Әуежайға Елбасы есімінің берілуі әлемдік үрдіс аясындағы заңды шешім

65

0

Әуежайға Елбасы есімінің берілуі әлемдік үрдіс аясындағы заңды шешімАстана халықаралық әуежайына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімінің берілуі әлемдік үрдіс аясында қабылданған заңды шешім. Бұл пікірді «ҚазАқпарат» тілшісіне Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов  білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев есімінің Астана әуежайына берілуін толықтай қолдаймын. Бұл логикалық заңды шешім. Олай дейтініміз, тек қана әуежайдың емес, осы елордамыздың да авторы, сәулетшісі Президент Назарбаев екендігі ешкімге дау тудырмайды. Жалпы, Астананың ғана емес, Тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы тұлға екендігі белгілі. Астанаға келген әр жолаушы, әр қонақтың бірінші келіп түскен жері әуежай болатын болса, онда сол жерден бастап олар бұл қаланың авторы, негізін қалаушы кім екендігін түсінуі керек», – деді Ерлан Батташұлы.
Сонымен қатар университет ректоры бұл аяқ астынан ойлап табылған дүние еместігіне, тарихта бар тәжірибе екендігіне баса назар аудартты. «Көптеген мемлекеттердің басты әуежайлары сол елдің  негізін қалаушылардың не болмаса сол елге үлкен еңбек сіңірген саяси қайраткерлердің есімімен аталады. Мәселен, Джон Кеннеди, Гейдар Әлиев, Ататүрік, Вашингтон атындағы әуежайлар бар. Олай болатын болса біз Астана халықаралық әуежайына Елбасының есімінің берілуін сол әлемдік үрдістің аясында, сол тәжірибелердің негізінде қабылданған  шешім деп білеміз», – деді Ерлан Сыдықов.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз