ЖАПОНИЯЛЫҚ МЕЙМАНДАР ЭТНОАУЫЛМЕН ТАНЫСТЫ

65

0

 

Бүгін Қазақстан және Жапония Парламенттері достық лигасының өкілдері Қорқыт ата мемориалдық кешеніндегі этноауылда болды. Аталмыш лига төрағасы Такео Кавамура бастаған делегация өкілдері қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр еліндегі салт-дәстүр мен ұлттық қолөнердің дәріптелуіне тәнті болды. Күншығыс елінен келген қонақтар қаз-қатар тігілген шеберлер үйін аралап, қолөнершілермен тілдесті. Шеберлік сабақтарына куә болды.
Ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татты. Сондай-ақ, қазақтың төл ойындарын тамашалады. 
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында осыдан он бес күн бұрын ашылған этноауылды 1200 турист тамашалап үлгерген. Бұл туралы бүгін ЭКСПО-2017 ресурстық орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов мәлімдеді.
Жалпы, этноауылда 7 киіз үй бар. Оның әрқайсысында түрлі қолөнер бұйымдары қойылған. Атап айтқанда, киізден, былғарыдан, саздан, иірілген жіптен, ағаштан жасалған бұйымдар мен кілем мен зергерлік өнімдер қойылған. Бұл үйлерде келішулер үшін тегін шеберлік сабақтары өтеді.
Ауылда 11 қолөнерші жұмыс істеуде. Олардың барлығымен келісім-шарт жасалған, жалақы мәселесі шешілген. Сондай-ақ, мұнда 12 қызметкер еңбек етеді. Барлығы жатын орнымен және үш мезгіл тамақпен қамтылған. 
Тұсмағамбетовтің айтуынша, этноауыл ұйымдастырушылары еліміздегі туристік компаниялармен тығыз жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде бүгінге дейін этноауылға еліміздің бірқатар аймақтарымен қатар Германия, Ирландия, Румыния, Франция, Голландия, Жапония, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 1200 турист келген.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз