ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

120

0

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ 2013 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары, мақсаты және міндеттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына сәйкес айқындалды.
Маңызды басымдықтар ретінде тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды дамыту, облысты газдандыру, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау жүйелерін және халықты әлеуметтік қорғауды дамыту белгіленді. 
Өңір экономикаcының тұрақты даму үрдісі сақталуда.
Өңдеу өнеркәсібінде жоғары өсу қарқыны байқалды. Осылайша, 2013 жылы өндіріс көлемі 19,3 пайызға өскен (республика рейтингісінде – 3-орын), бұл көрсеткіш республика бойынша орта есеппен 101,6 пайызды құрап отыр.
Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында 93 пайыздық үлесті алып отырған тау-кен саласындағы өндірістің 0,6 пайызға төмендеуіне қарамастан (мұнай өндіру көлемінің жоспарлы төмендеуі себебінен), өнеркәсіп өнімдері өндірісі көлемінің өсімі 2012 жылға қарағанда 100,1 пайызды қамтамасыз етті.
2013 жылдың қорытындысы бойынша облыс негізгі капиталға инвестициялар тартудың жоғарғы қарқынын көрсетіп отыр-140 пайыз (өңірлер рейтингісінде – 2-орын). Жалпы, өңір экономикасына  370 млрд. теңге инвестиция тартылды.
270 мың шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілді. 
Жалпы алғанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 16,7 пайызға артып, 150 млрд. теңгеден асты (өсу қарқыны бойынша өңірлер рейтингінде – 4-орын).
Шағын және орта бизнесте оң даму қарқыны байқалды: белсенді бизнес субъектілерінің саны 12,7 пайызға, онда жұмыспен қамтылғандар саны 6 пайызға өсті. Өндірілген өнім көлемі 249 млрд. теңгені құрады (100,9 пайыз).
Нәтижесінде, 2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салықтық түсімнің көлемі 15 пайызға өсті.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 48 млрд. теңгені құрап, 2012 жылға қарағанда 100,8 пайыз болды.
Облысымыз тұтыну тауарлары мен қызметтерге бағаларды тиімді ұстап тұратын өңірлердің қатарына кірді-103,7 пайыз. Бұл көрсеткіш республика бойынша -104,8 пайыз (облыстар рейтингісінде – 2-орын).
Есепті мерзімде жүк айналымы 2,2 пайызға, тасымал көлемі 7,9 пайызға  артты.
Бөлшек сауда көлемі 15,2 пайызға өсті. 2013 жылдың қаңтар-қарашасында сыртқы сауда айналымы 5,1 млрд. АҚШ долларын құрап, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,1 пайызға артты. Оның ішінде экспорт 4,9 млрд. АҚШ долларын (2012 жылдың осы кезеңіне 110,0 %), импорт 245,0 млн. АҚШ долларын құрады. 
Нақты секторда өндірістің дамуы, шағын бизнестің дамуы және жаңа әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру есебінен 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Жұмыссыздық деңгейі жыл бойы орташа республикалық көрсеткіш деңгейінде тұрақталып, 2012 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 0,1 пайызға төмендеп, 5,2 пайызды құрады. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің 0,2 пайызға төмендеу үрдісі байқалуда.
Табыс мөлшерінің өмір сүру шегінен төмен өмір сүріп отырған азаматтар саны 61 %-ға төмендеді.
Жыл ішінде орташа айлық жалақы 4,5 %-ға артып, 97 771 теңгені құрады. Жан басына шаққандағы ақшалай табыс мөлшері 3,9 %-ға артты.
Бюджет
Жыл ішінде шоғырланған бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден түскен түсім 597 млрд. теңгеге жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда 102 млрд. теңгеге артты. 
2013 жылы салық базасын кеңейту және кәсіпкерлік қызметін заңдастыру (легализация) жұмыстарының нәтижесінде республикалық бюджетке 99,7 млрд. теңге түсіп, 2012 жылға қарағанда 2,5 есеге артты. Оның ішінде республикалық бюджетке 52,8 млрд. теңге немесе 37 пайызға  өскен (15,6 млрд. теңгеге). Жергілікті бюджет – 46,9 млрд. теңге,  2012 жылғы көрсеткіштен 5,8 пайызға (16,1 млрд. теңгеге) артқан.
Облыс бюджеті 2013 жылы 179 млрд. теңгеге жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда 39 млрд. теңгеге ұлғайған. 
Сонымен қатар, даму бюджеті 2012 жылға қарағанда 18,2 млрд. теңгеге немесе 44 пайызға артқан. 
Облыс бюджеті 2013 жылы әлеуметтік бағытталуын сақтап қалды. Облыс бюджетінің 57 пайызы әлеуметтік саланың дамуына, оның ішінде 32 пайызы-білімге, 16,3 пайызы денсаулық сақтау саласына бағытталды. 
Сонымен бірге, білім саласындағы шығыстар 57,3 млрд. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 1,7 млрд. теңгеге (8 пайызға) көбейді. Денсаулық сақтау саласындағы шығыстар 29,1 млрд. теңгені құрап, 8 млрд. теңгеге (41,3 пайызға), тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы саласында 25,5 млрд. немесе 9,6 млрд. теңгеге (62,4 пайызға) артты. Көлік және коммуникация саласындағы шығыстар 4,3 млрд. теңгеге артып (83,3%), 9,9 млрд. теңгені құрады. Мәдениет және спорт саласындағы шығыстар 1,2 млрд.теңгеге (20,3 пайызға) артып, 8,3 млрд. теңгені құрады. 
Бюджеттің жан басына шаққандағы шығысы бойынша облыс республика көлемінде төртінші және әлеуметтік салаға шығыстар бойынша екінші орында тұр.
Жан басына шаққандағы шығындар көлемі орташа республикалық көрсеткіште 192,9 мың теңге болса, Қызылорда облысы бойынша ол 237,6 мың теңгені, оның ішінде әлеуметтік салада 142 мың теңгені құрады. Республика бойынша орташа көрсеткіш 104 мың теңге.
Салалар бойынша:
білім саласында – халықтың жан басына шаққанда 81,2 мың теңге, республика бойынша орташа 55,2 мың теңге; 
денсаулық сақтау саласында – халықтың жан басына шаққанда 39,9 мың теңге, республика бойынша орташа 31,2 мың теңге;
әлеуметтік қорғау саласында – халықтың жан басына шаққанда 9,1 мың теңге, республика бойынша орташа 6,8 мың теңге;
мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік саласында – 11,5 мың теңге, республика бойынша орташа 10,2 мың теңге.
Талдау көрсеткендей, өткен жылы облыс соңғы 5 жылдағы бюджет қаржысын игеруде ең жоғарғы көрсеткішті қамтамасыз ете алды. 
Банк саласы
2013 жылы облыстағы екінші деңгейлі банктер 113,8 млрд. теңге несие берген, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 25,5 млрд. теңгеге (29%) артық. Оның 31,1 млрд. теңгесі заңды тұлғаларға берілген, оның ішінде 10,1 млрд. теңге шағын бизнес субъектілерін қолдауға бағытталды, бұл 2012 жылға қарағанда 115 млн. теңгеге артық. 
Жеке тұлғалар алған несиелер – 82,7 млрд. теңге. 
Халықтың екінші деңгейлі банктерге сенім артуының дәлелі халықтың екінші деңгейлі банктерге ақша салымының артуынан көрінеді. Мәселен, 2014 жылдың 1 қаңтарына халықтың ақша салымының көлемі 34,8 млрд. теңге болса, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 28,5 млрд. теңгені құраған. 
2013 жылы облыста Евразия және «Home Kredіt» банктерінің филиалдары жұмысын бастады. 2014 жылдың сәуір-мамыр айларында «Ресей Сбербанкі» АҚ-ның Қызылорда филиалы жұмысын бастайтын болады. Бұл өз кезегінде халыққа, ірі және орта кәсіпорындарға, кіші және орта бизнес субъектілеріне ұсынылатын банк қызметтері жиынтығының кеңеюіне септігін тигізеді.
Индустриялық-инновациялық даму
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында айқындалған міндеттерге сәйкес индустриялық-инновациялық даму ұлттық экономикалық дамудың маңызды басымдығы болып табылады. 
Қазақстанның Индустрияландыру картасы аясында облыста  жалпы 151,7 млрд. теңгені құрайтын 24 жоба іске асырылуда, оның ішінде, өңірлік карта аясында құны 132,9 млрд. теңгені құрайтын 23 жоба, республикалық картада құны 18,8 млрд. теңгені құрайтын 1 жоба. 
Өңірлік картаны іске асыру кезеңінде 23 жобаның ішінде құны 78,4 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылды. Шамамен 800-дей жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, 2013 жылы Жаңақорған ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылы зауыты жанындағы қуаттылығы 18,5 мвт энергокешен, Қармақшы ауданында «Дорстрой» ЖШС «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» авто-магистралі бойындағы «Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы» іске қосылды. 
2013 жылдың қорытындысымен іске қосылған 14 өндірістің 13-і жоспарлы  қуаттылыққа шықты. Бұл көрсеткіш бойынша облыс (93%) республика өңірлерінің арасында бірінші орынды иеленді (Қазақстан Республикасы бойынша  – 69%). 
Есепті кезең ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 65,4 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылға қарағанда 119,3%.  
Өңдеу өнеркәсібіндегі 1 адамға шаққандағы еңбек өнімділігі  15,2 мың АҚШ долларын құрады. Осы көрсеткіш бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 90,6% өсімге қол жеткізілді (республика бірінші орын).  
 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2013 жылы келесі жобаларға қаржы бөлініп, толық игерілді:
 – «Томат өнімдерін өндіру» жобасына қосымша электр жүйесі мен электрподстанциясын орнату;
– «Құрама жем шығару зауыты» жобасына электр, су, газ, кәріз жүйесін жеткізу.
Бұл өндірістерді 2014 жылы іске қосу жоспарлануда.
Қызылорда қаласындағы шыны шығаратын зауыт құрылысын бастауға мақсатты түрде жұмыстар жүргізілуде. Осы нысан орналасатын индустриалдық аймаққа (50 га) инженерлік инфрақұрылым әкелінуде. 
Алдағы 2014 – 2018 жылдары Индустрияландыру картасына құны 74 млрд. теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба іске қосылады деп күтілуде. 
Өндірісті жаңғырту есебінен 2 кәсіпорынның қуаттылығын ұлғайту жоспарлануда: 
–  «Арал тұз» АҚ техникалық және ас тұзы өндірісі; 
– «Хуа Ю интернационал в Кызылорде» ЖШС мұнай-газ саласында пайдаланылатын химиялық реагенттер өндірісі. 
Сонымен бірге, 2013 жылы Қызылорда қаласында  және аудандарда жалпы құны 1,1 млрд. теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба іске асырылды және 218 жаңа жұмыс орны ашылды. 
Ағымдағы жылдың басында  ескі автомашина дөңгелектерін қайта өңдеу, алынған шикізаттан топырақасты суғаруға арналған құбырларын өндіру және қайта әзірлеу бойынша инновациялық жоба жүзеге асырылды. Сонымен бірге, резеңке шиналарды өңдеу өнімі – белсенді резеңке ұнтағы асфальттің қолданылу қасиетін арттыру үшін асфальтті бетон әзірлеуге қолданылады. 
2014 жылы қуаттылығы жылына 60,0 мың тонна әктас шығару («Шиелі тас оңтүстік» ЖШС), Жалағаш ауданында қызылмия тамырын өндіру бойынша фармацевтикалық  зауыттар («БИС групп» ЖШС) іске қосылатын болады.
Индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ тарапынан да жүргізіліп жатқанын атап өту керек.
«Заманауи жоғары тиімді технологияларды қолдану арқылы ауыз су және техникалық су тазалайтын мембрандық қондырғы шығаратын жинақтау зауытының құрылысы» және «Solіtac сополимерді жабын жаңа технологияны енгізу арқылы автомобиль жолдарының құрылысы» жобаларын іске асыру мақсатында «Water LAB KZ» ЖШС-мен бірігіп «КазРосИнновация» ЖШС біріккен мекемесі жасақталды. Жаңақорған ауданының 6 ауылдық округінде мембрандық тазарту қондырғыларды орнатуды көздеген пилоттық жоба іске асырылды.
Белград зауытымен (Сербия) бірлесіп әмбебап дөңгелекті тракторларды жинақтау өндірісі басталды. 2013 жылы зауыттан 15 трактор шығарылды.
2014 жылы өңірде жоғары технологиялық запорлы арматура өндірісі мен сорғы, электр қозғалтқышы, мойынтірек және басқа да тау-кен компаниялары үшін өндірістік тізімдемелер мен ҚР-ның мұнай-газ секторымен, жылжымалы құрамын жинақтайтын және қосалқы бөлшектері мен машина құрылысының зауытын орналастыру жоспарлануда. Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасында Меморандумға қол қойылды 
Аймақ экономикасына инвестицияларды тарту, өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру мақсатында 2 инвестициялық форум өткізілді. 
2013 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы министрліктерінің, ведомстволарының, даму институттарының, елшіліктер өкілдері және шетелдік кәсіпкерлер мен әлеуетті инвесторлардың қатысуымен «Байқоңыр» І инвестициялық форумы өткізілді. Форум аясында түрлі салалар бойынша 5 меморандумға қол қойылды. 
2013 жылдың 13-14 қарашасында Қызылорда қаласы мен Байқоңыр «Байқоңыр» ІІ инвестициялық форумы өткізілді. Форумда индустриялық-инновациялық даму, металлургиялық кластер құру,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту, ауыл шаруашылығы саласын, туризмді, сондай-ақ, білім саласын дамыту және т.б. бойынша ынтымақтастық туралы 20 меморандумға қол қойылды.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында металлургиялық кластер құру жоспарлануда. 
Облыс әкімдігінің бастамасымен минералдық-шикізаттық базаны дамыту және геологиялық барлау жұмыстарына инвестиция тарту жұмыстары басталды. 
Атап айтқанда, 2011 жылдан бастап облыста «Фирма Балауса» ЖШС «Баласауысқандық» кенішінде қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасын жүзеге асыруда. 
Қазіргі таңда тәжірибелік-өндірістік кәсіпорнында химиялық жолмен кен байытудың жаңа үлгісі қолданылуда. Жаңа технология бойынша 13 патент алынған. 
Кәсіпорын қарқынды дамуда, болашақта ванадий өндірісі айналасында ілеспелі жоғары қосылған құнымен мынадай түрлі жаңа өндіріс орындарын ашудың мүмкіндігі бар:
• Сұйық-калийлі тыңайтқыштар шығару, жер қыртысын тұзсыздандыруға арналған үлкен тоннады сорбенттер шығару зауыты;
•Ферроқорытпа шығару зауыты («Қызылорда қаласындағы арнайы және кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасына техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға облыстық бюджеттен 155,0 млн. теңге бөлінді). Қазіргі таңда әлеуетті серіктестермен бірге біріккен кәсіпорын құру және оны қаржыландыру құрылымы, сондай-ақ, арнайы және кешенді қорытпалар өндіру бойынша ферроқорытпа зауытының құрылысы мәселелері қарастырылуда, сонымен бірге, келесі жобалар әзірленетін болады: 
•Құрылыс материалдарын шығару зауыты;
•Кремний карбидін шығару зауыты;
•Аморфты кремний шығару және тазарту зауыты;
•Серобетон шығару зауыты;
•Ауыз суды ыдысқа құюға арналған зауыт;
•Газтурбиналық электр стансасы;
•Газдандыру стансасы және көмірмен жұмыс істейтін станса;
•VRB аккумуляторлар шығару зауыты.
Қызылорда облысы әкімдігі мен «Nіngxіa Baota Petrochemіcal Technology Іndustrіal Development Co., Ltd» компаниясы арасында «Инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бірлескен қызмет туралы» келесі Меморандумға қол қойылды:
Металлургиялық кластерді құру және дамыту;
Машина құрылысы зауытын ұйымдастыру;
Мұнай өңдеу зауытының құрылысы.
Металлургиялық кластер құру аясында «Шалқия Цинк» ЖШС-ның «Шалқия» кен орнында «Жылдық қуаттылығы 4 млн. тоннаға дейін Шалқия қорғасын-мырыш кенішін кеңейту және кен байыту фабрикасының құрылысы» жобасын іске асыру, «Құрымсақ» ванадий кенішін игеру жұмыстары жүргізілуде. 
Сондай-ақ, облыста сыртқы  инженерлік инфрақұрылым жеткізу жұмыстарын  жүргізе отырып, индустриялық аймақтар құру жұмыстары іске асырылуда. 
Осыған байланысты, Қызылорда қаласы мен аудандарда индустриялық аймақ құру үшін жер телімдері бөлінді (Арал ауданы – 10 га, Қазалы ауданы  – 12,7 га, Қармақшы ауданы –15 га, Жалағаш ауданы-22 га, Шиелі ауданы – 50 га, Сырдария ауданы–20 га, Жаңақорған ауданы– 8 га). 
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын іске асыру мақсатында жасалған «2020 бизнес жол картасы» бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарындағы үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жолдарының бірі болып табылады. 
2013 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Қызылорда облысына 1 468,6 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде:
• өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағытына;
• несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға;
• несиені ішінара кепілдендіруге;
• валюталық тәуекелдері бар кәсіпорындарды қолдауға;
• гранттық қаржыландыруға; 
Бағдарлама шеңберінде несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша  2013  жылдың  басынан жалпы құны 3,0 млрд. теңгеден астам 82 жоба мақұлданды. Несиені ішінара кепілдендіру бағыты бойынша  жалпы құны 145,8 млн. теңгені құрайтын 17 жоба мақұлданып, гранттық қаржыландыру бойынша 14 жоба және т.б. жүзеге асырылуда.
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 1408 жаңа жұмыс орны құрылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облыста  кәсіпкерлерді  қолдау  орталығы  ашылды. 
Аграрлық сектор
2013 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің аграрлық секторының дамуында оң қарқын байқалады.
2013 жылы саланы мемлекеттік қолдаудың көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 44,7 пайызға артып, 5,5 млрд. теңгені құрады.
Өсімдік шаруашылығы
2013 жылы облыстың барлық шаруашылық нысандары бойынша 157,5 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәнді дақылдар егісі 79,2 мың га, мал азығындық дақылдар   53,9 мың га, картоп, көкөніс, бақша 22,5 мың га, майлы  дақылдар 1,9 мың гектар. Облыстың негізгі дақылы – күріш 74,0 мың гектарға егілді. 
Орта өнім гектарына 49 центнерді құрай отырып, облыста 365,5 мың тонна бастапқы салмақпен күріш салысы жиналды. Осылайша, 2013 жылы соңғы жылдары болмаған рекордтық өнім алынды. 
Сондай-ақ,  124 145 тонна картоп, 107 970 тонна көкөніс, 155 364 тонна бақша, 2 255 тонна дән жүгері және басқа дақылдар жиналды.
«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жанар-жағармай құнын арзандату, су жеткізу қызметі, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыру, тыңайтқыш бағасы және басқалары субсидиялануда.
2013 жылы күріш өңдеуге кеткен шығынды толтыруға субсидия нормалары 1 гектарға 18-ден 25 мың теңгеге ұлғайды. Алғаш рет гербицидтерді қолдануды субсидиялау басталды. Нәтижесінде, 166 мың теңге құрайтын жер гектарын өңдеуге кеткен шығындардың 43 мың теңге субсидиясы немесе 26 пайызы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер шығынына төленді.
Техника алуға сыйақы үлесін субсидиялау басталды. 2014 жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында техника алу мен субсидиялау тетігі енгізілетін болады.
Жалағаш элеваторының базасында ауыл шаруашылығын өндірушілерге күрішті сақтау мен қайта өңдеуге қолайлы жағдай жасау үшін «Байқоңыр Агрохолдингі» ЖШС құрылды. 
Ауыл шаруашылығын өндірушілерді қолдау мақсатында 2013 жылы «Байқоңыр Агрохолдингі» ЖШС күрішті 40 теңгеден төмен емес бағаға сатып алу туралы шешім қабылдады.
Күріш өндіру мәселелерін жүйелі түрде шешу үшін күріш кластері құрылды, күріш кластерін қалыптастыру жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда құрылған консорциум шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, қайта өңдеушілер атқарушы органдар, инвесторлар, қаржылық институттар мен «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ да өз күштерін біріктірді.
Мал шаруашылығы 
2013 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 900 млн. теңге бөлінді, бұл 2012 жылға қарағанда 30 пайызға артық.
Облыс бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына 240,8 мың бас мүйізді ірі қара (МІҚ), 581,2 мың бас қой мен ешкі, 75,2 мың бас жылқы, 33,3 мың бас түйе  және 91,1 мың бас құс өсірілуде.
«Ірі қара мал етінің әлеуетін жақсарту» жобасы аясында 2013 жылы 2954 бас ірі қара малы және 169 бас бұқа сатып алынды. Жоспар 23 пайызға орындалды.
Бұдан өзге шаруашылықтардың өз қаржылары есебінен ет бағытындағы асыл тұқымды «Қазақтың ақбас» сиыры тұқымының 100 бас қашары мен 20 бас бұқа сатып алынды. «ҚазАгроӨнім» АҚ-на  еншілес «KazMeat» ЖШС-нан ет бағытындағы мал шаруашылығын ұйымдастыру мақсатында несие алынып, 210 бас тауарлы сиыр және 7 бас ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Қазалы ауданы мен Қызылорда қаласында бордақылау алаңдарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Ветеринария 
2013 жылы республикалық бюджет есебінен эпизоотиялық іс шаралар жүргізу үшін жануарлардың 15 жұқпалы ауруының алдын алу мақсатында 630 млн. теңге қаржы бөлінді.       
Ауыл шаруашылығы малдарының энзоотиялық ауруларына қарсы дәрі-дәрмектер сатып алуға облыстық бюджеттен 67,5 млн. теңге бағытталды. Осы қаржыға қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынып, 124,0 мың бас МІҚ, 388,7 мың бас уақ мал, 42,4 мың бас жылқы, 16,6 мың бас түйе алдын ала егілді.  
Республикалық бюджет есебінен ветеринарлық ұйымдар үшін қажетті автокөліктер мен ветеринарлық құрал-жабдықтар сатып алынды. 
Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.
Азық-түлік қауіпсіздігі
Статистикалық мәліметтер бойынша 2013 жылдың желтоқсан айындағы азық-түлік тауарларының индексі өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда облыс бойынша 103,0 пайызды (республика бойынша – 103,3 пайыз) құрады.
Бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында жыл бойы 29 ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда азық-түлік бағалары базар бағасынан 10-15% төмен сатылды.
Облыс көлемінен тыс жерден әкелінетін азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі жабдықтаушылармен әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларын сату кезінде 10 пайыздық үстемеден асырмау туралы 35 меморандумға қол қойылды.
 1-сұрыпты нан, 1-сұрыпты ұн бағаларын қадағалау жұмыстары аясында облысқа 32,2 мың тонна бірінші сұрыпты ұн әкелінді. 
Нан бағасы тұрақты, орташа бір данасы 43 теңгені құрайды.
Облыста қалыптасқан тұрақтандыру қоры 11 аталым бойынша негізгі азық-түлік өнімдері интервенциясын жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Тұрақтандыру қорындағы өнімдер 12 әлеуметтік сауда павильондарында (Қызылорда қаласының әр шағын ауданында) нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен сатылуда.
Облыс орталығын маусымаралық мерзімде көкөніс өнімімен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласында 120 дана жылыжайдың құрылысы салынып, іске қосу 2014 жылдың 1-ші жартыжылдығына жоспарлануда.
Балық шаруашылығы 
Балық шаруашылығы облыстағы ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі. 
САРАТС жобасының 1-кезеңін жүзеге асыру нәтижесінде балық аулау көлемі 4,5 – 5 есеге, оның ішінде Кіші Арал теңізінен ауланатын балықтың көлемі  10 есеге артып, 26-дан аса балық түрлері қалпына келді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мүдделі орталық атқарушы органдармен жобаның ІІ фазасының  бастапқы кезеңін жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Балық шаруашылығы субъектілерінің қызметін үйлестіру мақсатында облыстың балық шаруашылығын дамыту бойынша консорциум құрылды. Консорциумға 19 шаруашылық пен ғылыми-зерттеу институты және «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Арал филиалы, сондай ақ,  «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ мүше болып кірді. 
2013 жылы 5 728 тонна балық ауланды. 
Облыста су айдындарын балықтандырумен «Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК  айналысуда. Кәсіпорын  жыл сайын 15,0 млн. дана  тұқы тектес, дөңмаңдай, ақ амур сияқты балық шабақ түрлерін өсіруде. 
Облыс бойынша балық өңдеу мекемелерінің жылдық  қуаттылығы  11 мың тоннадан асады. Оның ішінде, «Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауыты және Қазалы ауданындағы «Бахыт» шаруа қожалығының балық өңдеу зауыттарының балықты терең  өңдеуге мүмкіндіктері бар. Өткен жылы Арал балықты қайта өңдеу зауытына қолдау көрсетілді.
2013 жылы Кеден одағынан тыс жерлерге  құны 1 млн. 493 мың АҚШ доллары болатын 411,2 тонна мұздатылған балық өнімдері  балық сүбесі (филе) экспортталды.
Ауылдық елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету
Ауылдық елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету жөнінде облыс әкімдігімен бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
2013 жылы 6 канал тазаланып, нәтижесінде ауыл тұрғындарына 258,1 гектар жерге бау-бақша және  көкөніс дақылдарын егуге мүмкіндік туды.
Өздігінен су бармайтын елді мекендерді  аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 80,3 млн. теңге бөлініп, 1 дана электрлі және 11 дана дизельді сорғы қондырғылары алынып берілді. 
Жобамен қатар сорланған көлдерді қалпына келтіру жұмыстары басталды, сондай-ақ, Арал ауданында 15,9 га сорланған көлдерді көму жұмыстары жүргізілді.
Жерді түгендеу бойынша
Мемлекет басшысы белгілеген мәселелерді жүзеге асыру мақсатында аймақтағы ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану бойынша түгендеу жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін ауыл шаруашылығы алқаптары мен меншік иелері бойынша түгендеу жұмыстары өңірімізде кезең-кезеңімен 3 жыл мерзімде (2012-2014 жылдар аралығында) жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыстар облыс көлемінде соңғы рет 2001-2003 жылдары жүргізілгенін айта кету керек.
Түгендеу жұмыстары барысында 197 мың га пайдаланылмаған жерлер, оның ішінде 79,2 мың гектары ауыл шаруашылығына қайта тартылғаны анықталды. 
Тұрғын үй құрылысы және абаттандыру
2013 жылы 270,3 мың шаршы метр құрайтын тұрғын үй  пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 2275 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. 
«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен  4,8 млрд. теңге алынып, соның есебінен:
200 пәтерлі 4 несиелік тұрғын үй, 219 пәтерлі 33 жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 169 пәтерлі 32 тұрғын үй  кезекте тұрған азаматтарға және 1 тұрғын үй  жас отбасыларға арналған.    
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 113 пәтерлі 55 тұрғын үйдің құрылысы салынды. Оның ішінде Қызылорда қаласында 60 пәтерлі 2 тұрғын үй, Әйтеке би кентінде 8 бір пәтерлі тұрғын үй, Жалағаш ауданында 10 тұрғын үй және Қазалы ауданында 35 тұрғын үй пайдалануға берілді. 
Тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-мен бірлескен жұмыстар атқарылуда. 
«Қазақстан ипотекалық компаниясының» жүргізген жұмыстарының шеңберінде Қызылорда қаласында  көлемі 4 га болатын 2 жер учаскесі бөлінген. 2014 жылы 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. 
«РМЗ Шапағат» ЖШС «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-мен 2014 жылы кезең-кезеңімен 12 тұрғын үй салуға келісім жасады. 
Бұған қоса Қорға 35 пәтерлік 6 тұрғын үй салуға жер учаскесі бөлінді. Қазіргі күні бұл үйлердің  жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Қызылорда қаласында Үй құрылысы Комбинатының құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Қазіргі уақытта комбинаттың құрылыс-монтаж жұмыстары 38 пайызға орындалған. Мемлекеттік қолдау аясында облыс әкімдігі СПК «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ арқылы ішкі инженерлік коммуникация құрылысын жүргізетін болады. 
Абаттандыру
2013 жылы Қызылорда мен аудандардың елді мекендерін абаттандыруға барлығы 3,7 млрд. теңге, оның ішінде, республикалық бюджеттен 230,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен 3,5 млрд. теңге бөлінді.
Бөлінген қаржыға Қызылорда қаласында аулаішілік жолдары мен жүргіншілер жолын,  37 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізілді. 23 балалар алаңы, 26 автобус аялдамасы салынып, ұзындығы 36,9 шақырым болатын 28 көше жарықтандырылды.  
Сондай-ақ, «Қызылорда тазалығы» ЖШС-ның материалдық-техникалық базасын нығайтуға 813 млн. теңгеге 90 арнайы техника сатып алынды.
Инфрақұрылымды дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде
 Жылу беру маусымына әзірлік жасауға облыстық бюджеттен 397 млн. теңге бөлініп,  соның есебінен «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК «Оңтүстік қазандық» филиалының негізгі екі қазандығы қайта жөндеуден өткізілді. 
2013-2014 жылу беру маусымына сапалы дайындалу мақсатында облыстық штаб құрылды. Қызылорда қаласы мен аудандардың әлеуметтік және шаруашылық жүргізуші нысандарында күзгі-қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша жылу беру кезеңі штаттық режимде өтуде. 
Облыстың әлеуметтік нысандары мен тұрғындары үшін жеткілікті көмір, дизель отыны әкелінді. ҚР Үкіметінің резервінен қосымша  отын – мазут сатып алуға 2,6 млрд. теңге бөлінді. 
Қызылорда қаласының халқын ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында жобаалды құжаттамасы әзірленуде. Пилоттық жоба негізінде Қызылорда қаласындағы 2 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етілді (Қорқыт ата көшесіндегі 138 а, б).
Сумен қамтамасыз ету
2013 жылдың қорытындысы бойынша 263 ауылдық елді мекеннің 72 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қосылған (2012 жыл қорытындысы бойынша 178 АЕМ немесе 68 пайыз).  
«Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Арал ауданының ашық су көздерін пайдаланып келген 8 елді мекенін  (Райым, Құмбазар, Ақшатау, Ескіұра, Қызылжар, Шөмішкөл, Үкілісай, Бекбауыл елді мекендері) «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбырына қосу жұмыстары аяқталды. Өткізілген жұмыстар нәтижесінде ашық су көзін пайдаланушы елді мекендер мәселесі шешілді.
Жергілікті атқарушы органдардың ҚР Өңірлік даму министрлігімен  жасалған жұмыстары нәтижесінде «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша облысқа 8,0 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 16 елді мекендегі су жүйелерін жаңғырту нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Соның ішінде Арал ауданының Сапақ, Қосжар, Жалаңаш, Ақбай, Жақсықылыш, Қазалы ауданының Ақсуат, Қармақшы ауданының Көмекбаев, Жалағаш ауданының Таң, Еңбек, Жаңаталап, Сырдария ауданының Тереңөзек, Жаңақорған ауданының Талап, Кейден елді мекендерінде, Қызылорда қаласының Қараөзек елді мекені мен  Белкөл, Тасбөгет кенттерінде.   
Газдандыру
Облыста «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырына елді мекендерді қосу арқылы газдандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.   
2014-2016 жылдар аралығында 21 елді мекенді газбен қамтамасыз ету межеленіп, облыс халқының 70 пайызын газбен қамтуға қол жеткізу жоспарлануда.
Осы міндеттерді жүзеге асыруға облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға кезең-кезеңімен жобаалды және жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Осы мақсатқа 2013 жылы 569 млн. теңге бөлінді.
Аймақты газдандырудың бірінші кезеңін жүзеге асыру шеңберінде 2013 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның қаржысы есебінен жалпы құны 6,1 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырына қосу арқылы Қызылорда қаласын толықтай газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ,  ГРП-1-ден «Қызылордаоңтүстікжылуорталығына» дейін жоғарғы қысымды газ құбыры құрылысын салу арқылы облыс орталығындағы газ тарату жүйелеріндегі газ қысымын тұрақты қалыпқа келтіру мәселелері шешімін тапты. 
Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес 2014 жылы барлығы 16,5 млрд. теңгеге газ құбырының бұрыптары және  облысымыздың  барлық аудан орталықтарына 6 автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысын бастау жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Оңтүстік-Торғай» ойпатындағы Арысқұм иініндегі кен орнының газын тиімді пайдалану мақсатында 2013 жылы «ПетроҚазақстанҚұмкөл Ресорсиз» АҚ-ның тапсырысымен «Арысқұм» кен орнындағы кешенді газ дайындау қондырғысы құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бүгінгі күні ҚР Мұнай және газ министрлігімен құрылыс жұмыстарын 2014 жылы бастауға келіссөздер жүргізілуде.   
Сондай-ақ, Өңірлік даму министрлігімен атқарылған жұмыстар нәтижесінде, Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округін және Тасбөгет кентін газдандыру үшін 2014 жылға республикалық бюджеттен   1,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұдан басқа, аталған министрлікпен кентішілік газ тарату жүйелерінің құрылысы жобаларын қолдау жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді.
Энергетика
Өңір экономикасы мен тұрғындардың электрэнергиясына қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында облыста мақсатты жұмыстар жасалуда.
Жоғары кернеудегі (35 кВ) 3 қосалқы станса қайта жаңғыртылып, 28 шақырым жаңа электр желісі жүргізілді.  Бұл мақсатта республикалық және облыстық бюджеттерден 1,5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. 
Аймақтың энергетикалық тәуелсіздігіне және энергетика саласын тиімді дамыту мақсатында «Энергия» консорциумы құрылды. Консорциум құрамына 24 энергия өндіруші, тасымалдаушы мекемелер мен ірі тұтынушы кәсіпорындар кірді. 
Консорциумның ең басты басымдығының бірі «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның қаржылық жағдайын жақсарту болып таб

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз