ҚЫЛМЫС САНЫ ҚЫСҚАРЫП КЕЛЕДІ

33

0

ҚЫЛМЫС САНЫ ҚЫСҚАРЫП КЕЛЕДІКеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осылай мәлімдеді.

Министрдің сөзіне қарағанда, аса ауыр қылмыстар саны он бес пайызға азайып, 2394-ті құраған. Сонымен қатар, былтырғы жылы кісі өлтіру қылмысы 12 пайызға қысқарып, 1118-ге дейін төмендесе, тонаулар 7 пайызға кеміп, 18,8 мыңды, ал қарақшылық қылмыс 18 пайызға азайып, 1358-ді құраған. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 8 пайызға, ал қару қолдана отырып жасалған қылмыстар 11 пайызға төмендеді.
«Жалпы қылмыстың статистикалық өсуі негізінен орташа және ауырлығы орташа қылмыстардың есебінен болып отыр. Соның ішінде, әсіресе, ұрлық қылмысы өсуде. Дегенмен, бұның өзі қылмыстарды тіркеу саласындағы саясаттың өзгерістерінен көрінген нәтиже болып табылады», – дейді Қ. Қасымов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз