ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ

73

0

ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕДІ«Нұр Отан» партиясы
Төрағасының келісімімен, партияның қаулысына сәйкес «Нұр Отан» партиясының
хатшысы болып 2013 жылдың наурыз айынан Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
қызметін атқарып келген Наталья Николаевна Годунова тағайындалды.

Кеше облыс әкімі Қырымбек
Көшербаев Наталья Годунованы облыс активінде қабылдап, жаңа қызметімен
құттықтады.

– Наталья Николаевна өңірде
үш жылдай уақыт бойы ең маңызды салалардың бірі – әлеуметтік-экономикалық
мәселелерге жетекшілік етті. Облыс әкімінің орынбасары ретінде аймақтың дамуына
қосқан үлесі зор. Оның бастамасымен өңірдің 2020 жылға дейінгі даму жоспары
әзірленіп, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытындағы жұмыстарды жолға қоюда
үлкен еңбек жасады. Ірі қаржы институттарымен белсенді жұмыс жүргізді. Наталья
Николевна – өз ісінің нағыз маманы, білімді және оның интеллектуалдық
потенциалы зор, адами қасиеттері жоғары. Сондықтан, Сыр өңірінің дамуына қосқан
үлесі үшін алғысымызды айтып, жаңа қызметіне сәттілік тілейміз, – деді облыс
әкімі.

Өз кезегінде Наталья Годунова
Сыр бойында кәсіби әрі адами тұрғыда мол тәжірибе жинағанын айтып, көрсетілген
құрметке алғысын білдірді.

Аймағымыздың
әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін аймақ басшысы Наталья
Годунованы Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Анықтама үшін:

Годунова Наталья Николаевна
1972 жылы 24 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Батыс Қазақстан
ауыл шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ресей Федерациясы Үкіметі
жанындағы диссертациялық кеңестің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы шешімімен
«экономика ғылымдарының кандидаты» ғылыми атағы берілген. 10-ға жуық ғылыми
жұмыстар мен жарияланымдардың авторы.

1993-1996 жж. – Орал
қаласындағы «Орал» Агропромбанкінің» экономисті;

1997-1998 жж. – Батыс
Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жетекші
маманы, басшы орынбасары, басшысы;

1998-2004 жж. – Батыс
Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы, экономикалық реформалар
бөлімінің меңгерушісі;

2004-2005 жж. – Батыс
Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің
директоры;

2005-2006 жж. – Қазақстан
Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда Өкілдігінің кеңесші-экономисті;

2006-2009 жж. – Маңғыстау
облысы әкімінің кеңесшісі;

2009-2012 жж. – Қазақстан
Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда Өкілдігінің консультанты, басшы
орынбасары, басшының міндетін атқарушы;

2012-2013 жж. – Қазақстан
Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі;

2013 жылдың наурыз айында
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне
10 жыл» мерейтойының медалімен және Қазақстан Республикасының Құрмет
грамотасымен марапатталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз