ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАНҒАНДАР АНТ БЕРДІ

90

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАНҒАНДАР АНТ БЕРДІКеше Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты шара болып өтті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
– Мемлекет басшысы да өзінің халыққа және қоғамға тынбай қызмет етуімен, Қазақстан мен қазақстандықтардың игілігі үшін жасап жатқан өлшеусіз еңбегімен бізге жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетіп отыр. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – туған Отаны мен халқына адал қызмет етуімен бағаланады. Мемлекеттік қызметші ел сенімінен шыға білсе, одан жоғары мәртебе, одан артық бақыт жоқ деп есептеймін, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызметке жақында қабылданған облыс әкімдігінің қызметкерлері салтанатты түрде ант қабылдады. Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың мамандары мен сала ардагерлері марапатталды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру мақсатында өткен журналистер арасындағы шығармашылық байқаудың және мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасының жеңімпаздары марапатталды. ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАНҒАНДАР АНТ БЕРДІ
ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАНҒАНДАР АНТ БЕРДІҚЫЗЫЛОРДАДА МЕМҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАНҒАНДАР АНТ БЕРДІ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз