Қызылорда облысының әкімі Сыр өңірі тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтады

66

0

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢҚҰТТЫҚТАУЫ

Қызылорда облысының әкімі Сыр өңірі тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтадыҚұрметті жерлестер!

Баршаңызды жақындап қалған,
жаңа – 2016 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қай халықтың да
зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі.

Жаңа жыл – өткенді
саралайтын, келешекке бағдар жасап, ертеңге батыл жоспарлар құрылып, үлкен
міндеттер жүктелетін уақыт.

Өткен 2015 жыл сырттан
келген дағдарыстың салдарына қарамастан, Сыр елі үшін жетістіктері мол, табысы
зор жыл болды.

Біріншіден, кәсіпорындардағы
қызметкерлердің жаппай қысқаруына жол бермедік, жалпы саны 11 мыңнан аса жаңа
жұмыс орнын құрдық. Халқымызды еңбекпен, яғни тұрақты табыспен қамтамасыз ету –
біз үшін ең маңызды міндет болып қала береді.

Екіншіден, халқымыздың
әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететін бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар
қарқынды түрде іске аса бастады:

Облысты газдандыру жобасының
аясында Арал, Әйтеке би, Байқоңыр, Шиелі және Жаңақорған елді мекендеріне
көгілдір отын жетті;

Қызылорда қаласы жер астынан
шығатын таза ауыз суға көшті;

Өңірдегі құрылыс бұрын-соңды
болмаған қарқынмен дамуда. Облыстағы құрылыс көлемі 3 жарым есе, ал Қызылорда
қаласындағы құрылыс көлемі 8 есе өсті. Соның арқасында тек облыс орталығында
бүгін 2 жарым мыңға тарта отбасы Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады.

Өңдеу өнеркәсібі 4 жарым есе
өсті, ауыл шаруашылығының барлық саласында өсу байқалады, кәсіпкерлік дамуда,
әлеуметтік салада, әсіресе білім беруде жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Мәдени
мұраға тиісті қамқорлық жасалуда.

Тізе берсек, осындай
жетістіктеріміз көп-ақ. Сыр елінің бұл табыстарында әрқайсыңыздың жеке
үлестеріңіз бар. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, баршаңызға жасаған
жасампаз еңбектеріңіз бен елге деген жанашыр ниеттеріңіз үшін ризашылық
білдіреміз.

Дүниенің түкпір-түкпірінде
дінаралық тартыс, азаматтық соғыс, саяси дүрбелең күшейіп, ғаламдық экономика
әлсіреген қазіргідей уақытта біздің өзара бірлігіміз артуы ерекше қажет. Ысыраптан
аулақ болып, ынтымақты еңбекке ден қоюымыз керек. Халқымыздың отаншылдығы,
бір-біріне деген мейірімі, үлкеннің кішіге деген қамқорлығы, әлсізге деген
жанашырлықтың танылатын кезеңі келді.

Ардақты ағайын!

Жаңа жылда Сіздерге игілік
пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін!

Тәуелсіз Қазақстанымыздың
тұғыры қашан да берік, туы биік болсын! Киелі Сыр елінің құты мен ырзығы арта
бергей!

Жаңа жыл құтты болсын,
құрметті жерлестер!

 

Құрметпен,

Қызылорда
облысының әкімі Қ.Көшербаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз