Қызылорда облысы Иранға күрішті алты есе қымбат бағаға сатып отыр – Көшербаев

61

0

Қызылорда облысы Иранға күрішті алты есе қымбат бағаға сатып отыр – КөшербаевҚызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, аймақта алқаптар көлемінің қысқаруына қарамастан өткен жылы 440 мың тонна күріш жиналды. Себебі гидротеxникалық нысандар жөнделіп, сапалы тұқым шығару жұмысы жолға қойылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі кезде тағы бір бағытты дамытуды көздейміз. Иранға қатысты санкциялар алынып тасталғаннан кейін, біз осы елдің экономикасын зерделеп шықтық. Себебі Бейнеу арқылы теміржолмен Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік бар. Олар жыл сайын 4 млн. тонна күрішті сатып алады. Сөйтіп, ол жақтағы күріштің тұқымын алып, егіп көрдік. Өткен жылы жақсы өнім жинадық. Биыл соны толығымен егетін боламыз. Осылайша, Иран үшін егетін күріштің бағасы қазір өз нарығымызда және ТМД-да сатып жатқан күріштің бағасынан алты есе қымбат болады», – деді Көшербаев Астанадағы бейресми кездесу кезінде.
Айта кетейік, «Қазмедиа» орталығында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен бейресми кездесу өтіп жатыр. Оған қоғам қайраткерлері, блогерлер мен журналистер қатысуда. Бейресми кездесуді галстуксыз өткізу ұйғарылды. Алайда, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов галстук киіп келді. Барлық қатысушылардың галстуксыз келгенін көрген ол: «Шынымды айтсам, барлығы бірдей галсутксыз келеді деп ойлаған жоқпын», – деп, бәрінің көзінше өз галстугын шешіп тастады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз