IЗГІЛІК МЕРЕКЕСІ

35

0

IЗГІЛІК МЕРЕКЕСІІ7-қаңтар христиан әлемінің басты мерекесі – Рождество. Дүниежүзінің 145 мемлекетінде тойланатын православтар мен католиктердің діни мейрамы елімізде айрықша мәнге ие. Тарихы сонау екі мың жыл бұрын Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен бастау алатын бұл күнді барша христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларда дұға оқумен өткізіп, мерекені  барынша салтанатты түрде тойлайды. Сондай-ақ, бір-бірін құттықтап, жылы сөздерін, игі тілектерін арнайды. Жиырма ғасыр бойы тойланып келе жатқан айтулы мейрамды Сыр еліндегі Қазан-Құдай ана икон шіркеуі де ерекше атап өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев қатысып, шіркеуге жиналған көпшілікке аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтауын жеткізді.

«Құрметті отандастар! Сіздерді православие мерекесі – Рождество күнімен құттықтаймын. Бұл мереке тәуелсіз елімізді мекендеген көптеген этностардың арасындағы достықтың, татулықтың айқын көрінісі. Елбасы Н.Назарбаев «ислам және христиан діні Қазақстанның қос қанаты секілді» деген болатын. Расында да, ислам мен христиан еліміздің негізгі діндерінің бірі болып табылады. Сондықтан да ізгілік пен қайырымдылыққа үндейтін бұл күн Қазақстанның айтулы мейрамдарының қатарына қосылып, барлығымызға ортақ мереке болып саналуда. Олай болса, осындай қастерлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін»,-делінген құттықтауда. 
Мұнан соң шіркеу настоятелі Виталий әкей де өз құттықтауын білдірді. Осылайша, салатанаттың шырақтары жағылып, рождестволық халық әндері – колядки айтылды.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз