ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ

62

0

ЗАМАНАУИ  ЗАУЫТУран энергия ресурсына қажет үшін бағалы металл саналады. Сондықтан әлемдік қордың үштен бірі бар Қазақстан үшін уран өндірісін дамыту пайдалы, сондай-ақ үлкен сұранысқа ие. Мұндай мүмкіндікті игеруде жаңа технологияны қолдану жетістігін көрсетті және күткендегідей жүзеге асып келеді.
Бұл жерде уран өндіруде күкірт қышқылының маңызы зор десек болады. Әсіресе, ұңғылап шаймалау тәсілі бойынша реагенттік шығынын үлкен көлемде қажет ететін уранға күкірт қышқылының қажеттілігі әуелден белгілі. Бұрындары Қазақстан шет елдерден тасымалдауға мәжбүр болды. Өйткені, елімізде күкірт қышқылын өндіретін зауыт болған жоқ. Біреуге тәуелділіктен арылу мақсатында күкірт қышқылы зауытын өз елімізде салу жөнінде шешім қабылданып, оған Жаңақорған ауданы аумағы таңдалды. Себебі, осы ауданның көлемінде уран өндірумен айналысатын «Байкен–U» және «Қызылқұм» ЖШС орналасқан еді. Жобаны жүзеге асырушы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ АҚ 2009 жылы шетелдік инвесторлардың көмегімен күкірт қышқылы зауытын салуды қолға алды. Бұған Жапония, Италияның жетекші компаниялары атсалысты. Ал, энергокешен құрылысы Қазақстан-Ресей біріккен кәсіпорны – «Союзкомплект» ЖШС-ға жүктелді. Жоба бойынша жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын және 18,5 мгВт/сағат электр қуатын өндіруі тиіс болатын. Осылайша араға екі жыл салып заманауи зауыт іске қосылды. Мұндай мақсаты жоғары зауыт ТМД және батыс Еуропа аумағында ірі жоба саналды.
Еліміздің Үдемелі индустрия¬лық-инновациялдық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгі¬зіл¬ген жоба республикалық Индус¬трияландыру картасына кірді. 
Күкірт қышқылын өндіруге отан¬дық шикізат – «Теңіз шевройл» ЖШС қамтамасыз ететін техникалық күкірт кесегі пайдаланылады. Бұл өз кезегінде еліміздің батыс аймағының экологиялық проблемасын шешуге оң ықпалын тигізіп отыр. Осы орайда «СКЗ-U» күкірт қышқылы зауыты» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Мәдіхан Бекжановтың айтуынша, шикізат сапасының технологиялық талаптарға сай келуі қоршаған ортаға келетін әсердің азаюына үлкен себеп болып отыр. Өйткені әлемдік стандарттарға сәйкес келетін технология  СТ ИСО 9001-2004 халықаралық сапа менеджментінің, СТ РК ИСО 14001-2006 экологиялық менеджментінің желілері бойынша сертификатталған. 
Өткен жылдың сәуір айында зауытқа жұмысқа тарту мақсатында жергілікті кадрлар дайындау және жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту орталығымен меморандум жасалды. Және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 20 маманды тәжірибеден өткізді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде зауытта 270 адам жұмыс жасаса, оның 157-сі аймақтың азаматы. 
Зауыт жыл сайынғы өндірістік қуаты артқан сайын  әлеуметтік мәселелерді шешуге жиі араласатын деңгейге көтерілді. Жыл сайын 1,5 миллион теңге көлемінде қаражат бөліп, соғыс ардагерлеріне, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға, қайырымдылық акцияларына көмек беріп отырады. Ең бастысының бірі – зауытпен жапсарлас орналасқан Кейден ауылдық округінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су жинағыш ұңғымасы бұрғыланды. Сол секілді аяқ сумен ауылды қамтамасыз етуге қажетті электр қуатының ақысы да зауыт есебінен төленіп келеді. 
Зауыттың бүгінгі тынысы туралы облыс басшысы, Парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдар келіп танысып, қоршаған ортаға зауыттың әсері туралы терең бақыланып отырады. Сол үшін зауытта арнайы зертхана жұмыс жасайды. Бұл зертхананың тағы бір мүмкіндігі –  аумағындағы Айкөл, кәріздік қалдық сулар, мұржадан шыққан газ жағдайы тексеріліп отырады. Мұның қорытындысы ақпарат көздерінде жарияланып отыр. 
Жалпы, күкірт қышқылын өндіру барысына келсек, заманауи зауыт жобада белгіленген 500 мың тонна күкірт қышқылын өткен жылдың 17 желтоқсанында толығымен орындады. Сонымен қатар электр энергиясы бойынша 112056,9 МВт өндірді. Бұл зауыттың тиісті деңгейде жұмыс ырғағына көшкен көрсеткіші еді. 
Қаныбек ӘБДУОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз