ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛУДЕ

85

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛУДЕ1 мамырда Қызылордада  Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Достық үйінің алдында «Болашағы біртұтас ұлт-Қазақстан» атты форум өтті. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақ тұрғындарын мерекемен құттықтады.
– Елбасының сарабдал саясатының арқасында Қазақстан дос¬тық пен бірліктің мекеніне айналып қана қоймай, әлемге ырыс пен ынтымақтың ұлағатты үлгісін таныта алдық. Кешегі Сталиндік қуғын-сүргін кезінде Қиыр Шығыстан кәрістер, Еділ бойынан немістер, Солтүстік Кавказдан қарашай-балқарлар, шешен-ингуштар, қырым татарлары мен месхет-түріктер жеті жұртқа мекен болған Сыр өңірін паналады.  Қазақ халқы оларды жатсынбай, дархан көңілін білдіріп, құшағын айқара ашты. Сыр елі оларға туған үйі бола білді. Қиындық атаулыны жеңетін бір ғана күш бар, ол – бірлік,- деді облыс әкімі.
Осы күні қалада жалпыхалықтық серуен, орталық алаңда ұлттық спорт түрінен сайыстар, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Қазақстан – достық мекені» тақырыбында кітап көрмесі және облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан халқының шай ішу дәстүрі» атты көрме ұйымдастырылды. «Сыр ана» монументінен «Тағзым» алаңына дейінгі аралықта  облыс жастарының «Менің елім»  мотожарысы, қалалық мәдениет және демалыс саябағында ашылу маусымы және облыстық филармонияның «Сыр самалы» вокалды-аспаптық ансамблінің «Достық әні» концерті өтті.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз