Заман талабы осындай

61

0

Заман талабы осындайҚазір бүкіл әлем түрленіп жатыр. Қазақстан да өзгеруде. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы Тәуелсіздігін жариялаған еліміз бен қазіргі Қазақ елін салыстыруға келмейді. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында мықты президенттік билік қалыптасты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы елең-алаң кезеңде билікті бір қолда ұстау керек те болды. Мұны уақыттың өзі талап еткен. Қазір бәрі өзгерді ғой. Еліміздің саяси басқару жүйесі демократиялық бағытта дамып келеді. Қоғамдық ұйымдар, оның ішінде әсіресе, үкіметтік емес ұйымдардың рөлі жоғарылап, белсенділігі күшейе түсті. Осының өзі демократиялық қоғамның сипаттарын көрсетеді.
Елбасының өкілеттіліктері мен құзыреттілігі де көп болды. Енді солардың бір парасы Үкімет пен Парламентке ауысады. Атқарушы билік те осы 25 жыл ішінде ауыр жауапкершілікті алуға пісіп-жетілді. Елді басқару жүйесін жаңғырту керек, оны Елбасы бұрыннан айтып келеді. Енді сол қадамдар нақты қолға алына бастады. Менің ойымша, жергілікті әкімдіктерге де өкілеттіліктер берілмек. Заң шығарушы органдарды сайлайтын еліміздің әр азаматының да жауапкершілігі артады. Елбасымыз – өте дана, парасатты саясаткер. Үндеуде Президент мемлекеттік басқару жүйесінде Парламенттің және Үкіметтің рөлінің пәрменді түрде күшейетінін де айрықша айтты. «Мемлекеттің басқару жүйесін жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып, осындай байлам жасадым» деді Президентіміз.
Менің ойымша, ел үшін, жер үшін бүкіл жауапкершілік бір ғана Елбасының мойнына артылып келді, ал болашақ үшін биліктің барлық тармақтары да, барлық қоғам да жауапты болуы тиіс. 
Асқар МАХАМБЕТОВ, 
Кәсіпкерлер палатасы
Өңірлік кеңесі төрағасы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз