Қызылжарма жерасты су кеніші қаланы таза сумен қамтамасыз етеді

49

0

Қызылжарма жерасты су кеніші қаланы таза сумен қамтамасыз етедіКеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қала­ның бірқатар нысандарын аралап, «Нұрлы жол» бағ­дарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жылу жүйелерін қайта жаңғырту және ауыз сумен қам­тамасыз ету мақсатындағы жұмыстармен таныс­ты.

 

Аймақ басшысы алдымен Қорқыт ата көшесіне аялдады. 5шақырымға созылған көшенің жылу құбыры қайта жаңғыртылуда. Жалпы құны 382 млн теңгені құрайтын жұмысты «Механизатор» ЖШС атқаруда.Жаңғырту жұмысы осыдан он жыл бұрын жүргізілген. Мердігер компания аталған жұмыстың сапалы атқарылып жатқандығын алға тарта отырып, жиырма жылға кепілдік беруде. Жұмыс жылу маусымына дейін толықтай аяқталады деп күтілуде.

Жалпы аталған бағдарлама бойынша жылу құбырларын жаңғыртуға 3 млрд 32 млн теңге қаралса, ауызсу жүйесін жаңғырту бойынша 3,617 млн теңге бөлінген. Ауызсуға бөлінген қаржыға жыл көлемінде 22 шақырым жаңадан су жүйесін тарту көзделсе, 22 жаңа скважина орнату жоспарлануда және бес су тоғанын салу белгіленген. Осы жұмыстар атқарылса, мамандар қаланың жүз пайызға таза ауызсумен қамтамасыз етілетінін айтады.

Осы орайда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаланы ауызсумен қамтамасыз етуде жаңаша әдістің қолға алынып жатқанын айта келе, оның тұрғындар үшін маңыздылығына тоқталды.

– Қызылжарма жерасты су қоймасы сапалы, таза су. Судың аржағында
халықтың денсаулығы жатыр. Жыл аяғына дейін 57 су ұңғымасы іске қосылады деп
күтілуде. «Мелиоратор» компаниясы біздің тапсырмамызбен осы жұмысты бітіріп
береді деп отырмыз. Солтүстік аудандар да, сондай-ақ Жаңақорған, Қармақшы
аудандары да жерасты суын пайдаланады. Қызылорда суды Қызылжармадан алады.
Сонда біздің облыс түгелдей жерасты суын қолдануға көшеді деген сөз. Сондықтан
үлкен әлеуметтік мәселе өз шешімін тапқалы тұр деп айта аламыз,– деді облыс
әкімі.

Мұнан соң облыс әкімі №187 орта мектепте болып, білім ордасының алдына
Мұстафа Шоқай ескерткішін орнату жобасымен танысты.

Сонымен бірге аймақ басшысы
С.Торайғыров көшесін қайта жаңғырту жұмыстарын назарына алды. Аталған
көшенің ұзындығы 4,8 шақырымға созылған. Жалпы құны 1,142 млн теңгені құрайтын жұмысты
«УАД» ЖШС атқаруда. Бүгінде жұмыстың 60 пайызы орындалды.

 

Айнұр БАТТАЛОВА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз