Қызылорда облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

118

0

Қызылорда облысының 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларыОблыстың
2014 жылға арналған әлеуметтік және экономика­лық дамуының мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республи­касының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір
мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауына және «Қызылорда облысының 2020 жылға
дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясына» сәйкес қабылданған Қызылорда
облысы әкімінің 2014 жылға арналған іс-қимыл жоспарында айқындалды.

Іс-қимыл жоспарының басты басымдықтары
ретінде кіші кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау, апатты жағдайдағы мектептер мәселесін
шешу, өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуші инфрақұрылымдарды дамыту, оның ішінде
облысты газдандыру мәселесін дамыту белгіленді.
Іс-қимыл жоспарындағы 195 іс-шараның
80%-ға жуығы толығымен орындалды. Ұзақ мерзімде жүзеге асырылатын іс-шаралар Қызылорда
облысы әкімінің 2015 жылға арналған іс-қимыл жоспарының аясында жалғасын табатын
болады.
Жалпы аймақта экономиканың және әлеуметтік
сала дамуының оң серпіні сақталды.
2014 жылдың қорытындысымен өңдеуші өнеркәсіп
саласы өнімдерінің көлемі 7,9%-ға артты, ал республикалық орта көрсеткіш 1%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер
күріштен жақсы өнім алды. Мал басының өсу үрдісі байқалады.
Шағын және орта бизнес субъектілері белсенділері
санының арту қарқыны республика өңірлерінің ішінде барынша жоғары болып отыр.
Жыл ішінде экономика салаларында 11 мыңнан
аса жұмыс орындары ашылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда айтарлықтай көбейген. Нәтижесінде
жұмыссыздық деңгейі 5%-ға дейін төмендеді, 
бұл республикалық орташа көрсеткіш деңгейінен аспайды.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін
төмендетуге қол жеткізілді, 2013 жылғы 6,7%-дан 2014 жылы 4,7%-ға дейін азайды.
300 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға
берілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 108,6%-ды құрайды.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ облысты газдандыруға
бағытталған 23 млрд. теңге қаржыны құрайтын ресурстарды игеруді бастады.
Көлік тасымалы саласының барлық көрсеткіштері
бойынша оң өсу үрдісі сақталуда. Бөлшек сауда көлемі 22%-ға артты.
Бір жұмыскердің орташа айлық  жалақысы 7%-ға өсіп, 99220 теңгені құрады.
Айқындалған басымдықтарға сәйкес өткен
жылы апаттық жағдайдағы мектептердің (24) орнына бірден 12 мектеп құрылысы бас­талды.
Азық-түлік тауарларына тұтынудың индекстік
бағасы 107,5%-ды құрады, бұл жалпы еліміз бойынша көрсеткіштен төмен (108%).
ЭКОНОМИКА
Бюджет
Бюджеттің кіріс бөлігі

Облыс шоғырландырылған бюджетке (мемлекеттік
бюджет және Ұлттық қор) 402,2 млрд. теңге мөлшерінде кіріс түсіруді қамтамасыз етті
(республика аймақтары арасында 7-ші орын).
Мемлекеттік бюджетке 2014 жылы жоспардағы
85,4 млрд. теңгенің орнына, 88,2 млрд. теңге кіріс түсті, яғни 103,4%-ды құрап,
болжамнан артық 2,8 млрд. теңге кіріс түсті.
Республикалық бюджет жоспары 99,7%-ға
орындалды. Бұл ретте болжамдарды орындау жағынан Қызылорда облысы республика
өңірлері бойынша рейтингте бірінші орында тұр.
Жергілікті бюджет бойынша болжам
105,1%-ға орындалды. Кіріс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 14 млрд. теңгеге
артты.
Жыл көлемінде бюджетті 22,4 млрд.
теңгеге толықтырудың қосымша көздерін іздестіру қамтамасыз етілді, бұл өз
кезегінде аса өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуді жалғастыруға мүмкіндік
туғызды.
Бюджеттің шығыс бөлігі
Облыс бюджеті 2014 жылы 207 млрд.
теңгеге жетті, бұл 2013 жылға қарағанда 28,1 млрд. теңгеге артық. Оның ішінде
күрделі тұрғыдағы шығыстар (құрылыс, күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар сатып алу)
62 млрд. теңгені  құрады және алдыңғы
жылмен салыстырғанда     2,3 млрд.
теңгеге немесе 4%-ға (2012 жылмен салыстырғанда 25,4 млрд. теңгеге немесе
70%-ға) артты.
Бюджет шығыстарының жалпы көлемінің
58 пайызы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталды. Оның ішінде, білім беру
саласының шығындары 2013 жылмен салыстырғанда 9 млрд. теңгеге (немесе 16%-ға)
артып, 66,3 млрд. теңгені құрады, денсаулық сақтау саласында 3,9 млрд. теңгеге
(13%-ға) артып, 33 млрд. теңгені құрады, көлік және байланыс саласында 1,7
млрд. теңгеге (17%-ға) артып, 11,6 млрд. теңгені құрады, мәдениет және спорт
саласында 3,9 млрд. теңгеге (47%-ға) артып, 12,2 млрд.теңгені құрады.
Жан басына шаққанда бюджет
қаражатының шығыстарын жұмсау деңгейі бойынша өңіріміз республикада төртінші
және әлеуметтік салаға жұмсау бойынша бірінші орында. Жан басына шаққандағы
шығыстардың орташа республикалық көрсеткіші 2014 жылы 212,3 мың теңге болса,
Қызылорда облысы бойынша ол 263,8 мың теңгені құрады (24%-ға артық). Оның
ішінде, әлеуметтік салада жан басына шаққандағы шығыстардың республика бойынша
орташа көрсеткіші 120 мың теңгені құраса, облыс бойынша 168 мың теңге (40%-ға
артық) болды. Атап айтқанда:
– білім беру саласында – 88,4 мың
теңге, республика бойынша орташа  60,9
мың теңге  (45%-ға артық);
– денсаулық сақтау саласында – 44 мың
теңге, республика бойынша орташа 32,7 мың теңге (35 %-ға артық);
– әлеуметтік қорғау саласында – 10,3
мың теңге, рес­публика бойынша орташа 
7,1 мың теңге (45%-ға артық);
– мәдениет, спорт, туризм және
ақпараттық кеңістікте – 16,4 мың теңге, республика  бойынша 
орташа 12 мың теңге (37%-ға 
артық).
Бюджеттің орындалуы
2014 жылға Қызылорда облысының
бюджеті шығыстар бойынша 99,7% орындалды (жоспар  207 млрд.теңге болғанда – орындалуы 206,4
млрд. теңгені құрады). Игерілмегені 648,6 млн. теңге (2013 жылы игерілмеген
қаржы 2,8 млрд. теңгені құраса, 2012 жылы – 4,8 млрд. теңге).
Коммуналдық меншікті басқарудың
тиімділігін арттыру

Облыстың коммуналдық меншігіне 718
мемлекеттік мекеме, 427 коммуналдық кәсіпорын қарайды және 17 ЖШС мен 2 АҚ-да
мемлекеттің үлесі бар.
Егер де 2013 жылдың қорытындысы
бойынша жалпы қаржылық нәтиже әлі де теріс болған болса (шығындар 463 млн.
теңгені құраған), 2014 жылы коммуналдық меншіктегі объектілердің қаржылық-шаруашылық
қызметінің нәтижесімен, алдын ала алынған мәліметтерге сәйкес пайда 821,5 млн.
теңгені құрады.
2010 жылдан бері облысымызда
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ қызмет
жасап келеді.
2013 жылы ӘКК қызметі шығынсыз деңгейге
жеткізілді. Шоғырландырылған көрсеткіштері бойынша  (еншілес және тәуелді компанияларды есепке
алғанда) акционерлік қоғам өткен жылдардағы шығындарын жауып, 2013 жылды 9,7
млн. теңге пайдамен аяқтады және де бюджетке үлес пайдаларын төледі.
Алдын-ала алынған мәліметтер бойынша
2014 жылды да 52,8 млн. теңге пайдамен аяқтады.
2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан
Респуб­ликасының Заңына сәйкес өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікті жария
ету жұмыстары басталды.
Жыл аяғына қарай мүлікті жария етуге
облыс бойынша барлығы 234 өтініш түскен,оның ішінде 282-сі жылжымайтын
мүлік  нысандары.
Жария етуге ұсынылған мүліктердің
жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрады. 147 арыз бойынша сомасы 628,3 млн. теңге
құрайтын 169 жылжымайтын мүлік нысандары жария етілді.
Сонымен қатар, 2014 жылы
жекешелендірудің екінші толқыны басталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 31 наурыздағы «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» №280
қаулысына сәйкес облыс бойынша жекешелендіруге жататын 6 коммуналдық меншіктегі
ұйым мен «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның 11 еншілес және тәуелді ұйымдары анықталды.
2014 жылғы кестеге сәйкес ӘКК екі жобадағы үлесі бәсекелестік ортаға жіберілді
(«Шоғырлы сүт» ЖШС және «Қызылорда балық ӘКК» ЖШС).
Индустриалдық-инновациялық даму.
2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің
көлемі 1132 млрд. теңгені құрап,   өткен
жылдың деңгейінен 3,1%-ға төмен болды. Бұл – жұмыс істеп тұрған мұнай
кеніштерінің сарқылуына және мұнай шығару көлемінің қысқаруына байланысты болып
отыр. 2014 жылы 9,9 млн. тонна мұнай өндірілді, яғни  2013 жылға қарағанда 6,3%-ға кем.
Сонымен қатар, азық-түлік тағамдары
өндірісінің, химиялық өнеркәсіптің, резеңке және пластмасса өнімдерінің, мұнай
өңдеудің артуы есебінен өңдеу өнеркәсібінде едәуір өсуге қол жеткізілді,
физикалық көлем индексі 107,9%-ды құрады.
Жыл ішінде жалпы құны 6,7 млрд.
теңгені құрайтын                         
12 индустриялық нысан пайдалануға беріліп, онда 700-ден аса тұрақты
жұмыс орындары құрылды.
Қазақстанды Индустрияландыру картасы
аясында облысымызда жалпы сомасы 189, 8 млрд. теңгені құрайтын 26 жоба (оларда
3 мың жұмыс орны және құрылыс кезінде қосымша 3,1 мың жұмыс орны құрылатын
болады), оның ішінде  аймақтық карта
аясында, жалпы құны 137,7 млрд.теңгені құрайтын 25 жоба бар.
2010-2014 жылдары 82 млрд. теңге
соманы құрайтын  17 жоба жүзеге асырылды.
Оның ішінде, 523 жұмыс орындары құрылады деп жоспарланған құны 3,9 млрд.
теңгені құрайтын 3 жоба пайдалануға берілді. Нақтысында 1000 жұмыс орны
құрылды.
Атап айтқанда:
1) «Химиялық реагенттерді өндіруді
жетілдіру өнді­рісінің көлемін ұлғайтуды жаңғырту» жобасы, құны – 500 млн.
теңге, қуаттылығы – жылына 2000 тонна. Нысан 2014 жылдың қаңтарында пайдалануға
берілді.
Компаниямен өндірілетін химиялық
реагенттер мұнай  құбырларындағы қақтарды
жоюға аса тиімді. Аталған  реа­генттерді
қолдану   құбыр жүйелерінің коррозияға
ұшы­рауына жол бермей, оның пайдалану мерзімін ұзартады.
2014 жылдың өзінде 2 мың тонна
шамасында реагенттер өндірілді, яғни, өндіріс толық қуатпен жұмыс жасауда.
Бүгінгі күні облыстағы мұнай
компанияларымен өнімдермен қамтамасыз ету келісімшарттары жасалды.
2) «Ас және техникалық тұз өндірісін
жаңғырту» жобасы  жұмыс жасап тұрған тұз
шығаратын өндірісті кеңейтуге бағытталған. Жоба құны –  2,1 млрд. теңге. Қуаттылығы – жылына 213 мың
тонна тұз. 
Жаңғыртуға дейін «Арал Тұз» АҚ жылына
120 мың тонна тұз өндірді, оның ішінде 80 мың тонна ас тұзы, 40 мың тонна
техникалық тұз. Жаңа зауыттың іске қосылу нәтижесінде өндіріс қуаттылығы –
1,8-есеге ұлғайтылды.
3) Жалағаш ауданындағы «Мия тамырын
өсіру және қайта өңдеу» жобасы шетелдік капиталдың (ҚХР) қатысуымен жүзеге
асырылды. Жоба құны – 1,8 млрд.теңге. Қуаттылығы  жылына – 1000 тонна мия тамыры сығындысы, 100
тонна моноаммоний  глициризинаты. Бірінші
кезеңде өнімнің 3 түрін өндіру жоспарлануда, өндіріс көлемі  жылына 746 тоннаны құрайтын болады.
Индустрияландырудың республикалық
картасы ая­сын­­­да «Қызылорда қаласындағы қуаттылығы жылы­на 197 100 тонналық
беттелген шыныны өндіру және өң­деу зауытының құрылысы» жобасы бойынша Қы­зыл­­орда
қаласының индустриалдық аймағынан 50
га жер телімі бөлінді. Бюджет қаражаты есебінен инже­нер­лік
инфрақұрылым жүргізілді.  ТЭН, ЖСҚ
бойынша әзірлеу жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптама қоры­тындысы алынды.
Индустрияландыру картасы аясында 2014
жылы іске қосылған  жаңа өндірістер
қазірдің өзінде 10,8 млрд. теңге көлемінде өнім өндіріп үлгерді. 2013 жылмен
салыстырғанда өнім көлемі 35%-ға өсті (8 млрд. теңге).
Мұнан бөлек, өткен жылдың қаңтарында
«Smart­Rubber» ЖШС тозығы жеткен автокөліктердің дөңге­лектерін қайта өңдеу
және жоғары сапалы резеңке үгін­ділерін алу, сондай-ақ жерасты суару құбырларын
жасау желісі бойынша зауытты іске қосты. Зауытта «жасыл экономика»
принциптеріне толық сәйкес келетін инновациялық неміс технологиясы қолданылады.
Қуатты­лығы – жылына 270 тонна резеңке үгіндісі, 440 тонна пәрменді резеңке
үгіндісі, 3,9 млн. метр жерасты суару құбырлары.
2014 жылдың шілде айында құрамында
токсинді-сынапты энергияүнемдегіш лампыларды жинақтау және залалсыздандыру
желісі пайдалануға берілді. Жоба «Биз­нестің жол картасы-2020» бағдарламасы
аясында бөлінген грант есебінен қаржыландырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау
ретінде өнеркәсіп 0,5 га
көлемінде жер учаскесін алды. Өндірістің іске қосылу сәтінен бастап 10 мыңнан
аса лампы залалсыздандырылды.
2014 жылғы қыркүйекте «Табиғи тас
оңтүстік» ЖШС   құны 900 млн. теңге
құрайтын, қуаттылығы жылына – 40 мың тонналық «Қиыршық тас  шығаратын зауытты» пайдалануға берді.
Осылармен қатар, «Қазақстан Темір
жолы» Ұлттық компаниясы  теміржол
составтарына  арналған қосалқы және
жиынтық бөлшектерді өндіруді жолға қою мақса­тында Қызылорда қаласында машина
құрастыру зауыты құрылысы бойынша дайындық жұмыстарын жүр­гізуде. Аталған
жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөнінде «Байқоңыр» ӘКК мен «Азиаш» ЖШС
арасында  келісімге қол қойылды. Жобаға
қатысатындығын «Strojirna TYC.s.r.o.» чех компаниясы да мәлімдеп, бірлесіп
жұмыс атқару жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл компания сандық
бағдарламалық басқару жүйесі бар технологиялық құрал-жабдықтар жеткізуге ықпал
ететін болады.
Облыс аудандарында 2014 жылы
төмендегі нысандар пайдалануға берілді:
Қазалы ауданында:
– құны 16,6 млн.теңге құрайтын  құрылыс материалдары өндірісі (ЖК
«Рахметов»);
– құны 10 млн. теңге құрайтын нан
цехы (ЖК «Т. Бейсенали»);
– құны 6 млн.теңге құрайтын  құрылыс материалдары өндірісі (Ар-М-Кон»
ЖШС).
Жалағаш ауданында:
– құны 9 млн. теңгелік мал бордақылау
кешені мен мал сою нүктесі  (ЖК
«Қанатбаева»).
Шиелі ауданында:
– қуаты жылына 60 мың тонна өнім
шығаратын  әк зауыты («Шиелі тас
оңтүстік» ЖШС). Жоба құны – 777 млн. теңге;
– қуаты жылына  250-300 тонна мия ұнтағын әзірлейтін мия
тамырын өңдеу зауыты («Мия Шиелі» ЖШС). Жоба құны  – 612 млн. теңге.
Индустриялық аймақтар құру
Облыстың барлық 7 ауданында және
Қызылорда қаласында индустриялық аймақтар құрылуда.
Өткен жылы республикалық бюджет
есебінен облыстың 4 ауданында (Арал – 191,9 млн. теңге, Қазалы –  153,6 млн. теңге, Жалағаш – 271,7 млн. теңге,
Шиелі – 217,5 млн. теңге) индустриялық аймақтарға инженерлік инфрақұрылымдар
тартылды.
Құрылған аймақтарда инвестициялық
жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды: Арал ауданында – 359 млн.
теңгеге 2 жоба, Қазалы ауданында – 141,2 млн. теңгеге 6 жоба, Жалағаш ауданында
– 131 млн. теңгеге 4 жоба, Шиелі ауданында – 1,4 млрд. теңгеге 3 жоба.
Сондай-ақ, Сырдария және Қармақшы
аудандарын­дағы индустриялық аймақтардың инженерлік инфра­құ­рылымдар
құрылысының жобалық-сметалық құжаттама­ларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Өңірді дамытудың стратегиялық
басымдылықтарына сәйкес металлургиялық кешенді қалыптастыру жұмыстары
жүргізілуде.
2014 жылы Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы кен-металлургия Кеңесінде «Қызылорда облысының
кен-металлургия кешенін дамытудың Жол картасы» бекітілді.
«Жол картасының» бастапқы кезеңінде
келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:
-кенішті кеңейту және «Шалқия»
қорғасын-мырыш кен орнынан өнімділігі жылына 4 млн. тонна руда шығаратын
кен-байыту комбинатының құрылысы;
-«Бала-Сауысқандық» ванадий кен
орнының рудалық қорын кеңейту және руданы қайта өңдеу көлемін жылына 1 млн.
тоннаға дейін арттыру, сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы ферроқорытпа зауытының
құрылысы;
«Шалқия» кен орны бойынша
«Самұрық-Қазына» ҰК бірлесіп құқық берушілік барлық құжаттарды ресім­деу
аяқталды және қайта сауықтыру процесі басталды. Бүгінгі күні жөндеу-қалпына
келтіру жұмыстары қар­қынды жүргізілуде. Одан басқа, «Байқоңыр» ӘКК ҰК» АҚ
Қызылорда қаласында ферроқорытпа зауыты құрылысының жобаға дейінгі
құжаттамаларын әзірледі. Кәсіпорын үшін Қызылорда қаласында құрылатын ин­дустриалдық
аймақтан аумағы 50 га
жер телімі бөлінді.
Кәсіпкерлікті дамыту
2014 жылы «Бизнестің жол картасы –
2020» бағдар­ламасы аясында кәсіпкерлікті қолдауға 1,4 млрд. теңге бағытталды.
Атап айтсақ, облыста жалпы сомасы 6,9
млрд. теңгелік 80 жобаға субсидия берілуде. Несиелерді ішінара кепілдендіру
бойынша 90 млн. теңге бөлінді. Егер 2010-2013 жылдары бұл бағытта 23 жобаға
қолдау көрсетілсе, 2014 жылдың өзінде 31 жоба болып отыр. Гранттық қар­жыландыру
бойынша 12 млн. теңге, валюталық кредиттері бар кәсіпорындарға қолдау көрсету
үшін 70 млн. теңге бөлінді. Жұмыс жасап жатқан бизнесті сервистік қолдау
аясында 47,5 млн. теңге қаржыландырылды. Облыстың 621 кәсіпкеріне тегін негізде
және салалық шектеусіз бизнес жоспарларын жасауға, бухгалтерлік есептерін
жүргізуге, кедендік құжаттарын ресімдеуге, заң қызметін көрсетуге, мемлекеттік
сатып алуға қатысу үшін құжаттар ресімдеуге, сертификаттау стандарттарын және
IT технологиясын ендіруге ықпал жасау бойынша кешенді сер­вистік қызметтер
көрсетілді.
Аймақтық Кәсіпкерлер Палатасы
бизнесті дамытуда айтарлықтай роль атқарып келеді, өз қызметі аясында көптеген
маңызды бастамаларды жүзеге асырып, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай туғызуға ықпал
етуде.
Жыл ішінде облыс әкімі жанындағы
кәсіпкерлер кеңесінің 13 отырысы өткізілді, онда 20 жоба қаралып, 18-і қолдау
тапты, 2 жоба жетілдірілу үстінде.
Аймақтық инвестициялық орталық
құрылды.
ІІІ және ІV инвестициялық форумдар
өткізілді, онда инвесторлармен өзара ынтымақтастық жөнінде 15 меморандумға қол
қойылды.
«Еуразиялық Экономикалық Одақ
жағдайындағы Қызыл­орда облысының жаңа инвестициялық мүмкіндік­тері»
тақырыбында өткен соңғы, ІV инвестициялық Форум аясында Байқоңыр қаласында
Еуразиялық Экономикалық Комиссияның кәсіпкерлік мәселелері бойынша кеңесші
комитетінің  алтыншы отырысы өткізілді.
41 кәсіпорын қатысқан «Қазақстанның
үздік тауарлары – 2014» аймақтық байқау көрмесі өткізілді.
«РЗА» АҚ (Қазалы ауданы)
республикалық «Алтын Сапа» және «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС «Парыз» бизнестің
әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының «Гран-при» жүлдесін алуы өткен жылдың
маңызды оқиғалары болды.
Мемлекет Басшысының тексерулерге
мораторий жариялаған жағдайында, сондай-ақ, атқарылған жұмыс­тар нәтижесінде
жыл ішінде белсенді кіші және орта  кәсіп­керлік
субъектілерінің саны 5,5%-ға артты. Өсу қарқыны бойынша облыс республика
аймақтарының арасында           І орынды иеленді. Олардағы жұмыспен
қамтылғандардың саны 17%-ға артып, 83,5 мың адамды құрады.
Банк секторы
2014 жылдың басында жүргізілген
ұлттық валюта бағамының өзгеруі облыстың банктік жүйесінің қызметіне
айтарлықтай әсер ете қойған жоқ. Жыл көлемінде екін­ші деңгейдегі банктер
филиалдарында нақты ақша жетімсіздігі байқалған жоқ.
Сыртқы жағымсыз факторлардың әсеріне
қарамастан 2014 жылы облыстағы екінші деңгейдегі банктермен 119,3 млрд.
теңге  несие берілді, бұл  2013 жылы берілген несиелерден 5,5 млрд.
теңгеге (4,8%) артық. Оның  37,2 млрд.
теңгесі (19,3%-ға артық)  заңды
тұлғаларға берілген болса, оның 15,9 млрд. теңгесі кіші бизнес субъектілерін
қолдауға бағытталған, яғни 2013 жылға қарағанда 5,8 млрд. теңгеге артық. Жеке
тұлғаларға 82,1 млрд. теңге көлемінде несие берілді. (2013 жылы – 82,7
млрд.теңге).
Тұрғындар салымдарының көлемі 2015
жылдың 1 қаңтарына 40,3 млрд. теңгені құрады және жыл ішінде 5,5 млрд теңгеге
артты.
2014 жылы  облыста «ДБ «Сбербанк России» АҚ филиалы өз
жұмысын бастады, бұл өз кезегінде 
халыққа, ірі және орташа 
кәсіпорындарға, кіші және орта 
бизнес субъектілеріне көрсетілетін банктік қызмет ауқымын кеңейтуге ықпал
етеді.
Ауыл шаруашылығы
Өткен жылы ауыл шарушылығын қолдауға
бюджеттен 8 млрд. теңге бөлінді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 47%-ға артық.
Өсімдік өсіру.
2014 жылы облыс бойынша 161,4 мың
га-ға ауылшаруашылығы дақылдары егілді (олардың 87,1 мың га – дәнді дақылдар,
55,5 мың га – малазығындық, 18,0 мың  га
картоп, көкөніс, бақша дақылдары,839 мың га май және техникалық, 81,2 мың  га – күріш).
Негізгі дақыл – күріштің орташа
өнімділігі әрбір гектардан 50,1 центнерді құрады.
«Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш
ғылыми-зерттеу институты» жаңадан күріштің бәсекеге қабілетті сорттарын
шығару,  заманауи агротехнологияларды
енгізу, өнімділігі жоғары  ауылшаруашылық
дақылдарының түрлі сорттарын ендіруде 
ғылыми жұмыстар жүргізуде.
Күріш өсірумен айналысатын
шаруашылықтарды қолдау жұмыстары жалғасын табуда. 2013 жылы ӘКК-сы күріштің 1
келісін 40 теңгеден түсірмей сатып алу жөнінде «Байқоңыр» Агрохолдингімен»
шешім қабылданған болатын. 2014 жылдың 
күріш салысын сатып алу 1 келісіне 50 теңге болып бекітілді.
Нәтижесінде, Агрохолдингпен 42 күріш шаруашылықтарынан 810 млн. теңгені
құрайтын 14062 тонна күріш салысы сатып алынды. Бұл – күрішшілерге ауыл
шаруашылығы құрылғылары мен техникаларын жаңартуды бастауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда Жалағаш элеваторында
жаңа құрал-жаб­дықтарды құрудың монтаждық жұмыстары жүргі­зілуде.    
Мал шаруашылығы
2015 жылдың 1 қаңтарына облыста  251,2 мың бас ірі қара,       552,6 мың бас қой мен ешкі, 80,8 мың бас
жылқы, 34,5 мың бас түйе,      2,2 мың
бас шошқа және 83,3 мың бас тауық бар екендігі есептелді. Ірі қара мал басының  0,9%-ға, қой – 1,2%-ға, түйе 3,9%-ға өскені
байқалады.
Мал шаруашылығы саласының тиімділігін
арттыру мақсатында еліміздегі алдыңғы қатардағы «Туған жер» ШҚ ғылыми
орталығының ғалымдарымен бірлесіп, Жалағаш ауданында қой еті бағытындағы
«Еділбай»  тұқымын көбейту жөнінде
селекциялық жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа «Батыс Қазақстан облысының
өсімдік өсіру және мал өсіру ғылыми-зерттеу институты» мамандарымен бірге
әлемдік нарықта сұранысқа ие болып отырған «қаракөл» тұқымының  сұр түсін, қойдың «атыраулық майлы-етті
елтірі»  тұқымын көбейту ұйымдастырылды.
«Ірі қара мал етінің экспортталу
әлеуетін дамыту» жобасы аясында 2011-2015 жылдары 8700 бас ірі қара мал
аналығын сатып алу және 5000 бас ірі қара малын бордақылау алаңдарын
ұйымдастыру жоспарланған.
2011-2014 жылдары «ҚазАгро» АҚ
несиелік қаржысы есебінен 1734, 5 млн. теңгеге 221 шаруа қожалықтары ет бағыты
бойынша 9858 бас аналық сиыр мен 539 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынды.
Осымен, төртжылдық жоспар 140,8%-ға орындалды.
Оның ішінде 2014 жылы облыстың 50
шаруашылығы несие есебінен барлығы  421
млн. теңгеге  2364 бас ірі қара мал
аналығын сатып алды (жоспар 139%-ға орындалды).
Сондай-ақ, ет өндіру бағытында 139
бас «Қазақтың ақбас сиырлары» және «Әулиекөл» асыл тұқымды бұқалары сатып
алынды, бұл жоспарлағаннан 2,4 есеге көп.
«Аграрлық несиелік корпорациясы»
АҚ  арқылы  облыстың 12 шаруашылығы 5627 бас қой сатып
алды, оның ішінде 327-сі асыл тұқымды қошқарлар. Одан басқа, 5 шаруашылық өз
есептерінен 4470 бас қой сатып алды.
«Құлан» жобасы аясында 19 шаруашылық
613 бас жылқы, (жоспар – 300 бас), оның ішінде жалпы сомасы 178,9 млн. теңгеге
73 бас асыл тұқымды айғырлар сатып алды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту
өндірілетін өнімнің сапасы мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.
2014 жылы мемлекеттік ветеринарлық
ұйымдарды материалдық-техникалық жағынан жабдықтауға 424,8 млн. теңге бөлініп,
қажетті автокөліктер мен ветеринарлық құрылғылар сатып алынды. Облыс бюджеті
есебінен  ветеринарлық пункттер үшін  133 ғимарат 
сатып алынды.
Балық шаруашылығы
Соңғы 3 жыл ішінде балық аулау  2 мың тоннаға немесе 40 %-ға  артты.
2014 жылы ауланған балық 6,7 мың
тоннаны құрады (Кіші Аралдан – 5,6 мың тонна) және 2012 жылмен са­лыстырғанда
34% -ға өсті.
Балық өнімдері жақын және алыс
шетелдерге – Украина, Грузия, Дания, Польша, Австрия және Германияға
экспортталады. Былтырғы жылмен салыстырғанда экспорттау 14%-ға өсті.
Қазіргі таңда жалпы жылдық қуаты 11
мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Барлық балық өңдеу
кәсіпорындары халықаралық стандарттарға сәйкес қажетті құрылғылармен
жабдықталған.
Өткен жылы «Бахыт» ШҚ-на евростандарттарға
сәйкес өндіріп отырған өнімдеріне еврокод алынды.
Саланы дамыту мақсатында «Байқоңыр»
ӘКК балық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сату бойынша 4 инвестициялық
жобаны және тауарлы балық шаруашы­лығын 
дамыту бойынша 1 жобаны жүзеге асыруда.
Атап айтқанда, Арал қаласында
қуаттылығы 6 мың тонналық Арал балық өңдеу зауытын қайта қалпына келтіру
жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорында менедж­менттік  басқарудың стандарттары мен тағам өнімдері
сапасының қауіпсіздігі енгізілген. Сонымен қоса, балық өнімдерін экспорттауды
жүзеге асыру мақсатында евро санды алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Байқоңыр» ӘКК балық өндірісін дамыту
мақсатында  459 га көлеміндегі Иіркөл
тоғандап балық өсіру шаруа­шылығын қайта қалпына келтіру  жобасын жүзеге асыруда. 166 гектарлық екі тоған
«Болат» ұжымдық шаруа­шылығына жалға берілді, онда қазір тоған суын жаңарту
және балықтар жіберу жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін 130 мың бас шабақ
дайындалды.
Азық-түлік қауіпсіздігі
2014 жылдың желтоқсан айында
азық-түлік тауарла­рының индекстік бағасы 107,5 пайызды құрады, бұл
республикалық орта көрсеткіштерден (108%) төмен болып отыр.
Сырттан әкелінетін азық-түлік бағасын
тұрақтандыру мақсатында, әлеуметтік маңызы зор тауарларға өндіру­шінің босату
бағасының өсуін 5-10%-дан асырмау үшін, 46 ірі тауар жеткізушілермен меморандум
жасалды.
2014 жылы тұрғындарды сапалы әрі
арзан картоппен, жеміс-жидекпен және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерімен
қамтамасыз ету мақсатында 60 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылды,
ондағы бағалар базар бағасынан 15-20 %-ға төмен болды.
Тұрақтандыру қоры тиімді жұмыс
істейді, 13 әлеу­меттік дүкендер арқылы оның өнімдері базар баға­сынан төмен
бағамен (10-20%-ға) сатылуда. Облыс жұрт­шылығын азық-түлік тауарларымен
қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы 500 тонна картоп, 1000 тонна жуа, 500 тонна
сәбіз, 87,6 тонна күріш, тағы басқа өнімдер сатып алынды.
Олармен қоса, 1-ші сортты бидай
ұнынан жасалатын нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, 
«Азық-түлік  корпорациясы» ҰК»
АҚ  және Қызылорда облысы әкімдігінің
арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Меморандумға сай облысымызға 18,5 мың
тонна ұн әкелінді, осының нәтижесінде нанның орташа бағасы 40 теңге көлемінде
сақталуда.
Экология
Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап
қалу» (РРССАМ-2) жобасының екінші кезеңі «Қазақстанның су ресурстарын
басқарудың 2014-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» енгізілді.
Жобаның құны 23,2 млрд. теңгені құрайды.
Дүниежүзілік  Банктің қаржылық займы (85%) және
республикалық бюджет қаржысы (15%) есептерінен «Сыр­дария өзенінің арнасын
реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасына қаржы бөлу
жөнінде республикалық бюджеттік комиссиясының оң шешімі алынды. Жобаны жүзеге
асыру үстіміздегі жылға  жоспарлануда.
Экологиялық жағдайды жақсарту және
елді мекендер­ді егіндік сумен қамтамасыз ету үшін 2014 жылы 12 каналды тазарту
жұмыстары жүргізілді, 12 бірлік су  сор­ғыш
құралдары қойылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл тұрғындарының 852 гектар жерге
бақшалық өнімдер мен жеміс-жидектер егулеріне және 1,9 мың гектар жайылымдық
жерлерінің суландырылуына мүмкіндік жасалды.
Тұрғын үй құрылысы және абаттандыру
2014 жылы облыста 293,7 мың шаршы
метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 108,6%.
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» және
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламалары аясында 2014 жылы 37,5
мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (435 пәтерлік 89 үй). Олардың
ішінде:
– кезекте тұрғандар үшін 108 пәтерлік
67 үй (7,6 мың шаршы метр). Оның ішінде Арал, Қазалы, Шиелі, Қармақшы,
Жаңақорған  аудандарында 12 үйден,
Жалағаш ауданында 6 үй, Қызылорда қаласында 
1 үй;
– Қызылорда қаласында жас отбасылар
үшін 220 пәтерден тұратын 5 үй (19,6 мың шаршы метр);
– даму әлеуеті төмен елді мекендерден
көшіп келген отбасылар үшін 88 пәтерлік 15 үй (8,2 мың шаршы метр), оның ішінде
14 пәтерлік 7 үй Қармақшы ауданында, 74 пәтерлік  8 үй Қызылорда қаласында;
– апаттық жағдайдағы баспаналардың
орнына Қазалы ауданында 18 пәтерлік 1 үй (1,8 мың шаршы метр);
– Арал ауданында 1 коммуналдық үй
(0,1 мың шаршы метр) пайдалануға берілді.
Осылармен қатар, «Самұрық-Қазына»
жылжымайтын мүлік Қорының бағдарламасы аясында Қызылорда қаласында, әрқайсысы
35 пәтерден тұратын (барлығы – 210 пәтер) 6 үй құрылысы басталды. Ол үйлердің
құрылысын 2015 жылы аяқтап, 17,2 мың шаршы метр бас­пананы тұрғындарға беру
жоспарлануда.
Сондай-ақ, «Қазақстан ипотекалық
компаниясы» Қызылорда қаласында 280 пәтерлік 5 үй салуды жоспарлап отыр. Ол
үйлердің құрылысын 2015 жылы аяқтап, 17,2 мың шаршы метр баспананы тұрғындарға
беру жоспарлануда.
2014 жылы облыстың елді мекендері мен
Қызыл­ор­да қаласының инженерлік-коммуникациялық инфрақұ­рылымына 2,1 млрд.
теңге бағытталды.133,9 шақырым инфрақұрылымдық желілер пайдалануға берілді.
2014 жылы Қызылорда  қаласы мен облыстың елді–мекендерін
абаттандыруға 3,3 млрд. теңге бөлінді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Сумен жабдықтау

2014 жылдың қорытындысы бойынша
орталықтан­дырылған су құбыры жүйесіне облыс тұрғындарының 94%-ы тұратын 262
ауылдық елді мекеннің 185-і немесе 71%-ы қосылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министр­лігімен бірлесіп жүргізілген жұмыстар нәтиже­сінде облысқа 23
жобаны жүзеге асыру үшін  6 млрд.
теңгеден астам қаржы бөлінді.
Жиделі топтық су құбырына 8 ауылды
қосу (1,1 млрд. теңге) жұмыстары мен Жаңақорған ауданындағы Талап топтық су
құбырының құрылысы (1,2 млрд. теңге) жүргізілуде;
50 шақырым су құбыры жүйесіне 961
дана су есептегіш құралдары орнатылып, 
қайта жаңғыртылды;
Шиелі ауданындағы Жөлек, Алмалы,
Тәжібаев елді мекендерінің ішкі  қоныстық
су құбырлары жүйесін қайта жаңғырту аяқталды.
2014 жылы Арал ауданының Сексеуіл,
Қазалы ауда­нының Байқожа, Қармақшы ауданының Ақай, Тұр­мағамбет, Жосалы,
Жалағаш ауданының Бұқарбай, Ақсу, Сырдария ауданының Аманкелді, Ақжарма,
Мәлібаев, Бесарық, Жаңақорған ауданының Түгіскен, Қызылорда қаласының Абай,
Айнакөл, Ақжарма және Махамбетов елді мекендерінің су құбырлары жүйелеріне
қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Газбен жабдықтау
2014 жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент”
магистралды газ құбырының құрылысы аяқталып, облысты газдандыру бойынша кең
ауқымдағы жұмыстар басталды.
Осы мақсатта облыстық бюджет қаржысы
есебінен 9 техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) мен 18 жобалау-сметалық
құжаттар (ЖСҚ) дайындалды, Жосалы және Сексеуіл кенттеріндегі
автоматтандырылған газ таратушы станциялардың (АГТС) ЖСҚ-ын дайындау жұмыстары
жүргізілуде.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент”
магистралды-газ құбыры­нан 5 газ құбырын бөліп жүргізу  құрылысына және Арал, Әйтеке би, Байқоңыр,
Шиелі, Жаңақорған елді мекендерінің АГТС-ын ішкі қоныстық газ тарату жүйесімен
салуды іске асыру мақсатында  23 млрд.
теңге көлемінде инвестиция тарту туралы Қызылорда облы­сының әкімдігі мен
«ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ арасында 
меморандум жасалды.
5 автоматтандырылған газ тарату
станциясын дайындау бойынша жұмыстары қазірдің өзінде жүргізілуде.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау 2015 жылдың наурызына жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2014 жылы Қызылорда
қаласының Қы­зылжарма ауылдық округі мен Тасбөгет кентін газбен қамтамасыз ету
үшін республикалық бюджеттен 1,2 млрд. теңге қаржы алынды. Қазіргі уақытта  құрылыс жұмыс­тары жүргізілуде.
Жылумен жабдықтау
2013-2014 жылғы жылу беру  маусымы штаттық режімде, қалыпты жағдайда  өтті. Қажетті мазут көлемін алу үшін
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорынан 2,5 млрд. теңге алынды.
2014 жылы Қазалы ауданы Әйтеке би
кентіндегі жылу құбырлары жүйесін ұлғайту жұмыстары жүргізілді (1 млрд. теңге).
Энергетика
Аймақтың басты проблемаларының бірі
энергетикалық тәуелділік болып отыр – 
қажетті электр энергиясының 60%-ы облыстан тыс жерлерден жеткізіледі.
Экономиканың және тұрғындардың
қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 
пәрменді  жұмыстар жүргізілуде.
Жылу-электр орталығын кеңейту мен қайта
жаңғырту бойынша жобаларды дайындау басталды, бұл өз кезегінде аймақты өз
электр энергиясымен және тұрақты жылумен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
Энергетика саласының тиімділігін
арттыру үшін «Энергия” консорциумы құрылды.
«Қызылорда электр тарату тораптары
компаниясының” (КРЭК) қаржылық-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар
жүргізілді. 2013 жылдың басына компанияның міндеттер бойынша қарыздары 2,4
млрд. теңгеден, дебиторлық қарызы 1 млрд. теңгеден астам болатын. Осыған байланысты
компанияның жағдайын жақсартуға арнайы Жоспар әзірленді. Оны жүзеге асыру
нәтижесінде компанияның кредиторлық қарызы 3,5 есе (690 млн. теңгеге дейін),
дебиторлық қарызы 85 %-ға (538 млн. теңгеге дейін) кеміді.
Облыстың аудан орталықтарын электрмен
жабдықтау жүйесін дамыту бағдарламасы шеңберінде Жаңақорған, Тасбөгет, Шиелі
және Әйтеке би кенттерінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
2014 жылы барлығы 120,5 шақырым
әуелік желілер, 4 тарату пункті, 33 трансформаторлық қосалқы стансалар салынды.
Арал қаласы мен Әйтеке би кентінде
қосалқы стансаны қайта жаңарту жұмыстары басталды.
Коммуналдық қызмет тұтынушыларының
төлем төлеуі тәртібінің төменділігіне байланысты қызмет көрсетуші
кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы электр
энергиясының тарифі   5,7%-ға, жылумен
жабдықтау 12 %-ға көтерілді.
Көлік инфрақұрылымы
2015 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда
облысы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы
ұзындығы 2245,5 шақырымды құрап отыр, оның ішінде 1226 шақырымы немесе 55%-ы
қара қиыршық тасты, 450 шақырымы немесе 20%-ы қиыршық тасты және 569,5 шақырымы
немесе 25%-ы топырақты жолдар.
Өткен жылы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай”
автома­гистралінің (812 шақырым) қызылордалық бөлігіндегі құрылысы іс жүзінде
аяқталды. 33 жол учаскелерінде сер­вистік инфрақұрылымды құру бойынша жұмыстар
бас­талды.
Облыстық, аудандық маңыздағы  автомобиль жолдары мен елді мекендер
көшелерін қайта жаңғырту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге, Сырдария
өзені арқылы  екі көпірдің құрылысына,
сондай-ақ, жаңа жобалардың жобалау-сметалық құжаттарын дайындауға 2014 жылы
11,6 млрд. теңге бағытталды, бұл 2012 жылға қарағанда      2,5 есеге көп. 262 шақырым жолға күрделі
және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Самара-Шымкент-Тереңөзек” автомобиль
жолының (15 шақырым) Сырдария өзеніне салынған көпір құрылысы аяқталып, нысан
пайдалануға берілді. Бұл Сырдария ауданының 9 елді мекенінің аудан орталығымен
және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автомобиль магистралімен көлік қатынасын
қамтамасыз етеді.
Қызылорда қаласында Сырдария өзені
арқылы өтетін көпірдің  құрылысы
басталды.
Облыстық маңыздағы автомобиль
жолдарының «Жалағаш-Жосалы” 46-74 учаскесінде (27 шақырым) және
«Самара-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе” 76-81 учаскесінде  күрделі жөндеу жүргізілді.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдар­ламасы аясында
елді мекендердің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі жалпы
ұзындығы 8,8 шақырым болатын 14 көшеге;
Шиелі ауданындағы 7 елді мекеннің
жалпы ұзындығы 30  шақырым болатын
көшелеріне;
Жаңақорған ауданының аудандық
маңыздағы ұзындығы 6 шақырым автомобиль жолына, Түгіскен елді мекенінің 6
көшесіне, жалпы ұзындығы 9 шақырым.
Жолаушыларды тасымалдау дамуда. Қызылорда облысы
бойынша 212 елді мекендер мен кенттерді, ауылдарды облыс және аудан орталығымен
жалғайтын 215 автобус маршруты жұмыс істейді, олардың 71-і ауданаралық, 106-сы
ауданішілік және кентішілік, 25-і қалалық. Сондай-ақ, 9 қала маңы мен саяжайлық
маршруттар және 4 облысаралық – облыс орталығынан Астана, Алматы, Түркістан,
Шымкент қалаларына қатынайтын маршруттар жұмыс істейді.
Өткен жылы ауданаралық маршруттағы
тасымал­даушылардың өз қаржылары есебінен 40 бірліктен астам автокөлік
құралдары жаңартылды, бұл жалпы көлемнің (283 бірлік) 14%-ын құрайды.
Жыл ішінде 258 млн. жолаушы
тасымалданды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға көп. Жолаушы  айналымының көлемі 11,9%-ға өсті.
Тәжірибе ретінде 2 тұрақты
облысаралық және аудан­аралық бағыттардағы 13 рейстік автобустарға диспетчерлік
навигациялық GPS/ГЛОНАСС жүйесі орнатылды. Бұл құрылғы тасымалдаушы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз