
– Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан басталған мемлекеттің өркендеуі жолындағы игі істер елдің Тұңғыш Президентінің есімімен тікелей байланысты, – деді аймақ басшысы. – Бүгінде еліміз Елбасының салиқалы саясаты арқасында экономикасы мен қорғаныс қабілеті кемелденген, дамудың даңғыл жолын ұстанған қуатты мемлекетке айналды.

Қала жұртшылығының тұрғын үйге деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қомақты қаржыға барлығы 63,3 мың шаршы метрді құрайтын 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 14 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 466 отбасы жаңа пәтерге ие болады.
Бүгінгі берілген 24 пәтерлік тұрғын үй құрылысын Расул Ысқақов жетекшілік ететін «Авангард» ЖШС жүргізген. Олар үй құрылысын жыл көлемінде бітіргендерін, мұнда тұрғындарға барлық жағдай жасалғанын және мүгедек жандардың арбамен көтерілуге мүмкіндігі бар екендігін атап өтті.
Аймақ басшысы қолынан пәтер кілтін алған жаңа қоныс иелері атынан ҰОС ардагерлері Бұғыбай Нәрікбаев, Ибрагим Өмірзақов, Жұбатхан Жанұзақов жүрекжарды алғыстарын жеткізіп, өздеріне қамқорлық жасаған жандарға, пәтер иелеріне ақ баталарын берді.
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!