ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ 2014 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

92

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ 2014 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫОблыстың экономикалық және әлеуметтік дамуының басымдықтары, мақсат-міндеттері Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты  Жолдауына, сонымен қатар Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі  әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясына сәйкес айқындалған.
Іс-қимыл жоспарының мақсаты – аймақтық экономиканың өсуін қамтамасыз ету, адамдардың әлеуметтік қөңіл-күйін жақсарту.
2014 жылдың маңызды басымдықтары болып шағын кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау, апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін шешу, тұрмыстық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде облысты газдандыру болып табылады. 
Бірінші. Аймақ өнеркәсібін әртараптандыру
Аймақ экономикасы дамуының басым бағыты болып өнеркәсіп өндірісін әртараптандыру  болып қала бермек. 
Осы жылы жүзеге асатын жобалар: 
«Шиелі тас Оңтүстік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әк шығару зауытын іске қосу.
Қызылорда қаласында табақша әйнек шығару зауыты құрылысын және Жаңақорған ауданында цемент зауытының құрылысын бастау.
«Шиелі ауданы «Баласауысқандық» кенішіндегі қара тақта тасты автоклавты қайта өңдеу» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру. «Баласауысқандық» кен орнындағы, «Фирма Балауса» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі базасында феррованадий өндірісі бойынша зауытты қайта жаңғыртуға ықпал ету. «КазАтомПром» Ұлттық Атом Компаниясы» акционерлік қоғамы, «Фирма-Балауса» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Байқоңыр» ӘКК» Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамымен бірлесіп  ванадийлік аккумуляторлар өндірісінің құрамдас бөлігі – бес оксидті ванадий электрқұймасын өндіру зауытын қайта жаңғыртуға ықпал ету.
«Қазақстан Темір жолы Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы, «КазАтомПром» Ұлттық Атом Компаниясы» акционерлік қоғамы, металлургиялық, тау-кен және мұнай-газ өнеркәсіптерінің  қажеттіліктері үшін қосымша бөлшектер, сонымен қатар гидравликалық, пневматикалық қондырғыларды және тиекті темір арқауларын өндіретін  кәсіпорындар құру мәселесін пысықтау.
«Аралтұз» акционерлік қоғамында шығарылатын ас және техникалық тұзды Қызылордадағы «Хуа ю Интернационал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мұнай-газ саласында пайдаланылатын химиялық  реагенттерді  шығару бойынша өндірістерді қайта жаңартуға ықпал ету.
Гипсокартон және басқа да құрылыс материалдарын шығару мәселесін зерттеу.
Аймақтың шикізаттық әлеуетін толығымен пайдалану мақсатында:
кең таралған пайдалы қазбаларға қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беруді қамтамасыз ету;
Шиелі ауданының «Баласауысқандық» ванадий кен орнында сирек кездесетін металдарды шығару жұмыстарын бастау;
Құрымсақ теліміндегі ванадий, Байжарқын алаңындағы мыс, алтын және ілеспе компоненттерін, Сырдария теліміндегі темір және полиметалл кені, Дарбаза, Иірқұдық және Мыңқұдық теліміндегі мыс, Приаральное кен орнындағы темір кендер қорын іздеу-бағалауға дайындық жұмыстарын бастау;
Қарамұрын-Мыңбұлақ кен торабының батыс қанатындағы және Ақжар кен алқабында мырыш, қорғасын, алтын және мысты іздестіру-бағалау жұмыстарын жалғастыру.
Өндіру секторының  тиімділігін арттыру үшін  әлсіреп бара жатқан орындардағы геологиялық қорларды тереңірек игерудің заманауи әдістерін пайдалану.
«Самұрық-Қазына»  Ұлттық  Әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен  бірлесіп кен өндірудің көлемін жылына 4 млн. тоннаға дейін ұлғайту есебімен,  сонымен қатар жаңа металлургиялық кешен мен қойма  құрылысын салуды ескере отырып, Жаңақорған ауданының «Шалқия» кен орнын игерудің техника-экономикалық негіздемесіне дайындық жұмыстарын жалғастыру.
«КазАтомПром» Ұлттық Атом Компаниясы» акционерлік  қоғамымен бірлесіп уран өндіруді ұлғайту және уранды өндіру мен өңдеу зауытының құрылысын салу мәселесін пысықтау.
Облыстың индустриалды-инновациялық дамуына жағдай жасау, оның ішінде:
«Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы басымды инвестициялық жобаларға қатысу;
индустриялық аймақтарды дамытуды жалғастыру;
басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан кәсіпорындарға заңдылықтармен көзделген инвестициялық преференциялар және басқа да өнеркәсіптік жеңілдік алуға ықпал жасау;
облыстың ірі кәсіпорындарымен тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алуда жергілікті мазмұн үлесін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасына кемінде үш жаңа ірі жобаларды енгізуді қамтамасыз ету;
Үшінші және Төртінші «Байқоңыр» инвестициялық форумын өткізу;
Сыртқы экономикалық байланыстарды, оның ішінде Кедендік одақ елдеріндегі әріптестермен қарым-қатынасты арттыру. 
Екінші. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау
Агроөнеркәсіп кешенінде басым бағыттар ретінде жаңа технологияларды қолдану мен күріш кластерін дамытуға басымдық беріледі. 
Негізгі ауыл шаруашылығы салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында заманауи технологиялар, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімді сорттарын, алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы техникаларын ендіру  бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Егіс көлемдерін әртараптандыру, оның ішінде мал азығындық егін алқаптарын, майлы, бақша дақылдары, сонымен қатар картоп, көкөністер алаңын ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.
Топырақты тамшылатып суаруды дамыту. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен әділ әрі нарықтық бағамен күрішті сатып алу үшін «Байқоңыр» агрохолдингіне қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
Мал өнімдерінің тиімділігін арттыру мақсатында:
облыстың фермерлік шаруашылықтарын қолдау мақсатында ірі қара малдың – қазақтың ақбас және  әулиекөл жергілікті тұқымдарын сатып алу;
ветеринариялық бекеттер орналастыру үшін барлық ауылдық округтерде ғимараттар сатып алу.
Бірқатар инвестициялық жобалар бойынша басталған жұмыстарды аяқтау. Тәулігіне 80 тонналық құрама жем шығаратын зауытты, екі күріш өңдеу зауыттарын, 500 ірі қара басқа арналған екі мал бордақылау алаңдарын, сүт өңдеу цехын іске қосу, малды азықтандыру алаңын 200-ден 400 мал басына дейін кеңейту. Жаңақорған ауданында тоқтап қалған томат пастасын шығаратын кәсіпорынды  іске қосу.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатылу көлемін ұлғайту үшін аумақаралық және халықаралық қарым-қатынасты дамыту.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы тауарлар өндірушілеріне су жеткізіп беру қызметі, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыру, тыңайтқыштар құнын арзандатуды субсидиялау бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызды тауар түрлерінің бағаларын бақылау мақсатында маңызды тамақ өнімдерінің тұрақтандыру қорын қалыптастыру, әлеуметтік дүкендер желісін дамыту, сонымен қатар коммуналдық базар құру.
Аймақта экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші фазасын жүзеге асыруды жеделдету.
«Қызылорда қаласының төңірегінде жасыл белдеу құру бойынша жобалық жұмыстарын аяқтап, жұмысын бастау.
Арал теңізінің құрғаған ұлтанында фитомелиоративтік жұмыстарды жалғастыру.
Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқарудың 2014-2040 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына Қызылорда облысы бойынша енген жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
Жерлерді тиімді пайдалану мақсатында пайдаланылмай тұрған ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тарту бойынша қажетті шаралар қабылдау.
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы, Жалағаш, Шиелі, Қармақшы аудандарындағы жерлерді мемлекеттік орман қоры жерлері санатынан басқа санаттағы жерге ауыстыру бойынша жерге орналастыру жобаларын дайындау.
Үшінші. Көлік инфрақұрылымы
Көлік инфрақұрылымының қарқынды дамуына және логистикалық қызмет секторының дамуы үшін:
«Қорқыт Ата» әуежайын қайта жаңғырту жұмыстарын қаржыландыру және оған «халықаралық» статусын беру мәселелерін шешу;
Қызылорда қаласында Сырдария өзені арқылы өтетін автомобиль жүру көпірі құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін пысықтау;
облыстық маңыздағы  «Жалағаш-Жосалы» 46,3-54 шақырым, 54-74 шақырым автомобиль  жолындағы күрделі жөндеуді аяқтау; 
Қызылорда қаласында және аудандардағы жолдарды жөндеу бойынша жұмыстарды жалғастыру;
жолдардың құрылысын салу және оларды жөңдеуде заманауи технологияларды пайдалану.
Төртінші. Тұрмысқа қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Аймақтың тіршілік көзін қамтамасыз ететін инфрақұрылым саласын жақсарту мақсатында келесі іс-шаралар жүзеге асырылады.
Газдандыру саласы. Облыстың елді мекендерін және Қызылорда қаласын жеткілікті әрі үздіксіз газбен қамтамасыз ету мақсатында:
«ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» акционерлік қоғамы және «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамымен бірлесіп «Арысқұм» кен орнында газды дайындайтын құрылғы орнату, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырына қосатындай «Арысқұм-Жосалы» газ құбырының құрылысын жобалау және салу мәселелері бойынша жұмыстарды жалғастыру;
Қызылорда қаласындағы Қызылжарма ауылдық округінің және Тасбөгет кентінің перспективалық дамуы үшін газбен жабдықтау жұмыстарын бастау;
Сексеуіл, Қамыстыбас, Әйтеке би, Төретам, Ақай, Жосалы, Жалағаш, Белкөл, Шиелі, Тартоғай, Бала би, Мұстафа Шоқай, Жаңақорған, Сунақ ата, Бесарық кенттеріне кіреберіс және кварталішілік газ құбырларының желісі құрылысы бойынша жобалау жұмыстарын аяқтау.
Электр энергетикасы. Өңірді тұрақты электрмен жабдықтау үшін:
Сырдария аудандық электр стансасының аумағындағы Қызылорда қаласында электрмен жабдықтау жүйелерін дамыту бойынша жұмыстарды аяқтау;
Арал ауданындағы 110/35/10 кВ «Аральская», Қазалы ауданындағы 110/35/10 кВ «Ново-Казалинск» қосалқы стансаларын қайта жаңғыртуды бастау.
Жасыл экономиканы дамыту шеңберінде Жаңақорған ауданындағы қуаттылығы 50 МВт болатын электр стансасының құрылысы бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Иесіз қалған энергетикалық инфрақұрылым объектілерін Қызылорда электр тарату компаниясының басқаруына өткізу. Қызылорда электр тарату компаниясының дамуы үшін стратегиялық инвестор тарту бойынша жұмыстар жасау.
Сумен қамтамасыз ету. Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 20 жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету. Оның ішінде, Қармақшы ауданының Жосалы, Ақай, Тұрмағамбет, Сырдария ауданының  Ақжарма,  Бесарық,  Мәлібаев,  Аманкелді, Шиелі ауданының Жөлек, Алмалы, Тәжібаев, Қызылорда қаласының Абай, Ақжарма, Айнакөл, Махамбет елді мекендерін сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту.
Шиелі ауданы Шиелі кентінің сумен жабдықтау жүйелерін және Қазалы ауданы Байқожа локалды су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыру.
Шижаға, Қамыстыбас, Аманөткел, Аралқұм, Бөген, Жаңажол, Иіркөл,  Алдашбай ахун, Қуаңдария, Көмекбаев, Қармақшы, Байқожа елді мекендерін, Жаңақорған ауданының Жаңақорған және Арал ауданының Сексеуіл кенттерін сумен қамту бойынша жобалау жұмыстарын жүргізу.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және абаттандыру. 
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тиімді дамуы үшін облыстың аудандары мен Қызылорда қаласында көпқабатты тұрғын үйлеріндегі күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру.
Жылумен қамту. «Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің жылу жүйесін кеңейту» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау.
Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту
Жалпы Еңбек Қоғамының экономикалық негізі ретінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін келесі басымдықтарды айқындау:
әкімшілік кедергілерді төмендету;
агроөнеркәсіптік кешені мен туризмде шағын кәсіпкерлікті дамыту.
Аталған бағыт шеңберінде келесі іс-шараларды өткізу:
құрамына бизнес-инкубатор, тренинг-орталық және көрмелік кешен кіретін кәсіпкерлерді қолдау орталығын құру;
шағын несиелендіру тәжірибесін жалғастыру;
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойынан кемінде 8 сервистік инфрақұрылым кешенін салуға инвестицияларды тарту жұмыстарын бастау;
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру, оның ішінде пайыздық төлемдерді субсидиялау, несиелер бойынша ішінара кепілдендіру, валюталық тәуекелдерді төмендету, гранттар бөлу, кәсіпкерлердің бизнестерін жүргізуге сервистік қызмет көрсету, тікелей және негізгі нәтижелерге қол жеткізу;
кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жұмысты күшейту;  
Қызылорда қаласындағы өнеркәсіп алаңын дамыту;
жұмыс жасамайтын шағын және орта бизнес субъектілерін жабу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Кәсіпкерліктің бұқаралық түрлерін дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс материалдарын шығару, туризм, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы басымды салаларда пилоттық жобаларды жүзеге асыру, оларды сүйемелдеу және көбейтуді қамтамасыз ету.
Ресейлік әріптестермен бірлесіп «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің қонақтарын қабылдау бойынша жұмыстарды жалғастыру; 
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп шағын және орта бизнесті дамытуға шаралар қабылдап, оның жалпы өңірлік өнімдегі өнім үлесін ұлғайту.   
Алтыншы. Әлеуметтік жаңғыруды дамыту
Білім және ғылым.Білім саласында маңызды басымдық ретінде апаттық жағдайдағы мектептер мәселесін шешу, дуалды кәсіптік-техникалық білімді дамыту және мамандар дайындауды айқындау.
 6730 орынға арналған 21 орта мектептің құрылысын аяқтау:
Арал ауданының – Сарбасат ауылында 20 орындық балабақшасы бар 50 орынға арналған мектеп, Қосаман, Жіңішкеқұм, Құмбазар ауылдарындағы 100 орынға, Тоқабай ауылындағы 140 орынға, Бөген, Бекбауыл ауылдарындағы 200 орынға арналған мектептер; 
Қазалы ауданының – Сарыбұлақ, Аранды ауылдарындағы 100 орынға, Әйтеке би кентіндегі 600 орынға арналған;
Сырдария ауданының – Шаған ауылындағы 900 орынға арналған;
Шиелі ауданының – Майлытоғай ауылындағы 150 орынға, Бестам ауылындағы 300 орынға  және Шиелі кентіндегі 1200 орынға арналған;
Жалағаш ауданының – Жалағаш кентіндегі 300 орынға арналған;
Жаңақорған ауданының – Талап бекетіндегі 100 орынға, Кейден ауылында 140 орынға, Қыраш ауылында 200 орынға, Жайылма ауылында 250 орынға, Сүттіқұдық ауылындағы 600 орынға арналған;
Қызылорда қаласының – «Қорқыт ата» мөлтек ауданындағы 900 орынға арналған мектептер.
Қызылорда қаласының «Ипподром» мөлтек ауданында, Шиелі ауданының Бала би ауылында 900 орынға арналған, Сырдария ауданының Шіркейлі  ауылында  600 орынға  арналған орта мектептердің құрылысын бастау.
Мемлекеттік білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында: 
оқушыларды тамақтандыру сапасын арттыру, бірінші және екінші сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
орта мектептердің бастауыш сыныптарын «Эрисман» парталарымен қамтамасыз ету;
мектеп жасындағы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру;
дарынды балаларды терең дамыту үшін облыста академик Ш.Есенов атындағы қосымша білім беру орталығын құру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйін жанұя типтес балалар ауылы етіп қайта құру.
Балабақшаларды ашу бойынша жұмыстарды жалғастыру. Жыл аяғына қарай 3 пен 6 жас аралығындағы  балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтуды 86 пайызға жеткізу.
1350 орынға арналған 6 балабақшаны пайдалануға беру:
Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде, Қармақшы ауданының Төретам кентінде, Арал қаласында, Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылында 280 орынға арналған;  
Қазалы ауданының Әйтеке би  кентінде 140 орынға арналған; 
Арал ауданының Жалаңаш ауылында 90 орынға арналған балабақша.
Мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық әдістерді енгізу, оның ішінде «Монтессори» білім беру кабинеттерімен қамту.
Дуалды және техникалық білім беру жүйесін құру мақсатында:
аймақтық экономиканың қажеттілігіне қарай колледждерде 10 жаңа мамандық ашу мәселелерін пысықтау;
12 колледжде дуалды оқытуды енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру;
кәсіптік-техникалық білім берудің 3 заманауи  ұйымдарын ашу (Металлургиялық бағыттағы колледж, тренинг орталығы, (мұнай газ бағытындағы) «КазАтомПром» Ұлттық Атом компаниясы» акционерлік қоғамының колледжі). Осы мақсатта Шиелі ауданының Шиелі кентіндегі индустриалды-аграрлық колледжіне күрделі жөндеу жүргізу, мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде тренинг орталығын құру мәселелерін мұнай-газ компанияларымен пысықтау.
Педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында:
кем дегенде 500 мұғалім,  инженер-педагогтардың және  өндірістік оқу  шеберлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру. Білім беру ұйымдарының кем дегенде 100 жетекшілерін ең үздік оқу орталықтарына біліктілігін арттыруға жіберу;
математика пәні бойынша мұғалімдердің облыстық форумын өткізу;
техникалық және кәсіптік білімді дамыту орталығын құру мәселелерін пысықтау;
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындары мен шетелдік университеттермен қарым-қатынасты кеңейту.
Жоғары білімді және ғылымды дамыту. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында халықаралық стандарттар бойынша кадрларды дайындауды қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы өңірлік оқу орнын құру бойынша жұмыстарды бастау. Мәскеу Ұлттық «Московский институт стали и сплавов» зерттеу-техникалық университетімен және Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетімен бірлесіп университетте металлургиялық кәсіп бойынша мамандықтар мен кафедралар ашу мәселелерін пысықтау. Өңір экономикасы үшін басымды бағыттарына қарай қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту. Бұл жұмысқа шетелдік және қазақстандық жетекші ғалымдарды тарту.
«Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дамуына ықпал ету. 
Өңірлік компаниялармен және ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық ғылыми жұмыстарды жүргізулеріне ықпал етіп, марапаттап отыру.  
Денсаулық сақтау. Тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйін жақсарту мақсатында денсаулық сақтау саласында  негізгі басымдықтар болып алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, кадрлардың біліктіліктерін арттыру, аурулардың алдын алу айқындалсын. 
Медициналық қызметтердің  сапасын және қолжетімділігін арттыру үшін:
Жалағаш ауданының Жалағаш кентінде, Сырдария ауданының Тереңөзек кентінде, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емханалар, Арал ауданының Сексеуіл кентінде ауысымына  100 адам қабылдайтын аудандық емхананың;
Қазалы ауданының – Ақсуат, Жалаңтөс, Мұратбаев, Түктібаев, Шиелі ауданында – Бидайкөл, Қармақшы  ауданында – Ақай, ІІІ Интернационал, Сырдария ауданында – Шіркейлі және Қызылорда қаласында – Қызылжарма, Махамбет елді мекендеріндегі дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау.
Қызылорда қаласында 200 орынға арналған облыстық балалар ауруханасының құрылысын бастау.
Жалағаш ауданының Жалағаш кентінде 150 орынға арналған орталық аудандық аурухана құрылысын бастау мәселесін пысықтау.
Мамандандырылған 10 медициналық ұйымдарға, оның ішінде облыстық  жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық тері-веневрологиялық диспансері, Тасбөгет кентіндегі қалалық туберкулезге қарсы диспансері, Қазалы және Шиелі аудандарындағы туберкулезге қарсы диспансерінің Сырдария және Шиелі аудандарында орталық аудандық ауруханалардың, Жалағаш ауданының Мәдениет ауылындағы ауылдық аурухананың ғимараттарына күрделі жөңдеу жүргізу.
Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі орталық аудандық аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу. 
Қызылорда қаласында 175 орындық онкологиялық аурухана құрылысының жобаалды жұмыстарын аяқтау.
Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету үшін:
төрт ауылдық (Жаңақорған ауданының Келінтөбе, Бірлік, Қожакент ауылдарында, Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылында) аурухана ашу; 
медициналық ұйымдарды толықтыру үшін қосымша штаттар бөлу.
Елді мекендердегі өз алдына ғимараттары жоқ медициналық пункттердің орналасу мәселесін шешу.
Ерте бастан аурудың алдын алу мақсатында әлеуметтік маңызды аурулар (қант диабеті, қан айналым аурулары, глаукома, жатыр мойнында, сүт безінде, қуық безінде, өңеш, асқазан, бауырда жаңадан пайда болған ісіктер) бойынша скринингтік зерттеулер жүргізуді жалғастыру.
Тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өзінің денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру бойынша санитарлық-ағартушылық жұмыстарды күшейту. 
Облыстық перинаталдық орталық базасында жасанды ұрықтандыру әдісін енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық құралдармен жабдықтауды жалғастыру.
Бекітілген нормативтерге сәйкес медициналық ұйымдарды санитарлық және мамандандырылған көлікпен  қамтамасыз ету.
Кем дегенде 550 дәрігер мен 1300 орта буын медицина қызметкерлерін біліктілік арттыру курстарына жіберу.
Спорт.  Бұқаралық спортты дамыту және жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін: 
Премьер Лига чемпионатына және Қазақстан Республикасы Кубогына «Қайсар» клубының  дайындығына және қатысуына ықпал ету;
Қазақстан Республикасының құрама командасына,  оның ішінде конькиде мәнерлеп сырғанау бойынша спортшылар дайындау;
мүгедек спортшыларды шәкіртақымен, спорттық киімдермен, құрал-жабдықтармен және арнайы көлікпен қамтамасыз ету;
мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық (қалалық және аудандық) спорттық жарыстар ұйымдастыру.
Облыс тұрғындарын бұқаралық спортпен қамту көлемін арттыру бойынша шаралар ұйымдастыру.
Барлық спорт мектептерін спорттық киіммен және құрал- жабдықтармен, сонымен қатар 7 спорт мектебін автокөлікпен қамтамасыз ету.
Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентінде, Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде спорттық-сауықтыру кешенінің, Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында стадион құрылысын бастау.
Мәдениет және тілдерді дамыту. Мәдениетті дамытудың басым бағыттары болып кәсіби-мәдени ұжымдарды құру және  ауылдарда мәдениетті дамыту айқындалсын. 
Облыс орталығында көркем галереясын ашу.
Облыстық драма театрдың жаңа ғимараты құрылысының жобалау алды құжаттарын әзірлеу.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына күрделі жөндеу және реэкспозициялық жұмыстар жүргізу.
«Қорқыт ата» кешеніне қайта жаңғырту жұмыстарын бастау.
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау және зерттеу мақсатында:
облыстың мәдени мұраларын Дүниежүзілік  ЮНЕСКО Мұралар тізіміне енгізілу бойынша жұмыстарды жалғастыру; 
Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат қалашықтарына археологиялық зерттеулер жүргізу.
Өңірдің шығармашылық әлеуетін жан-жақты пайдалану үшін облыстық театры жанынан жастар труппасын және Қызылорда облыстық филармониясының жанынан камералық оркестр құру.
Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуін жақсарту үшін:
түркі тілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты  фольклорлық музыка фестивалін өткізу;
Сабира Майқанованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалін өткізу;
Астана қаласында Қызылорда облысының күндерін өткізу;
«Сабан той-2014» республикалық мерекесін өткізу.
Дарынды жастар мен шығармашылық ұжымдарды қолдау мақсатында облыс әкімінің гранттарын тағайындау.
Ауылдық Мәдениет үйлері мен клубтарды штаттармен нығайту. Құрал-жабдықтар алу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Мемлекеттік тілдің дәрежесін жоғарылату мақсатында:
жергілікті атқарушы органдардың құжат айналымдарында мемлекеттік тілді қолдануды  100 пайызға жеткізу бойынша жұмыстар жүргізу;
«Қазтест» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйрету тәжірибесін жалғастыру; 
үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік тілдің  қолдану аясын кеңейту, Қазақстанда тұратын халықтардың тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін насихаттау бойынша жұмыстарды жалғастыру;
Қазақстан халқының тіл мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» облыстық фестивалін өткізу.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау. Жалпы Еңбек Қоғамын құру және әлеуметтік жаңғырту шеңберінде жұмыссыздық деңгейін 5,1 пайызға дейін төмендетуге шаралар қабылдау.
Жыл ішінде кем дегенде 9,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу.
Бизнестің қолдауымен халықтың мақсатты топтарын «Ақниет» әлеуметтік әріптестік бағдарламасы шеңберінде шағын несиелендіру бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Аз қамтылған отбасынан шыққан студенттердің білім алу қызметін  төлеу үшін гранттар көлемін 300-ге дейін жоғарылату.
Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру, оның ішінде:
бизнес қауымдастығымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізу. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізу тәжірибесін ендіру;
жеке сауықтыру бағдарламаларының 100 пайыз орындалуын қамтамасыз ету;
мүгедектер үшін кедергісіз орта құру бойынша жұмыстарды жалғастыру, атап айтқанда, пандустарды орнату. Жаяу жүргіншілер өтетін жерлерді дыбыстық және жарықтық құралдармен қамту және жол белгілері мен көрсеткіштерін орналастыру;
мүгедектерге әлеуметтік такси қызметтерін ұсынуды жалғастыру;
жалпы типтегі Мүгедектер мен қарттар үйі және «Әлеуметтік үйі» ғимараттарына  күрделі жөңдеу жүргізу;
Талсуат кентінде 300 орынға арналған жүйке аурулар интернаты үйінің құрылысын аяқтау бойынша шаралар қабылдау;
Қызылорда қаласы мен аудандар орталықтарындағы емдеу-профилактикалық ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігіне бейімделген  арнайы стационарлық палаталар ашу, мүгедектердің қажеттілігіне қарай жабдықталған арнайы кабинеттерді ашуды бастау;
халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын, мүгедектер мен қарттардың  қоғамдық ұйымдарын қолдау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру тәжірибесін жалғастыру.
Жетінші. Аймақтық даму
Аймақтық дамудың басым бағыттары болып облыстық орталық – Қызылорда қаласын, Байқоңыр қаласын және тіректі елді мекендері: Арал ауданының Сексеуіл, Жаңақорған ауданының Түгіскен, Жалағаш ауданының Мәдениет, Шиелі ауданының Еңбекші, Қазалы ауданының Жаңқожа батыр, Сырдария ауданының Ақжарма, Қызылорда қаласының Тасбөгет, Қармақшы ауданының Төретам кенттерін айқындау қажет.
Қызылорда қаласын одан әрі дамыту мақсатында жолдарды, тротуарларды жөңдеуді және көшелерді жарықтандыруды жалғастыру. Аулаларды абаттандыру, оның ішінде спорттық және балалар алаңдарының құрылысын бастау.
Облыс орталығын газбен қамтамасыз ету мақсатында көшелер бойында газ тарату жүйесі жоқ жеке тұрғын үй секторларының учаскелеріне дейін газ құбырын жүргізуді  жүзеге асыру.
Облыс орталығының тұрғындарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-ның кеңейту мен қайта құру және Қызылорда қаласындағы жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша жоба алды  құжаттарды әзірлеу.
Жеке тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жаңғырту және кезеңдік дамуын қамтамасыз ету.
Пәтер иелері кооперативтерінің қызметін жақсарту бойынша шаралар қабылдау.
Облыс орталығының сәулеттік келбетіне, сонымен қатар жарнамалар және фасадтардың ішкі келбетіне қойылатын талаптарды  күшейту. 
Қызылорда қаласы Сырдария өзені сол жақ жағалауының толық жоспарлау жобасын бекіту.
Халық көп баратын жерлерде,  әсіресе базарлар, дүкендер, дәріханалар мен тұрақтарда және т.б. жерлерде санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына бақылауды күшейту.
Қызылорда қаласының коммуналдық қызметтерін қажетті арнайы техникамен нығайту.
Сырдария өзенінің оң жақ жағалауын нығайту бойынша құжаттамаларды әзірлеу. Қызылорда қаласында «Мұнайшы» мөлтек ауданын салу жобасын әзірлеуді бастау.
«Евразия» спорт кешенін күрделі жөндеу және Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу.
«Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану бойынша 2014-2016 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыруды бастау, 2014-2016 жылдарға арналған Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша Кешенді жоспарды бекіту мәселесін пысықтау.
Ресеймен бірлесіп «Байқоңыр» кешенінде туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша Бағдарламаның әзірленуін қамтамасыз ету.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тіректі елді мекендерді кешенді дамытуды қамтамасыз ету, оның ішінде әлеуметтік нысандардың күрделі жөнделуі және құрылысы, тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту, көшелерді абаттандыру. Бұл ауылдарда «зәкірлі» жобалардың жүзеге асуына және шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету. Сомасы 5 млн.теңгеге дейін шағын несиелер беру.
Ауылдық елді мекендерге қажетті мамандарды тарту мақсатында «Дипломмен – ауылға!»  жобасы аясындағы жұмыстарды жалғастыру.
Сегізінші. Жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету
Мемлекеттік басқару. Барлық деңгейдегі әкімдердің қызметін бағалаудың негізгі критерийлері ретінде салық салу базасын кеңейту, тұрақты жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау айқындалсын. 
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және ауылдық округ әкімдерінің барлық өкілеттіліктерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүргізу.
Мемлекеттік сатып алу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган құру мәселелерін пысықтау.
Мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық-аналитикалық  қамтамасыз ету.
Тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 56 пайызға дейін жоғарылату.
«Қызылорда облысы әкімдігінің ситуациялық орталығы» бағдарламалық-аппараттық кешенін құру (ҚОӘ СО БАК);
«Е-лицензиялау» және «Электронды әкімдік» ақпараттық жүйелеріндегі электронды қызметтер үлесін арттыру. «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін электронды қызметтердің үлесін арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау әдістерін ендіру, оның ішінде мемлекеттік органдарда ІD-Phone нөмірлерін орнату, көрсетілетін қызметтердің сапасын анықтаудың орталықтандырылған жүйесін, сонымен қатар теле және СМС арқылы дауыс беруді ендіру.
Электронды үкіметтің «Е-әкімдік» өңірлік шлюзі мен «Электронды мұрағат» ақпараттық жүйесін біріктіру. Мұрағат құжаттарын сандық форматқа көшіру бойынша жұмыстарды жалғастыру. Қызылорда қаласында «Мұрағаттар үйі» құрылысын бастау.
Қоғамдық қауіпсіздік, құқықтық тәртіп және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу.
Жасөспірімдер қылмыстығының деңгейін төмендету бойынша кешенді шараларды іске асыру.
Үкіметтік емес ұйымдарды белсенді тарта отырып, қоғамда бұзақылыққа, қоғамға қарсы тәртіп көрсетушілікке төзбеуді кеңінен насихаттау.
Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базаларын нығайту бойынша жұмыстарды,  оның ішінде арнайы автокөліктермен, компьютерлермен және тағы басқа да техникалармен қамтамасыз етуді жалғастыру.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз