ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

67

0

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ«Қазатомөнеркәсіп»
ҰАК» АҚ мен Қызылорда облысының әкімдігі арасындағы әлеуметтік-экономикалық
саладағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл жайында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Кеше Астана қаласында «Қаз­­­атом­өнеркәсіп»
ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қап­паров пен Қызылорда облы­сы­ның әкімі
Қырымбек Көшербаев «2015-2016 жылдарға арналған Қызылорда облысының
әлеуметтік-экономикалық дамуы аясындағы өзара ынтымақтастық туралы» Мемо­ран­думға
қол қойды.

Осынау қол жеткен келі­сім шеңберінде
ұлттық атом компаниясы әлеуметтік-инфра­құ­ры­­лым­дық даму, өңір тұр­­ғын­­дарының
әл-ауқаты деңгейі мен өмір сапасын жақ­сарту бойынша міндеттеме алды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өңірдің әлеуметтік-эко­но­ми­калық тұрақтылығы, со­ның
ішінде еншілес компания­лар қызмет­керлерінің еңбек құқықтарын қор­ғауға,
қазіргілерін сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған іс-шараларға
қатысатын болады.

Сонымен қатар, «Қазатом­өнер­кәсіп» ҰАК»
АҚ компания балансындағы барлық әлеуметтік нысандарды оларды қаржыландыру үшін
2015-2016 жылдарға арналған 1,6 млрд теңге көлеміндегі қаржысымен қоса
Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне береді. Атап айтқанда, әкімдікке 20
төсек-орындық станционарлық дәрігерлік-санитарлық бөлім, 280 балаға арналған
балалар бақшасы, стадионы бар мәдени-спорттық орталығы, «Арман» мәдениет
сарайы, монша-сауықтыру кешені, қонақ үй кешені және «Шиелі-Энергосервис» ЖШС
тапсырылады. Сондай-ақ, Меморандум аясында ұлттық атом компаниясы Қызылорда
қаласындағы жалпы сомасы 1,6 млрд теңгелік 150 төсек-орындық перзентхана және
бір мезгілде 50 сырқатты қабылдай алатын емхана құрылыстарын қаржыландырады.

2015 жылы компания тиім­ді­лігін арттыру
мақсатында «Қаз­­­атом­­­өнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Қы­зылорда облысы ау­ма­ғын­да
уран өндіретін еншілес кәсіп­орын­дары­ның кең­селері Алматыдан Қы­зылорда
қаласына көші­ріледі. Ком­паниялар кеңселерінің өңірге көшуі дамуға қосымша сер­пін
береді, сондай-ақ облыс тұр­ғындарына көп әлеуметтік қолдау жасайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз