Қызылордалық жолаушылар смартфон арқылы кітап оқи алады

72

0

Қызылордада теміржол вокзалы мен авто бекетке «Жолаушы, жолға кітап ал!» макеттері орналастырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Жас Отан» ЖҚ қалалық филиалының басшысы Талғат Тілестің сөзіне қарағанда, қазіргі таңда технология қарқынды дамып, ұялы байланыс пен ғаламтор өмірімізден елеулі орын алды. Әсіресе, кітап оқуға деген ынта азайғанын байқауға болады. Сол себепті осындай шаралар қолға алынуда екен. «Смарт аялдамалар» жобасы жүзеге асырылуда.
– Алдағы уақытта «ақылды қала» жобасы шеңберінде ұялы телефондарды аялдамаларда қуаттандыруға да мүмкіндік туады деп күтілуде. Қала жұртшылығы бұл жаңашылдықты құп көреді. Бұған дейін 15 аялдамаға белгілі ақын-жазушылардың шығармалары электронды нұсқада қойылған болатын. Жоба жолаушы қауымның рухани байлығын молайтып, сапарларының мазмұнды өтуіне мүмкіндік береді деп сенеміз, – деді Талғат Тілес.
Бұдан былай әрбір жолаушы өзі қалаған кітапты «кью-ар» коды арқылы смартфонына жүктей алады. Жоба аясында қалың бұқараға қазақ классиктері шығармаларынан бөлек, әлемдік әдебиет туындылары ұсынылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз