ҚЫЗЫЛОРДАДА АРДАГЕРЛЕР МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

171

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА АРДАГЕРЛЕР МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ6 мамыр күні Қызылордада А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл және Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев майданнан оралмаған арыстарымыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алуға шақырып, ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, оларға ізгі тілектерін жолдады.
– Кешегі майдангерлерімізге, бүгінгі әскеріміздің айбынын асқақтатар сардарларымыз бен сарбаздарымызға  қандай құрмет көрсетсек те жарасады.Қай заманда болмасын ата-бабамыз от пен оққа оранып, жанын қиса да, арын сатпаған, бір сүйем жерін жау қолына ұстатпаған. Ұлы Отан соғысында қаншама қазақстандық сол кездегі ортақ Отан үшін деп опат болды, қаншасы майданнан жараланып келді. Сондықтан да бұл жеңіс – біз үшін аса қымбат!  Мемлекет Басшысы, Жоғарғы  Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кез келген елдің егемендігі эко¬номикалық және саяси ғана емес, сонымен бірге, әскери әлеуетпен қамтамасыз етілгенде ғана нағыз тәуелсіздікке айналатынын әрдайым айтып келеді,- деді облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде. 
Шара соңы  соғыс жылдарындағы әндерге арналған  концерттік бағдарламаға ұласты. 
***
Осы күні Қырымбек Көшербаев Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдірауық Сатыбалдиевтың шаңырағына құттықтап барды. Қазан айында Әбдірауық ақсақал 92 жасқа толады. 1942 жылы ол Кеңес Әскері қатарына шақырылып, сержант шенін алады. Содан соң 361 дивизия құрамында Ленинградты азат етуге қатысты. 1945 жылы ол Жапонияда соғысқа қатысып, Хайлар қаласынан жеңіспен оралды. 
Облыс әкімі ардагерді мерекесімен құттықтады, зор денсаулық тілеп,  арнайы сыйлық тапсырды. 
Мамыр айының алғашқы жартысында Қызылорда облысында кезекті Жеңіс күніне арналған көптеген іс-шаралар өткізіледі: кітап көрмелері, интеллектуалдық ойындар, Қарттар үйінде соғыс туралы фильмдер, ардагерлермен кездесу және т.б. 9 мамыр күні «Тағзым» алаңында әскери шеру өтеді. 
ҚЫЗЫЛОРДАДА АРДАГЕРЛЕР МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ҚЫЗЫЛОРДАДА АРДАГЕРЛЕР МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ҚЫЗЫЛОРДАДА АРДАГЕРЛЕР МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ҚЫЗЫЛОРДАДА АРДАГЕРЛЕР МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз