ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯМЕН ҚАТЫНАС АРТАДЫ

73

0

ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯМЕН ҚАТЫНАС АРТАДЫСенбі күні облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким Қытайдың Куйтунь қаласы хатшысының орынбасары Ванг Гуйенг пен «Куйшань Баота» мұнай химиясы компаниясының бас директоры Те Бинь мырзаларды қабылдады. Кездесу барысында бірнеше мәселе қаралып, ынтымақтастықты арттыру жайы талқыланды.
Қытайлық делегациямен іскерлік байланыс орнатудағы басты мақсат – жергілікті мұнай компанияларымен бірлесіп, энергетика және инфрақұрылым саласындағы жобаларды жүзеге асыру және мұнай-химия саласында әріптестікті арттыру. Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким Сыр өңірінің даму қарқынын атап өтті. Сондай-ақ, мұнай өндірісінде Қытай елі басты серіктес екенін жеткізді.
Әлемде аталған бағыттар бойынша Қытай елінің әлеуеті зор. Соның ішінде Синьцзянь провинциясы Куйтунь аймағы экономикалық, технологиялық жағынан дамыған өңірдің бірі. Онда құрылғы жасау, дәстүрлі өнеркәсіп және логистика саласы қарқынды дамыған. Қазіргі таңда аймақта 108 кәсіпорын жұмыс жасауда.
Кездесу барысында қос тарап өкілдері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қытайлық делегация енді өңірдің экономикалық әлеуетін бағамдап, қандай жобаларды жүзеге асыруға болатынын сараламақ.
Мәди ҚҰРМАНӘЛІ,
Бағдат ЕСЖАНОВ (сурет)
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз