ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

42

0

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫКеше Қызылорда облысының әкімдігі мен «Банк ЦентрКредит” акционерлік қоғамының арасында  ІІІ «Байқоңыр” инвестициялық форумы аясында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.  Қол қою рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен «Банк ЦентрКредит” АҚ басқарма төрағасы Владислав Ли қатысты.
Ынтымақтастық Меморандумы өнеркәсіптегі өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардың, энергетика, құрылыс  және облыс экономикасының басқа да салаларындағы ұзақмерзімді жобаларды инвестициялық қаржыландыруға арналып отыр.
Меморандум аясында «Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы бойынша кіші және орта бизнес субъектілерінің, шаруа қожалықтарының жобаларын несиелендіруге қолдау көрсетілетін болады.
Меморандумды дайындау мен қол қою аталған бағдарламаны жүзеге асырудағы екіжақты белсенді ынтымақтастық жұмыстарының жемісі болып табылады.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз