарды жарыса күмбездеу, әсіредіншілік тұрғысындағы ойлы пікірлер ортаға түсті.
Бұл жөнінде облыстық газетте алдағы кезеңдерде толығырақ қамтылып, бірнеше мақалаларға орын берілмек.
Бүгін біз өкілдіктің Сыр елі жұртшылығына арнаған Үндеуін жариялап отырмыз.
Д.АЯШҰЛЫ.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің 
облыс тұрғындарына 
ҮНДЕУІ
  
Құрметті облыс тұрғындары!
      
Салт – дәстүрімізді ғасырлар бойы тарихи негізде қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп – деп қарастырсақ, ал, шариғат – ғасырлар бойы адамзатты тәртіпке, мейірімділікке, Жаратушысына деген асыл құлшылыққа, ынтымақ-бірлікке үндейтін заңдылық. 
Әрбір елдің, әрбір ұлттың өзіндік салт-дәстүрлері болатынындай, әрбір діннің де өзіндік шариғаты бар. Біз қазақ, әрі мұсылман елі болғандықтан, ата-бабаларымыздан қалыптасқан өз салтымыз, діни шариғатымыз бар. Бұл бағыттан тайсақ, бақ та таяры сөзсіз.
Осы бағытта аймағымызда Жаназа пәтуасын жүзеге асыруға байланысты төмендегі үндеуді жолдауды жөн көрдік.
         Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының пәтуалар жинағында көрсетілгендей «Жаназа пәтуасы» төмендегідей жасалуы парыз.
Жаназа намазына қатысты:
Жаназа намазын ҚМДБ-ның бұйрығын алған сол қаланың, ауданның немесе ауылдың мешітінің бас имамы немесе найб имамы (ұстаз, азаншы) шығаруы тиіс;
Дауыс көтеріп жылауға болмайды;
Қаралы үйде қазан асылмауы тиіс. Алыстан келген қонақтар үшін ғана дастархан жайылып, ас ішілуіне рұқсат етіледі;
Жаназа намазын оқып болғаннан кейін шапан тарату, тиын шашу, орамал тарату, бидай шашу және т.б шариғатта күнә болып есептелетін ысырапшылықты тоқтату;
Жоқтау айтушыларды ақшаға жалдауға тыйым салынады;
Көңіл айтып келген адамдарға ақша таратуға болмайды;
Мәйітке қатысты тыйымдар:
Мәйітті жуындырғаннан кейін ашып көруге болмайды;
Мәйітті жуатын кісілердің ғұсыл дәреті болуы керек;
Мәйітті 1-2 күннен артық үйде қондыруға тыйым салынады;
Ас дастарханының мәзірі төмендегідей болуы тиіс:
Ас беру, садақа беру, құран оқыту, еске алу секілді ас дастарханында бауырсақ, шелпек, май, ағарған, майсөк, тамақ және сусын болғаны дұрыс; Себебі, Алла Тағала Құран Кәрімде «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап етпеңдер» – деп ескерткен. Осыны ескере отырып, ас дастарханының барынша қарапайым болу керектігін ескертеміз.
Жаназа намазын шығарардан бір күн бұрын арнайы қонақ асын беруге болмайды;
Алла Өзінің сүйікті құлдары қатарынан етіп, ысырапшылдықтан сақтап, біздерге берекесін жаудырсын. Шайтаннан сақтап Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннетімен жүруді нәсіп қылсын. Әмин!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз