ҚЫЗЫЛОРДАДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

68

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІҚазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын облыс тұрғындарына түсіндіру мақсатында 2017 жылғы 14 сәуірде облыстық идеологиялық актив отырысы өткізілді.
Актив жиыны облыс әкімінің міндетін атқарушы Қ. Ысқақовтың төрағалығымен және ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Н. Тілешовтың қатысуымен өтті. Жиын барысында сөз алған ҚР Журналистер одағының мүшесі Ш. Әбдікәрімов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Н. Мыңжасов, Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б. Бердаулетов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры А. Абасилов, «Қоғамдық келісім» орталығының басшысы У. Ибраев Елбасы мақаласының маңызы мен Қазақстанның ғылым-білім, тарих, әдебиет, әлеуметтік және тағы да басқа салалардың дамуына оң ықпалы  туралы баяндады.
Сондай-ақ, отырыс барысында мақалада көрсетілген «Ұлттық сана», «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Мәдени-географиялық белдеу», «100 жаңа есім» және өзге де мәселелер кең көлемде талқыланып, қатысушылар тарапынан қолдауға ие болды.
Айта кететіні, жиынға Қызылорда қаласы мен аудан активтерінің мүшелері, аумақтық және жергілікті департамент, басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қызметкерлері мен белсенді мүшелері, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының басшылары мен орынбасарлары, БАҚ, ҮЕҰ және саяси партия өкілдері, этномәдени бірлестік жетекшілері, «Қоғамдық келісім» орталығы қызметкерлері мен бірқатар жастар ұйымдары қатысты.
Жиын қорытындысымен Елбасы мақаласын облыс тұрғындарына түсіндіру бойынша жауапты органдарға бірқатар тапсырмалар берілді.
 
ҚЫЗЫЛОРДАДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҚЫЗЫЛОРДАДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҚЫЗЫЛОРДАДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҚЫЗЫЛОРДАДА ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз